كومپيۋتەر نۇسقاسى Компйутер нұсқасы
Қолфон нұсқасын түсіру (Android) | Ассаламу ғалайкұм.
Email:
Құпя:
немесе ел-арнаға мүше болу!

Қолайлы бет | бұгін | кеше | жалпы мәлімет

Еларнаға тіркеліңіздер ...
Қазақтың 1001 ертегісі
СанақКелген (IP)Көрілген (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-171587416432 %68 %
2019-10-181098330835 %65 %
2019-10-19502157639 %61 %

Меніңше, ол таң атады!..


Түрі: Ел-арна газеті

Makala jazam


Жолданған уақыты: 10:10 - 2016/12/08

Мақала жолдаушы: Жұмаш Кенебәй
Мақала апторы: Жұмаш кенебәй
Аптордың мекен-жайі: Алматы

Tote jazu nuskasi
Меніңше, ол таң атады!..

: PDF Download - Жұктеұ - Скачать - ءتۇسىرۋ


08.12.2016 жыл,
Бейсенбі:

Жұмаш Көкбөрі



МЕНІҢШЕ, ОЛ ТАҢ АТАДЫ!..



Қайырлы таң, Қазақ Елі!
Қайырлы таң, бауырлар!
Аман ба екен, қауым бар!
Аман ба екен ауыл бар?..



Сұрамай, қалай шыдайын,
Өзімді солай сынайын...
Ағарып атар әр таңнан
Қазақ жайын сұрайын!



Орта да көңіл толса екен,
Қабаққа шаттық қонса екен?
Ұлтымның тіктер еңсесін,
Бір жақсылық болса екен!



Бояуын ашып қырқаның,
Көктеп те шықсын гүл тамыр!
Тексіздерден бір құтылған,
Ағарып атсын, бір таңым!


Меніңше, ол таң атады!
Қараудың күні батады!
Қазағым бір күн осылай
Бақыттың дәмін татады!



Ұрылар тұтас сорлайды,
Тексіздер тұтас сорлайды!
Осынау Ұлы Даламда,
Әділет заман орнайды!



Тәңірден медет сұрайық!
Ол күнге Ұлтым, ылайық!
Сол күнге халқым, қазірден
Сақадай сай боп тұрайық!..




Жұмаш Көкбөрі,
08.12.2016 жыл.


АҚ ТІЛЕКПЕН КҮН КЕШКЕН...




Оңнан туар айының
Сәтін жырмен берсем деп,
Бұл Қазақтың жайының
Оңалғанын көрсем деп,



Жүрек, неге бұлқындың,
Жылаған кім кемсеңдеп?..
Қуанышын Ұлтымның
Өз көзіммен көрсем деп,


Ұмытылып азап күн,
Мен барымды берсем деп,
Ырысының Қазақтың
Оралғанын көрсем деп,



Астында Ұлтым бір тудың,
Күлімдеген күн болсын!
Ұлы Тойын Ұлтымның
Бірге тойлар күн болсын!



Әр тілекшім, досым бай,
Тек Ұлтыммен жылындым!
Ақ тілекпен осындай,
Өмір кешкен бір ұлмын...




Жұмаш Кенебай,
19.12.2016 жыл.


«Сөйтіп, 65 жасқа келгенде ұлды болдым...»(Көпен Әмірбек)!
немесе
«ЗАМАНЫ БІР ЖАНДАРДЫҢ ДОСТЫҚ ӘЗІЛІ» десе де болғандай...


Qazaquni.kz сайтында жарияланған қуанышты хабардың авторы белгілі сықақшы, менің замандасым Көпен Әмірбектің жас иістен: «Сөйтіп, 65 жасқа келгенде ұлды болдым...»-деп ( ұлының бауы берік болсын айта отырып дегендей...) жалпақ әлемге жар салғандай болғаны, басқаны қайдам, маған бір түрлі сияқты көрінгені рас...


Оның үстіне, «Сексенбай», «Тоқсанбай» деп балаларына ат қойып жүрген біздің арғы ұлы бабаларымыздың қасында біздің Көпен әлі бесіктен белі шықпаған дегендей, «жас жігіт» көрінеді емес пе?


Бір жағынан менің бұл жазғандарымды былайғы тілекшіл қалың жұртшылықтың «заманы бір жандардың достық әзілі» деп те қабылдағандары жөн шығар...


Жұмаш Көкбөрі,
08.12.2016 ыл.


Жұмаш Кенебай



АЙДАЙ АҚИҚАТ!


Жалпы, ақыл-есі дұрыс, ойлау қабілетінде титімдей де кінәрат жоқ кез келген адам – шексіз өзімшіл болып келеді. Ол ең бірінші, «менікі дұрыс» деп санайды, екінші, онысын адамнан жасырғанымен құдайдан жасыра алмайтынын, сол сәтінде-ақ ол жадынан шығарып жібереді. Қандай жанның да көбіне «ақылы» артынан кіріп жатады.
Ал, туған ұлтына, халқына қалтқысыз қызмет ету – тағы да кез келген қатардағы пенденің маңдайына жазыла бермейтіні - айдай ақиқат!..



Жұмаш Кенебай,
08.12.2016 жыл.


КӨЗБОЯУШЫЛЫҚ – ЖАҚСЫ ЕМЕС!..


Көңілдеріне келсе де айтайын, фонограммамен өтірік ән салған болатын барлық әнші атаулыны - өз басым мойындамаймын және олардың бұл қылығын ұлтымызды алдап мазақ ету деп санаймын.

Ондай «өтірік» әншілерге мемлекеттік деңгейде және парламент қабылдаған заң арқылы қатаң тыйым салатын уақыт жетті!

Қазақтың халық композиторларының, кейінгі аса дарынды композиторларымыздың халық сүйетін әрі аса жоғары бағалайтын баға жетпес әндері мен шығармаларын домбырада, басқа да шертпе аспаптарында айтатын әрі орындайтын қазақ әншілерін – нағыз ұлт әншілері қатарына жатқызамын. Бұл әншілерде ешқандай көзбояушылық, жұртты алдау деген болмайды.


Жұмаш Кенебай,
08.12.2016 жыл.
كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=1682

Лебіз қалдыру, пікір жазу тақтасы


98 + 1 = ?