كومپيۋتەر نۇسقاسى Компйутер нұсқасы
Қолфон нұсқасын түсіру (Android) | Ассаламу ғалайкұм.
Email:
Құпя:
немесе ел-арнаға мүше болу!

Қолайлы бет | бұгін | кеше | жалпы мәлімет

Еларнаға тіркеліңіздер ...
Қазақтың 1001 ертегісі
СанақКелген (IP)Көрілген (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-19729232138 %62 %
2019-10-20937296235 %65 %
2019-10-2120795872 %28 %

Билікті құлдар басып алған...


Түрі: Ел-арна газеті

Makala jazam


Жолданған уақыты: 18:28 - 2016/11/04

Мақала жолдаушы: Жұмаш Кенебәй
Мақала апторы: Жұмаш кенебәй
Аптордың мекен-жайі: Алматы

Tote jazu nuskasi
Билікті құлдар басып алған...

: PDF Download - Жұктеұ - Скачать - ءتۇسىرۋ


Жұмаш Көкбөрі



НЕ ҮШІН БОСҚА АРАМ ТЕР БОЛЫП ЖҮР?...




Қазақ жерін сату мен жалға беру саясаты күн тәртібінен мүлдем түсіп қалды деп ойламау керек. Н. Назарбаевтың ана жылы Қытайдан алған 19 миллиарда АҚШ долларының қайда жұмсалғаны белгісіз. Д. Назарбаеваның шырылдап қытай тілін қазақ мектептерін енгізбек болған әрекетінің артына сол миллиардтар тұрғаны даусыз.

Тәуелсіздік алған 25 жылдың ішінде Қазақстаннан қолды болған 350 миллиард АҚШ долларының кімнің қалтасында кеткені де жұмбақ. Әлемнің әр түкпіріндегі офшорларда біздің ұрылардың қанша ұрлағаны жатқанын да ешкім айтпайды.


Қытайдан ана 19 миллиард АҚШ долларын алған тұста жұмбақ ақшаларын Қытайдың Гонконгтағы офшорларына салып, ол сенімсіз бола бастаған тұста оны Араб елдері банктеріне арқалап апарып, біраз әуреге түскендер бар екен.
Ресей президенті В. Путиннің ұрлағаны 60 миллиард АҚШ доллары дейді.
Біздікінікі біреулер 100 миллиард АҚШ долларынан асып жығылады дейді...
Жалпы бұл ұры ақшалардың біразы қолды болады, біраз сол мемлекетке қайтарылады деген де сөз бар. АҚШ заңгерлері офшорлардағы қолды болған сол тау, тау ақшалардың құпясын ашып, барлығының қоясын ақтаратын күн де алыс емес...


Менің бір түсінбейтінім, қанша доллар ұрласа да, қанша алтын жинаса да өлген адам оны өзімен ана жаққа бірге алып кете алмайды. Сонда бұл ұрылар не үшін босқа арам тер болып жүр?..



Жұмаш Көкбөрі,
04.11.2016 жыл.
ОРЫСҚҰЛДАР, «ЛАҢКЕСТЕРДІҢ» «КРЫШАСЫ МА?»


...Айтпақшы, Қазақстандағы әртүрлі діни ағымдардың артында біздің орысқұл биліктің аса лауазымды адамдары тұрған көрінеді. Мүмкін, бір ғана дөкей тұр. Ал, ана діндегілер, «лаңкестер» атанғандардың барлығы дерлік орыс тілділер екендігін ескерсек, біздегі орысқұлдардың ісі екені даусыз ба деп қаласың. Бұларға Алладан гөрі өздері ұрлаған байлықтарын қорғап қалу маңызды сияқты. Енді ойлай беріңіз?..



Жұмаш Көкбөрі,
04.11.2016 жыл.





«131-ҰЛТ» - КІМ ЕКЕН?




«Ұлттық» деген аты дардай «Қазақстан» телеарнасы – сол «Ырбыңбайлар» мен «Жырбыңгүлдердің» телеарнасы күйінде қалуда.
Ана аузы-бастарын қисаңдатқыш бәлелерден қашан құтылар екенбіз?
Соншама қорлайтындай Қазақтың не жазығы бар еді?
Жоғарыдан (кімнен екені түсінікті шығар) бұл санасыз ырбақайлар мен жырбыңгүлдерге: «мына ақымақ қазақтарды мазақ ете беріңдер. Олардың орнына 131-ұлт: дінсіз, тілсіз, тексіз нағыз «қазақстандық» ұлтсымақтарды енгізіміз» дей ме екен?..


Жұмаш Көкбөрі,
04.11.2016 жыл.




Жұмаш Көкбөрі





ҚҰЛҒА ҚҰЛ БОЛУ ҚАСІРЕТІ!..


Кеше Алматыдағы Ұлттық кітапханадағы қайтыс болғанына бір жылдай болып қалған марқұм Нұрмахан Оразбаевтың кітабының тұсаукесеріне бара жатқам.

Кітапхана Абылай хан мен Абай көшелерінің қиылысында. Мен Желтоқсан көшесіндегі аялдамадан түсуге дайындала бастадым. Осы кезде сарықарын тарта бастаған қазақ әйелі:

-Кешіріңіз, Мира көшесінен түспейсіз бе?- деді. Менің жыным ұстап:

-Алматыда Мира деген көше жоқ.-деп едім, әлгі әйел:

-Бар. Сіз сияқты ұлтшылдар Желтоқсан деп өзгерткен ол көшенің нағыз аты «Мира»! Сталин тірі болғанда, мына сіздердей ұлтшылдарды қырып тастар еді,- деп, долдана бастады. Мен Желтоқсаннан түсіп қалдым.

Амалсыз ойға қалдым:

«...Жаңағы Қазақ әйелі мен Сталиннің арасында қандай байланыс бар, неге ол қанішерді соншалықты жақсы көреді, Желтоқсанды неге ұнатпайды?...»-деп.

Оның себебі айтпаса да түсінікті еді.

Бұл Қазақ әйелі кешегі құлдардың тұқымы. Өкінішке орай, ащы шындық осы. Қазіргі нағыз дінсіз, тілсіз, тексіз, орысқұл «қазақстандық» билікте отырғандардың барлығы дерлік сол «құлдар» руынан.

Бұлардың ата-аналары – кешегі қызыл коммунистер немесе лениншіл қызыл комсомолдар, олардың аталары – қызыл больщевиктер, олардың аталары Кеңес одағына дейінгі қазақ байларының есігінде жүрген малайлары, құлдар мен күңдер еді. Совет өкіметі қазақ байларын, оқымыстыларын, тектілерін қырып, тастап, олардың орнына ана құлдар мен күңдерді қойған. Сол құлдар билігі Қазақ елі тәуелсіздік алғанда бірден билікті білдірмей басып алды. Олар да тек те, намыс та жоқ, болмаған және болмайды да. Қазақты, қазақтың тілін иттің етіндей жек көріп, Ресей сияқты бізді отарлағандар тілінде «шүлдірлеулерін» қояр емес.

Тіпті, мемлекет басшысының өзі сол отарлаушылар тілінде сөйлейтін әлемде бір мемлекет бар ма екен? Жоқ!...



Жұмаш Көкбқір,
05.11.2016 жыл.



Жұмаш Көкбөрі




Е. ТҰРСЫНОВТЫҢ «НАЦПАТЫ» КІМ?..



«Шалақазақ» , кино режиссер Ермек Тұрсынов, қазақтың ұлтын сүйген азаматтарын: «олар нацпаттар» деп тағы да орысшалап мазақ етіпті.

Көңілдеріне келсе де айтайын, қазақтан шыққан орыс болып кеткендер ешқашан да туған ұлтына қайтып оралмайды. Олар - құлдар. Құлдар - адам болыпты дегенді естегімін жоқ.

Е.Тұрсыновтың түсіріп жүрген киноларының бәрі қазақ аруларын жалап етіп көрсетуден асқан емес. Онсыз да бүгінгі таңда ана жолға түсіп кеткен қазақ әйелдері аз емес. Қазақ аруларын жаман жолдан қорғаудың орнына бұл Тұрсынов сияқты туған ұлтынан безгендер, орысқұлдар, өршелене қазақты жамандайды, жаман жағынан көрсетеді.Тұрсынов туған ұлтынан артық жақсы көретін орыстардың әйелдерінің қазақ әйелдерінен асып тұрған ештемесі жоқ екенін, ол біледі, білгісі келмейді...



Жұмаш Көкбөрі,
05.11.2016 жыл.
كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=1636

Лебіз қалдыру, пікір жазу тақтасы


98 + 1 = ?