كومپيۋتەر نۇسقاسى Компйутер нұсқасы
Қолфон нұсқасын түсіру (Android) | Ассаламу ғалайкұм.
Email:
Құпя:
немесе ел-арнаға мүше болу!

Қолайлы бет | бұгін | кеше | жалпы мәлімет

Еларнаға тіркеліңіздер ...
Қазақтың 1001 ертегісі
СанақКелген (IP)Көрілген (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-141301382836 %64 %
2019-10-151347355232 %68 %
2019-10-1614431128 %72 %

АҚШ-ТАҒЫ ПРЕЗИДЕНТТІК САЙЛАУ...


Түрі: Ел-арна газеті

Makala jazam


Жолданған уақыты: 19:29 - 2016/11/07

Мақала жолдаушы: Жұмаш Кенебәй
Мақала апторы: Жұмаш кенебәй
Аптордың мекен-жайі: Алматы

Tote jazu nuskasi
АҚШ-ТАҒЫ ПРЕЗИДЕНТТІК САЙЛАУ...

: PDF Download - Жұктеұ - Скачать - ءتۇسىرۋ


Жұмаш Кенебай (Көкбөрі)




АҚШ-ТАҒЫ ПРЕЗИДЕНТТІК САЙЛАУ ТУРАСЫНДА

ШАҒЫН ҒАНА

САЯСИ ШОЛУ




Бүгін АҚШ-та президент сайлауы!

Қазақстан мен ол ел уақытында 11-12 сағаттық айырма тағы бар. Бізде таң, оларда кеш деген сияқты. Онда тұрған бәлендей ештеме де жоқ.

Бұл президенттік сайлаудың бұрынғыдан ерекшелігі еркек пен әйелдің сайлауға түсіп отыруында емес, екі түрлі көзқарастағы жандардың бақ таласы мен тақталасы болуында.

Хиллари Клинтон – қанша дегенмен АҚШ билігінің маңында болған, саясаттан хабары бар жан болса, Дональт Трамп – миллиардер, кәсіпкер, бұрын билікте болмаған, ұр да жық жанға ұқсайды. Сөйлеген сөздерінде Ресей президенті В. Путинді жақтап, Б. Обаманы жамандап дегендей, қызық, қызық мінездер көрсетті. Тура ресейлік екінші жириновский, тіпті, одан да асып кететін тұстары баршылық.

Қалай дегенмен де әлемдегі әскери қуатымен мықты экономикасымен көп мемлекеттерді өзіне тәуелді етіп отырған, анығын айтқан небір тентек мемлекеттерді тәубесіне түсіруге дайын АҚШ сияқты алып державаның аман тұрғаны керек сияқты. АҚШ болмаса, мына біздің ағамыз путиндік Ресей Қазақстанмен де, басқа мемлекеттермен ойына келгенін істер еді. Бұл – ащы да болса ақиқат!

Қазір әлем саясаткерлері, АҚШ зерттеушілері, таяу уақыттарда орыстар Қазақстанға ашық түрде әскери күшпен басып кіреді дейді. Біздің орысшыл президентіміз Путинге қаншама жағымпазданса да, оның бір тырнағы ішінде екені өтірік емес. Экономикалық санкциялардың астында қалған, халқы қайыршылық күйге түскен, біздікі сияқты тек мұнаймен күн кешкен, ештеме де өндірмейтін, қарудан басқа, Ресей тағдыры қазір қыл үұстінде тұр. Оның үстіне Путин нағыз соғысқұмар жан болды, Қырымды күшпен басып алды, Украина шығысында қолдан соғыс жүргізіп жатыр, Сирияға басып кіріп, бейбіт халқын қынадай қырып тастады.

Жалпы, Ресей құдайы осы қолдан жасаған соғыстары арқылы Ресей халқының назарын басқа жаққа аударып, өзінше олардың соғысқұмарлық патриоттық сезімдерін оятқансуда. Ежелден қан төгуге даяр бұл халыққа, соғыс болса болды, қыра беретіні тағы жалған емес.

Ал, жаппай ұрлық пен жемқорлық билік басыдағыларды тұтас шарпыған дінсіз, тілсіз, тексіз қазақстандық билік өздерінің орысшылдығымен ерекше көзге түсіп, солары арқылы өздеріне пана тауып келген еді. Енді одан айрылды. Қанша ақша, басқа да байлықтарын тегінге тықпаласа да безбүйрек орекеңдер енді ешкімді де аямайды. Назарбаев ала-шапқын болып, Араб елдеріне барды, бірдеңелер жасаған болды өздерінің күндерін ілдалдалау үшін. Тағы бір мақсаты - тығырыққа тірелген Ресейге Қазақстан арқылы жасырын көмектер жасауға күш салу, сол арқылы мәңгңлңк билігін ұзарта түсуге үміттенді. Қанша жалпақтаса да, су тегінге жерін бере салса да Қытайдың оған іші енді жылымайды. Олар АҚШ-ты қолдайды.

Қазақстан ұрылары бүгінге дейін ұрлаған 350 миллиард АҚШ долларын (бұл деректі Қазақстанның бұрынғы бас банкирі МАрченко айтқан) олар қайда тығарын білмей дал. Офшордың күні өтіп барады. Бұлар сол ұрлық байлықтарын сақтап қалуға бар күштерін салуда. О дүниеге өздерімен бірге апара алмайтынына енді ғана көздері жеткен сияқты...

...Сонда кім үшін? Қазақтар үшін емес тек қана.

Міне, бүгінгі АҚШ-тағы президент сайлауы өткеннен кейін әлемде үлкен өзгерістер басталады. Мүмкін, Ресейде ашынған халық көшеге шығып, аналарды төңкеріп тастап, «азат елдер парады» басталар, жемқорлар жаппай жазалана бастаса, біздікілер солармен бірге кетер. Өйткені, бұлар орысқұлдар ғой. Болмаса, соғыстың да басталуы ғажап емес. Кешеден бастап АҚШ қарулы күштері соғыс жағдайына көшті деп жатыр. Путин қанша жанталасқанмен сыртқы күштерге енді төтеп бере алмайды. Оның қан аңсаған соғысқұмарлығының соңы өз басына қауіп төндірумен аяқталды. Путинмен бірге оның құлдары болған республикалар басшыларының басына да қара түнек орнайды. Орысқұлдар жерге қарайды.

Біздегі бұрынғы қызыл больщевиктердің бүгінгі ұрпақтары, бұрынғы коммунистер, комсомолдар, орысшылдар үміті келмеске кетеді. Бір сөзбен айтқанда құлдар құрып, таза ұлттық мемлекеттер қайта құрылады.

Айтпақшы, кеше Қазақстан президенті Жапонияда болды. Биліктік ақпарат жапондар Назарбаевтың есімімен аталатын гүл өсірген дей ме, бірдеңе деді. Мен әлемдік басқа ақпарат көздерінен ондай деректер таба алмадым. Біріншіден, оның атын гүлге қоятындай, елбасымыз әйел емес еді ғой. Мақтанғанның жөні осы екен деп, ауызға келгенді айта бермеу керек қой, биліктік жағымпаз БАҚ өкілдері...

Міне, қазір Алматыда таңға жуық, АҚШ-тағы президент сайлауы басталды!
Қанша дегенмен де мұндай алып ел саясатының бір ұшы, салқыны, бәрі бір бізді де ойға қалдырары даусыз. Ол елде біздегідей емес сайлау әділ өтеді. Әрине, дұрыс адамның өткені дұрыс.
Іске сәт АҚШ!


Жұмаш Кенебай(Көкбөрі),
08.11.2016 жыл таңғы саған 03.00
كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=1640

Лебіз қалдыру, пікір жазу тақтасы


98 + 1 = ?