كومپيۋتەر نۇسقاسى Компйутер нұсқасы
Қолфон нұсқасын түсіру (Android) | Ассаламу ғалайкұм.
Email:
Құпя:
немесе ел-арнаға мүше болу!

Қолайлы бет | бұгін | кеше | жалпы мәлімет

Еларнаға тіркеліңіздер ...
Қазақтың 1001 ертегісі
СанақКелген (IP)Көрілген (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-19729232138 %62 %
2019-10-20937296235 %65 %
2019-10-21239107871 %29 %

Жаса, Қазақ! Жаса, Қанат!


Түрі: Ел-арна газеті

Makala jazam


Жолданған уақыты: 02:31 - 2016/10/30

Мақала жолдаушы: Жұмаш Кенебәй
Мақала апторы: Жұмаш Көкбөрі
Аптордың мекен-жайі: Қазақстан. Алматы қаласы

Tote jazu nuskasi
Жаса, Қазақ! Жаса, Қанат!

: PDF Download - Жұктеұ - Скачать - ءتۇسىرۋ


Жұмаш Кенебай
ЖАСА, ҚАЗАҚ!
ЖАСА, ҚАЗАҚ ТІЛІ!
ЖАСА, ҚАНАТ ИСЛАМ және бірге болған Қазақ боксшы
БАУЫРЛАРЫМ!
Қанат Ислам бауырымыздың кешегі 29.10.2016 ж. бүкіл әлемді таңқалдырған ғажайып жекпе-жегіне мен де, қасымда немерем Атилла, танымал азамат Жеңіс Түркия, т.б, бауырлар бар Алматыдағы "Алматы арена" спорт кешеніне барып, бар оқиғаны өз көзімізбен көру құрметіне ие болдық!
Қазақтың нар тұлғаны жеті боксшысының барлығының да мынадай бүкіл әлемдік жарыста өз қарсыластарын ойсырата жеңуі - жасыратын несі бар өз жерінде өгей баланың күйін кешкен "қалың елім, қазағымның..." (Абай) еңсесін бір көтеріп тастағаны айдай ақиқат!
Бұдан кейін бір ауыз орысша қоспай, негізінен қазақ және ағылшын тілінде өткен бұл додада жарқырап көзге түскен біздің қазақты және, оның бай тілін менсінбей жүрген біздің дүбәра намыссызсыз, жігерсіз орысқұлдарымыз "шүлдірбайлар" мен "шүлдірбикелеріміз" (барлығы дерлік билікте отыр. "Үш тіл" деген бәлені мектептерге зорлап енгізген Сағадиев сияқты намыссыз министрлеріміз, т.б,) бойларында ұлттық бірдеме болса, жер болған шығар деп ойлаймын!
Жаса, бүгін жеңіске жеткен барша Қазақ! Қазақ тілі!
Жаса,Қанат бауырым, жаса, бүгінгі жарыста жеңіске жеткен қазақ боксшылары!.
Менімен бірге қатысып, осы жарысты өз көзімен көріп, онсыз да каратэге қатысып жүрген қатты әсерленіп кеткен менің он жасар, Алматыдағы 173-лицейде озат оқитын немерем АТИЛЛАның:
-Әке, біздің қазақтар керемет қой! Біздің Қазақты ешқашан да ешкім жеңе алмайды!,-
деген бала сөзі менің төбемді көкке жеткізгендей болғанының өзі неге тұрады!
(өзіміз түсірген фотоларды сосын көрсетем).
Жұмаш Кенебай(Көкбөрі),
30.10.2016 жыл, сағат таңғы 05..05 минут
كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=1623

Лебіз қалдыру, пікір жазу тақтасы


98 + 1 = ?