ەل-ارنا قولفون نۇسقاسىنا ەنۋ Еларна қолфон нұсқасына ену


ەل-ارنا قولفون نۇسقاسى | "قولفون نۇسقاسىن ءتۇسىرۋ (Android)

Кірілше
جۇكتەۋ-البومىم-البومدار-جەلى
وسى توردى ساقتايمىن! | وسى توردى باس بەت ەتەمىن!

ءبىزدىڭ بايلانىس: elarna2012@gmail.com



تىركەلىڭىزدەر كىتاپحانا قوجالار تورابى البومدار قازاقتىڭ 1001 ەرتەگىسى

ءتۇرى: ەل-ارنا گازەتى | وسى ارادان ەلارنا گازەتىنىڭ بارلىق ماقالالارىن كورۋگە بولادى..

مەندە ال-ارناعا جازبا-ماقالا جازامىن، وندا وسى ارانى باسىڭىز!

جولدانعان ۋاقىتى: 15:16 - 2013/06/11

ماقالا جولداۋشى: elsana
ماقالا اپتورى: Бейсен Ахметұлы
اپتوردىڭ مەكەن-جايى: Astana
وسى ماقالانىڭ كىرىلشە نۇسقاسى، وسى ارانى باسىڭىز

Осы мақаланың кірілше нұсқасы, осы араны басыңыз


Европа елдері мен АҚШ-тың түркиядан айырыла бастау ЦРУ-дің «Үлкен Таяу шығыс жоспарына» қатысы саяси жоспарын өзгертті. Жанталаса іске кіріскен батыс «күрд мәселесі» мен «армян генодцидін» ойлап тауып түркияның шамына тиді. Түрік армиясы АҚШ пен батыстың таяу шығыстағы саясатына қарсы болды. АҚШ армиясының Түркия арқылы Ираққа басып кіруіне кедергілік жасады. АҚШ «Эргенекон» ісі деген сылтаумен Ердоған арқылы түрік армиясының жүздеген генаралдарын түрмеге жауып, өш алуда.

Негізі «Эргенекон» бүкіл түркі халықтарына ортақ мақтан тұтатын батырлық эпосының аты. Бұл эпоста түрік халқының қайтадан гүлденіп, күшті ел болғаны туралы айтылады. АҚШ түріктерді жек көрінішті ету үшін «эргенекон» деген атты пайдаланды, өзін АҚШ-тың «Үлкен Таяу шығыс жоспарының» екінші жетекшісі ретінде жарялаған Ердоған жүздеген әскерилерді түрмеге жапты.

Түркия батыстың қысымына шыдас бере алмады. АҚШ-тың Ираққа басып кіру, арап елдерінде саяси өзгерістерді іске асыруы Түркияның орта шығыстағы рөлін әлсіретіп ғана қоймай мемлекеттік шекарасына қауып төндірді. Амалсыз қалған Түрік саяси билігі НАТО-мен ымыраласты. АҚШ қуыршағы Сауд-арабияға жақындап, батыстың мүддесіне сай әрекет ете бастады. Мысалы, соңғы Сирия мәселесінде АҚШ пен Израйлдің қасынан табылды. Міне бұл саясат Түркияның ұлттық қауыпсіздігіне аса үлкен қауып төндірді.

Біріншіден, әсіре діншіл салафиттер мен діни фанатты саяси негізге алған араб түбегімен жақындасу Түркия халқының бірлігін бөлшектеп, этникалық ажырауды тудырып, КЕМАЛИСТІК идеялогияны құртудың батыс жоспарлаған жобасы болатын. Бұл жерде бір айта кетерлігі Ататүріктің «атейістік бағыт» ұстауы туралы айтылып жатқан айыптаулар – батыстың зымиян саясатының жемісі.

Шынын айтқанда әсіре діншілдік пен діни фанаттық мұсұлман елдерінің шаңырағын ортаға түсіретінін Ататүрік ерте білген. Бұл қасиетті құранда: «әсіре діншіл болмаңдар» -деген Алланың пәрменімен ескертілгенін еске түсіреді. Әсіре діни жол шын мәнінде халықты улайтын апиын. Міне осы саясатты батыс ұтымды пайдаланып, арабтардың шаңырағын шағып, түріктердің аяғына қан түсіруде.

Ататүріктің жолын ұстаған түрік патриоттары мен әсіре діншілдер арасында азаматтық соғыс туылса түрік еліне орны толмас өкініш әкелуі мүмкін. Бұл жағдайда өзінің түрік нәсілінен емес діншіл екенін айтқан Ердоғанның кімнің қасынан табылары айтпай –ақ та белгілі.

Екіншіден, Ердоған басшылық еткен Түрік саяси билігінің осы ұстанымы Түркияны евроазиялық бірлікке ұмтылудан алыстатты. Түркішілдік идеясын негіз еткен түрік болашағына кері жұмыс жасады. Геосаяси жақтан ұтымды жол талдай алмады.

Үшіншіден, соңғы 20-30 жылдың ішіндегі түрік экономикасының аса қуатты өсімі – мемлекеттің саяси тұрақтылығына қызмет ете алмады. Негізі осы экономикалық қуатты Ресей мен Қазақстан бастаған Орта Азия елдеріне бағыттап, евроазиялық одақтың жұмысына жұмсағанда батыспен иық тіресіп тұра алар еді.

Былайша айтқанда Европаны экономикалық серіктес ретінде қарап, Евроазияны саяси серіктес еткенде түріктердің бағы жанар ма еді!? Бұл жерде тағы бір айта кетер мәселе экономикалық қуаттың күшті болуы ел ішінде тепе-теңдікті сақтап, мемлекеттің болшағы үшін жұмыс істеуі керек еді. Ал ұлттық болашаққа қажетті саясатты дұрыс жүргізе алмаған елде экономикалық өсім уақыттық жетістік ретінде қаралады.

Төртіншіден, кезінде Мұстафа Кемал Ататүрік: «Түркияның басына күн туып, үкімет, тіпті қарулы күштер мемлекетті қорғай алмаса қан тамырында түрік қаны ағып жатқан түрік жастары мемлекетті қалпына келтіріп, құтқарып қалулары керек» - деген өсиет қалтырған. Діншілдер мен Ататүріктің түрікшілдік өсиетін жақтаушылар үкіметтің керітартпа саясат салдарынан жауласа бастады. Радикал исламистердің жұмысы жанданып, этникалық топтар мен секталар асқына бастады. Міне қазіргі таңдағы жағдай Түркияда енді түрік жастардың басына үлкен жауапкершілік, ауыр міндет түскенін көрсетеді.

Түркия саяси билігі кімнің қолында?

Батыс түрік билігін қолға алудың жоспарын мықтап ойластырған. Күрдтер мен армяндардың, Иран мен араптардың және еврейлердің тарихи Осман түрік имериясынан кек алу мүмкіндігін тудырды. Оларды саясаттың құралына айналдырған.

Біріншіден, Ережеп Тайып Ердоған – әкесі жағынан Грузиядағы Румдердің ұрпағы, әйелі Еврей текті Арап. Ал Абдұллах Гүлдің де түрік тектес емес екені туралы да кітаптар жазылды. Осы Ердоған мен Гүлдің тектері туралы жазған кітаптары үшін Ергүн Пойраз жылдар бойы түрмеге тоғытылды. Бір қызығы, Ердоған еврейлердің мүддесі үшін сіңірген үлкен еңбегіне қарымта ретінде еврейлердің ең жоғарғы дәрежелі ордені – «ең жоғарғы дәрежеде қызмет еткені үшін» медалымен марапатталған бірінші түрік елінің басшысы және мұсұлман елдерінің ішінде осы медалға ие болған бірінші шетелдік басшы.

Оған шығыс Түркиядан шыққан діни азғындатқыш атағы бар ұлты белгісіз Петхоллаһ Гүленді қосыңыз. Гүленнің АҚШ-қа не үшін қашып барған сыры да осы жерде белгілі болды. Мысалы АҚШ-тағы Гүленнің сол елде тұруы үшін қажетті рухсат қағазды алуы үшін ондаған ЦРУ-дың жетекшілерінің, еврейлердің ықпалды тұлғаларының , армяндардың сондай –ақ Христан діни жетекшілерінің кепілдік бергенін айтсақ, кімнің мүдесіне үшін қызмет істеп жүргені айтпай-ақ та түсінікті болады.

Осылайша жымысқы саясатты мықты пайдаланған Түркі жаулары демократия деген желеумен билікті иеледі. Әйтпегенде түріктен ел басқаратын ұл тумады дейсіз бе? Тек жетекшілердің бетіндегі діни бетпердені ғана көріп, ішін түсінбеген аңқау халықтың бейкүнә, талғамсыз шешімі елдің бағын байлады. Енді тарихи отарланғандар түріктерден өшін алудың басқышына өтті. Осылайша Кіші Азия түбегіндегі түркі туыстарды құртуға ұмтылуда. Арап ұлтында: «мақсатыңа жету үшін екі жүзді бол» - деген мақал бар. Түрік ұлты боп жасанып кірген жау түрік мемлекетінің көрін қазып жатқан секілді.

Екіншіден, қай ел болмасын діни зомбилау саясаты сол елді құртудың алғы шартына айналды. Түркия да бұдан қағыс қалған жоқ. Либия кері шегінді, египет пирамидаларын саудаға шығарды, сауд-арабия вахабистердің отанына айналды, Сирияда жауласқан екі жақ бірінің жүрегін бірі тірідей суырып жеген араптарды интернетке таратып жіберді. Міне бұл қандай мұсұлмандық?! Бұл - шыңғырған шындық, топастық, қатыгездік.

Үшіншіден, Иранда күрттер мен әзербайжандар өте көп. Ал Армениямен тарихи жаулық бар. Сирияда, Ирақта курттер қаптап жүр. Израил болса түрікті өз мойнына қадалған шөгір ретінде қарайды. Және батыс түрік елінің қарқынды дамуы мен евроазиялық бағытқа бет бұруынан қорқады.

Түркияның таяу болашақтағы жолы қандай болуы керек?

Жоғарыдағы себептерден қарағанда Осман империясының аманатын арқалаған түрік елін сақтап қалу үшін біріншіден, евроазиялық топқа бет бұрулары керек.

Екіншіден, радикалды исламистердің жолын тосып, Ататүріктің бағытын қалпына келтірген жөн.

Үшіншіден, түрік атын жамылған батыс пен жөйттік қуыршақ биліктен құтылғаны абзал.

Төртіншіден, халықтың идеялогиялық-саяси сапасын көтеріп, ұлы тұраншылдықты жандандырулары керек.

Қазақ –түрік лицейлерін мемлекеттік бақылауға алу керек.

Ал Фетхоллаһ Гүлен түрік лицейлерін ашып, түркі жұртын бөлшектеп тоздырудың орасан идеялогиялық жүйесін жасады да, санасы уланған түріктердің қолымен құлдық сананы енгізді. Бұл жағынан Қазақстан да кенде қалған жоқ, қазақ –түрік лицейлері мен оқу орындары барған сайын қаптады. Заты қазақ, болмысы басқа, рухани құлданған жастар көбейіп келе жатқаны да жасырын емес. ҚТЛ-дің жағдайын олардың жетекшісі АҚШ-қа қашып барып, баспанаға ие болған Гүлен туралы жоғарыда келтірілген мәліметтерден көруге болады.

Жеке адамдардың көзқарасында қазақ-түрік лицейлерінің түлектерінің арасынан жемқорлар, шпиондар шықпағанын желеу етіп, лицейлерді сақтап қалуды қолдап жүргендер көп. Өкініштісі, олар білімді бірақ болмысы қазақ емес. 80-90 пайызы Абай мен Шәкәрімнің орнына Гүленнің сөздерін жатқа айтады. Басым көбі қазақы салт-дәстүр мен болмыстан айырылған.

Екіншіден, басым көпшілігі мінезді емес. Құлтемір сияқты. Оларға бәрі бір. Мысалы қазір Түркияда Ердоған үкіметінің түрікшілдік идеясын жоюдағы ең үлкен көмекшісі Гүленнің жақтастары болып отыр. Тіпті діни сенім жағынан алған тәрбиелеріне де сақтықпен қараған жөн.

Шынымен де саяси надандық қай ұлттың болмасын түбіне жетеді. Қазақтың қаймақтай балаларын 5 сыныптан таңдап алып, тәрбиелеп жатқан ҚТЛ-дар дәл солай ұлтты бөлшектеуге алып бара жатыр. ҚТЛ түлектерімен қанша араласып, олардың басым көпшілігіне ұлт пен ұлыс, ар мен намыс, обал мен сауап, ұлылық пен надандық туралы қазақы танымды сіңіру қиын, себебі олар әлде қашан тәрбие алу кезеңінен өтіп кеткен: ұяда көрген Гүленін жатқа айтып, шауып жүр.

Ал оған ағылшын тілді мектептерді қосыңыз. Осылайша әр жаққа тартып, бөлшектенген, ұлттық намыстан жұрдай болған жастар қалыптасты. Тіпті қауымдастықтарын құрып, саясатпен де араласуда.

Алла: «сақтансаң - сақтаймын» - деген. Ендеше ақылмен ойлап, көкірекпен сезіп, жүрекпен түсінген жөн. Алла сыйлаған тәуелсіздікті қорғау үшін әлемде болып жатқан құбылыстар мен төңкерістерді ақылмен саралап, Алла берген парасат пен пайымға жүгініп, тәжірибе алып, ұрпағымыздың ертеңгі болшағы үшін АТА-БАБАНЫҢ жолынан айырылмай, бірлікте күресейік, ағайын!

Президентіміз Нұрсұлтанның көрегендігі соншалық бүкіл түркі әлемі сыйлайтын Ататүріктің мүсінін Астананың төріне орнатты. Сонымен бірге Түркі бірлігіне қатысты ең маңызды іс-қыймылдардың Астанадан бастау алуына басшылық жасап келеді.

«Ей, Түрік жастары бірінші міндетің – Түріктің тәуелсіздігін, Түрік республикасын мәңгілік сақтау және қорғау... Қажет болған күшің – тамырларыңда, қасиетті қанда жатыр». 20.10.1927ж деп Ататүрік бекер өсеттеді ме?! Бұл - барлық түркі жастарына ортақ өсиет.
كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=145

پىكىرلەر:


جازعان لەبىزىڭىز300 ارىپتەن اسپاسىن!
ادام نەمەسە ۋيروس ەكەندىگىڭىزدى تۇراقتاندىرۋ سۇراعى، كاتەكشەگە 99 دەپ جازىڭىز، راحىمەت!
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz.

ەڭ جاڭا ماقالالار


ىندەتتەن ساقتانۋ - تىزگ 18 مينوت
وتكەن جىلدىڭ سوڭىندا شي 18 مينوت
ليونەل مەسسي جازعى تران 18 مينوت
اقتوبەدە ارمەنيادان اكە 21 مينوت
”زات تانىستىراتىن جۇرگى 1 ساعات
ورتالىق تەلەۆيزياسىنىڭ: 1 ساعات
ءمادريدتىڭ «رەالى» كوما 1 ساعات
رايونىمىز ”1 - ماۋسىم“ 1 ساعات
بيىل جازعى استىقتان مول 1 ساعات
«ۆاسكو دا گاما» فۋتبول 1 ساعات
«بارىستى» ەندى كىم باپت 1 ساعات
تۇركىستانعا ساياحاتتاۋش 2 ساعات
مەملەكەتتىك حالىق قۇرىل 2 ساعات
حالىقارالىق زاڭ ماماندا 2 ساعات
كاميل گادجيەۆ: ابدۋلمان 2 ساعات
پۋتين ءوز وكىلەتىن ارتت 2 ساعات
ۆولونتەرلىك پەن اقشا جي 2 ساعات
دامۋ سىندى وسى ”باس كىل 2 ساعات
ەلىمىزدە كوروناۆيرۋستان 2 ساعات
ەلىمىز ونەركاسىپ ساندى 2 ساعات
سكەيتبوردينگتەن وليمپيا 2 ساعات
بەردىبەك ساپارباەۆ بازا 2 ساعات
ساۋد ارابياسىندا ىشكى ا 2 ساعات
قازاقستانداعى بانكتەر ء 2 ساعات
بلوكبەكەتتە قايتىس بولع 2 ساعات
الماتىدا توي وتكىزۋگە ر 3 ساعات
قازاقستاندا COVID-19 جۇ 3 ساعات
كارانتيندەگى مەرەكە  3 ساعات
جۇڭگونىڭ 5-ايداعى جاساۋ 3 ساعات
قازاقستاندىق حوككەي كلۋ 3 ساعات