كومپيۋتەر نۇسقاسى Компйутер нұсқасы
Қолфон нұсқасын түсіру (Android) | Ассаламу ғалайкұм.
Email:
Құпя:
немесе ел-арнаға мүше болу!

Қолайлы бет | бұгін | кеше | жалпы мәлімет

Еларнаға тіркеліңіздер ...
Қазақтың 1001 ертегісі
СанақКелген (IP)Көрілген (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-19729232138 %62 %
2019-10-20937296235 %65 %
2019-10-21320127968 %32 %

Қойдым ақын кім еді?


Түрі: Ел-арна газеті

Makala jazam


Жолданған уақыты: 23:44 - 2016/09/28

Мақала жолдаушы: Намыс
Мақала апторы: Нұрболат әбдіқәдір
Аптордың мекен-жайі: Іле құлжа қаласы

Tote jazu nuskasi
Қойдым ақын кім еді?

: PDF Download - Жұктеұ - Скачать - ءتۇسىرۋ


Нұрболат әбдіқәдір
қойдым ақынның өміріне қосарымыз

қойдымның өзін көре қалған көнекөз қарялар мен кәрі құлақ қарттардан естуімізше, «қойдым ақын, тегінде, әйелдің батыры еді» деген сөздің көңіл ауанымызды ерекше аударғаны анық. жәнеде, әсте дарақы емес, сары алтындай сабырлы, кең мінезді, кесек беинелі, намысына сөз тие бере өлеңде арқасы қозатын, қарағанда өзі бір ірі кісі болған көрінеді. бұл үшін де, әрине, ақынның келбеті мен тұрқына, сырт порымына, қуатты ақындығына берілген жазба және ауызша фөртреттер мен бағаларға назар бөлуге тура келеді. ендеше, дәлелді сөйлеиік.
1 . сыртқы фөртрет: «қойдымның өң – тұрқы: ақ сары, ашаң жүзді, ат жақты, кең иықты, оң бетінде білінер – білінбес өрге тартқан қоңыр меңге ұқсайтын сызықша бар (немесе, оң жақ бетінде қоңыр мең тәріздес өрге тартқан өшкін сызығы бар) . өткір қара көзді, бетінен қызыл нұр тамған, қыр мұрынды, денесі түзу, орта бойлыдан сәл жоғары (немесе, бойы ортадан сәл биіктеу) , атқа мінсе ер тұлғалы көрінетін адам» (манап айдарқан кәрянің көргендерден естуі бойынша жазуы) .
«қойдым ат жақты, ақша жүзді, орта бойлы, кең иықты, толық денелі, ер мүсінді адам» (қарасу ауылында тұратын марқұм табылды қиылбай ұлы мен айдарқан жәнеи ұлының айтуы) .
жиырма жас мөлшерінде, қойдымды көзімен көрген марқұм хамит ноғайбай ұлы кәрянің сөзі: «қойдым ол кезде отыздың ортан белінен өтіп, қырыққа құлай бастаған, аққұба өңді, ат жақты, қой көзді, сыңғыр үнді, шапшаң сөйлеитін ашық – жарқын мінезді әйел екен»①.
ал, 1921 - жылы туылған 90 жастағы қарасулық бәйсеиіт қойшыман ұлы қәнәйбек кәрядән қайыңды ауылында жолығып мен қойдым ақынның барысын сұрағанымда айтқаны мынау: «қойдымның тірсегін соғатын ұзын жирен шәші болған, жәйшіліқтә шәшін беліне байлап жүреді, топ ішінде сол шәшін астына төсеніш қып отырады екен».
айтпақшы, бұл күндері өр текестің шекіртісінде қойдымды тірлігінде көрген бір адам бар. ол – дүңген әлизә айып ұлы. биыл 94 жасқа кірген әлизә кәря 1916 – жылы туылған, қазаққа жиен, ол кісіні баққан қазақ шешесінің аты албан гүлшәрә. бірде, домбырашы бестібәй деген адам мен қойдым ақынның ортасына бала әлизә келіп қалады. бестібәй домбырашы қойдым ақынға әлизәнің атақты айып деген бай дүңгеннің баласы екендігін, нағашысының қазақ екенін таныстырады. мұны естіген қойдым әлизә баланы дереу өлеңге қосады. үйге келген соң бұл істі әлизә баққан қазақ шешесіне айтады. шешесі естіп, «ол бекер әйел емес көрінеді, қызыр шалып бақ қонған кісі сяқты. үйге дәмге шақырайық!» деп, қойдымды шақыртады. қонақ кәде жасап, күтіп, жолдық беріп жолға салады. сол кезде 10 неше жастар шамасындағы әлизә қарт қойдымның сыртқы фөртретін «аққуба жүзді, өткір көзді, жіңішке қара қасты, саусақтары салалы, қолы ұзын, қарағанға қолы тізесінен төмен түсіп тұратын» деп еске алады.
2. ішкі фөртрет: «... әр нәрсеге байыптап ой сала қарайтын, ел ішіндегі жәғдәйләрмен есептесіп, елін ойлайтын елшіл, ел салтын есінен шығармайтын адам болған. әр қандай топ - жиындарда өзінің жоғарыдағыдай асқақ сәләуәтімен, асқан әқілділіғімен өз десін әйгілеи алатын, айтыстарда болса қарсыластарын қиыннан қиыстырып сөз табатын алғырлығы мен қәғілез қәсиеті басып түсетін. өлең айтқанда әріптесін бағып оған соқтықпай, мереиін асыра астарлы қалжың сөздермен өлең айтатын, егер әріптесі соқтығып қитығына тисе, өңі сұрланып, денесі ширығып, аузынан ағыл – тегіл өлең өрімделіп, әріптесін ықсырып жібереді...» ②
енді бұған мысал ретінде қойдымның өз өлеңімен сөйлесек те жетеді. ақын «хош, туған жер» деген дастанының бір тұсында, өзінің жан дүниесін елінің басындағы ауыр қәйғімен шендестіре келе:
атым қойдым, қызымын дарубайдың,
демеимін жұқармасам қалыңдаймын.
айырылып кіндік кескен мекенімнен,
желкеден басты аттың тауындай мұң. – деп беинелесе, кеиде тіпті сеніммен былайша да көсіледі:
айтыстан мен емеспін болдыратын,
сондықтан елім деиді қойдым ақын.
жінігіп жігітпін деп келгендерді,
өлеңнің бөрәнімен тойдыратын.
немесе:
шырағым, мен талайды көрген қойдым,
тұнықтан сөз маржанын терген қойдым.
кеткенде жеңілдіктер желмен ұшып,
аяғын көтермеиді жерден қойдым.
аптыққан әлін білмеи әлектердің,
әр жерде сыбағасын берген қойдым.
сандалтып сан жүйрікті жолға тастап,
көмбеге желе аяңдап келген қойдым ③. – деп келетін, қойдымның күмбезіне ойып жазылған таңжарыққа айтқан еңсесі көтеріңкі өр толқынды өлең жолдары да оның ішкі жан қуатының аса бекем екеніне айғақ.
бізде, ақын қойдым дарубай қызын тану аясы 20 – ғасырдың соңғы 10 жылынан бермен қарай ресми басталды. осынау жиырма жылдың аумағында, үтілісімізбен қоса, жеңісіміздің де болғанын жасырмаймыз. ал, қойдымның өлеңдерінің бізге төліғімен жетпегені әттеген – ай дегізеді. оны жинау, реттеу, баспаға ұсыну ендігідегі кезек күттірмеитін қоламталы мәселе. қәзірше, сол «қойдым жазыпты» немесе «қойдым айтыпты» деген біршәмә толық, әлде толық емес өлеңдерінің өзінің ұзын саны төмендегідеи, айталық: «өзім туралы», «кері аттың мұңы», «елім менің», «зобалаң», «тарғалаң» деген өлеңдері мен «хош, туған жер» дастаны, «быржанды жоқтау», «жәмеңке, ұзақты жоқтау», «әкемді жоқтау» сяқты жоқтаулары, сондай – ақ, айтыстарынан «қойдымның біржәнмен әзіл айтысы», «қойдымның таңжарық жолды үлімен айтысы», «қойдымның тілеуберді мышыр үлімен айтысы», «қойдымның рахымжан мешпет үлімен айтысы», «қойдымның жүсіпбекқөжә шайқысылам үлімен айтысы» қатарлылар бар.
қазақ қаны бар кім – кімге де негізгі болған «таңжарық пен қойдымның айтысы» жөнінен, тарихшы ғалым жақып мырзақан ұлының «көдек шығармалары» (2005 – жыл) кітәбінің алғы сөзінде айтқанына бүгін де, кеиін де құлақ асуға тура келеді: «... әсіресе, ‹сасан ауылына барғанда› деген толғау мен ‹ таңжарық пен қойдымның айтысын› бір – біріне қарсы қойып зерттеу нысайынан аулақ болуды үміт етемін. өйткені көдек маралбай ұлы жүңгөғә (іленің мүңғүлкүре – текес өңіріне) түбегеилі қоныс аударып келгеннен кеиін күнеске бәрғәнімен таңжарыққа кездеспеген. оның үстіне ұлтымыздан шыққан екі ақиық ақынның біз қәзірге деиін көріп жүрген өлең – толғаулары немесе дастандарында, бір – бірімен дүниеге көзқәрәстәғі қайшылығы және жеке бас араздықтары болғандығы жөнінде дерек жоқ. сондықтан ‹бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ› деген жолды ұстанған қанжар тілді, өрт мінез екі ақынның өздері бір – біріне тіке соқтықпаған екен. біз ауыл арасындағы ішінәрә адамдар айтты дегенді малданып, жеңіл – желпі тұжырым жасамауымыз, оларды рушылдық шеңбері ішіне сүйреитін жағдайды жарыққа шығармауымыз керек»④.
жасырары жоқ, қойдымды анықтауда, ең әуелі, таңжарықты тану аясында еңбектеніп жүрген ел іші – сыртындағы зерттермендердің ролының зор екенін айтпай болмайды. бұған себеп –ақ, «қойдым мен таңжарықтың айтысы». ендеше, таңжарықтың аты аталған жерде қойдымның есімінің де еске оралатыны табиғи. сондай – ақ, қойдым айтылса, таңжарық та бірге аталады. сондықтан, қойдым тану қоғамын құрудың еш әбестігі жоқ.
таңжарықты тану қоғамының сонау 50 – жылдардың соңын ала құрылғанын біреу білсе, біреу білмеиді. сондағы, оның белді жауапты мүшелері бұқара тішқәнбәйев, тілеужән сақалов қатарлы қәләмгерлер танымалы таңжарықты қазақстанда да таныта түсуге ерен есе қосты десек болады. шежіретәнуші қәләмгер жәлел айдарқан ұлы қәлдібәйевтің «мұқағали» журналының 2007 – жылғы 4 – санында жаряланған «қойдым мен таңжарық айтысы немесе айтылмай жүрген ақиқаттар» атты мақаласында, «қолымызда әр жылдары табылып, осы күнге деиін сақталып келген әжептәуір айтыс үзінділері бар. соларды бір – бірлеп салыстыра келе айтыстың үш түрлі нұсқасы бар екеніне көз жеткіздік» (49 – бет) деиді: біріншісі, ең алғашқы түп нұсқа, яғни 1925 – жылғы нақты айтыс сөздері. оны дәл бүгін толық білетіндер табылмаса да әр жерінен үзінділерді жатқа айтатын адамдар баршылық. екіншісі, 1931 – жылғы таңжарықтың өзі қайтадан жазып жұртшылыққа жолдаған түрі. бірәқ та айтыстың толық мәтінін оқи алмасақ та, қолдағы барға қанағат еттік. үшіншісі, 1940 – жылдар ішінде ақынның түрмеде жатып екінші рет қайта жазылған жаңа нұсқасы. бұл бұрынғысынан әлде қайда өңделіп, ауыр жүктен арылған, сыпайы – сынық тұрғыда жазылған бірден – бір жақсы туынды. айтыстың бір данасы белгілі дрәмәтөрг – жазушы бұқара тішқәнбәйевтің қолында сақталып, қазақстан қазақтарына жетті. алғаш 1974 – жылы бұқараның үсінуімен алматыда шыққан таңжарықтың «арман тау» атты жыр жинағында жал – құйрығы әбден күзелген өлеңдерімен қатар қойдым айтысынан там – тұмдап үзінділер берген болатын. одан соң таңжарықтың қызы сараның (бұқараның әйелі) «қойдым мен таңжарықтың айтысы» деген әтпен «жетісу» гәзетінде (1991 – жылғы 25 – мамыр күнгі сан) көлемді толық түрі мұнда ғана жаряланған еді. бір айта кететін жәйт, осы соңғы нұсқаның бір дана көшірмесі біздің қолымызда бұрыннан бар еді, соны гәзеттегімен салыстыра келгенде бірәз жерін қысқартқан, түзеткен, тіпті кеибір негізгі деректер алынып тасталған⑤.
айтыс екінші мәрте қайта жырланды дегенге таңжарықтың өз сөзі жауап береді. 1992 – жылы алматыдағы «жазушы» баспасынан сара таңжарық қызы тішқәнбәйевә мен тілеужән сақалов құрастырған «таңжарық жолды ұлы шығармалары» деген әтпен тәкеңнің өлеңдері, толғау – дастандары, айтыстары жеке кітәп ретінде оқырманға жетті. таңжарық ақын сонда қөйдіммен айтысының соңын:
тәкеңе риза бол тыңдағаның!
бұрынғы сөзімді көп сырламадым.
талайын ұмытыппын естен шығып,
жоқ еді көптен бері жырлағаным.
өсімен сөз аяғын тоқтатайын,
бата қыл біз пақырды силағаның⑥. – деп тәмәмдәғәні кітәптің 245 – бетінде жазулы.
таңжарық танушы оразанбай егеубәйевтің қазақстан республикәсіндә туысшылап жүріп, тілеужән сақалов, сара тішқәнбәйевәмен кездесетіні – осы кітәп («таңжарық жолды ұлы шығармалары») шығудың алды, яғни 1991 – жылдың жаз айлары. өрекең олардан таңжарықтың қөйдіммен айтысының таңжарық жазған екінші нұсқасын ала кеп, «мұра» журналының 1992 – жылғы 3 – санында алғы сөзбен қосып, толықтырып жарялады. аталған журналдың осы айтыс жаряланған 73 – бетіндегі кеибір:
ішер ас, киерге киім таппай,
құзғынның жемі болған сен ғой албан.
болмаса тұрғын қызай іледегі,
күн көрмеи қаңғыр еді сонда албан.
қызайды бүгін неге жамандайсың,
паналап жан бағып ең барған албан.
өзіңе өз обалың, ал ендеше,
сен қашан артық едің басқалардан!? ⑦- деген сяқты ұйқассыз, буын саны кем, сөзі үндеспеген дәм – татуы жоқ жолдарды таңжарықтың аузынан бергенге ұяласың. таңжарық айтты дегенге сенгің келмеиді. сұрыпталынбай, уақыт өте келе түрлі өзгерулерге түскені көрініп тұр. 1992 – жылы алматының «жазушы» баспасынан шыққан жоғарыда өзіміз айтқан «таңжарық жолды ұлы шығармалары» деген кітәптәғі ұқсас вәрянтпен салыстырсақ та, мұның соңғы екі тармағынан басқа, үстіңгі алты жолы түгелімен жоқ.
жоғарыдағы ұқсас екі нұсқаның бір үзіндісінің әділжән нүсіпәлі ұлының әзірлеуімен «мұқағали» журналының 2006 – жылы 8 – санының 40 – бетінде жарық көргенін де ескертер едік. сөнімен бірге, 2009 – жылы іле халық баспасынан жарық көрген «таңжарық шығармалары» кітәбінің 4 – томында берілген де – дәл осы варянт.
әрине, қазақ тарихында әйгілі үш кләсик айтыстың бар екені анық. олар мыналар: «быржан мен сараның айтысы», «әсет пен ырысжанның айтысы», «таңжарық пен қойдымның айтысы». бұл әйдік үш айтыс тарихта қатар аталады әрі үшеуі де ертеңгідегі де айтыстың дарқан үлгілері бола алады. үстірт қараған адамға бұл айтыстардың әншеиін жалаң рудың ғана намысын қамшылайтын айтыс сяқты сезілетіні хақ. ал біз, айтыстың осы жағын құндылығы дер едік. «таңжарық пен қойдымның айтысының» бойында рулық тыныс – тіршілікпен бүркемеленген қоғамдық ашты шындық жасырынулы. әсілінде, астарында рулық әямен ғана шектеліп қалмаған тұтас ұлттық трәгедяліқ тарихи баян жатыр!
«таңжарық» романының авторы, қазақстандық жазушы түрлібек мәмесеиіт тегі «қазақ әдебиетінің» 1992 – жылғы 6 – қараша күнгі санында жарялаған «таңжарық пен қойдым» деген мақаласында айтқан осы әйгілі айтыс туралы ойын былай таратады: айтыс салмақты, сәлиқәлі болып өтеді. екі жақ та сауалдарына орай ұтымды жауаптасып отырады. көбіне екі жақтағы елдің тұрмыс жағдайы, тарихы, тағдыры сөз болады. екеуі сол екі жақтағы елдің өкілі болып әйтісқәнімен, қазақтың салт – дәстүрінен ауытқымай, құда – жегжәттіқ, үлкен – кішілік си – қүрметті жоғалтпай, зілсіз әзіл – қәлжіңмен қатысады. қойдым үлкендік танытып, «құда бала, жиен» десе, таңжарық «нағашы әпке» деп ізет көрсетіп отырады. бірінен бірі асып түсіп, талай әңгіменің басын қайырған бұлар айтысты өз келісімдерімен тоқтатады. таңжарықтың иығына шапан жабады. жол, жөн білетіндігін көрсетіп, үлкендікпен «өнерің өрге жүзе берсін» деп ақ батасын береді⑧.
халықтың үміті бойынша қойдымның кітәбін құрастырып баспадан шығарудай ғылми жұмысқа жауапты міндетте болдым. осы барыста «қойдым бір соққан боз боран» деген төмендегідеи арнау өлең жаздым:
быр өзі жарық әлем боп؛
шекәрә жоғын өнерде,
өлеңмен берді дәлелдеп.
және де айтам, ұлы абай:
«өлсе - өлер тәбиғәт,
адам өлмес - деген » деп!

қойдым деген – нұр анаң,
қойдым – ең бір ұлы адам.
мәхәббәтімен, сертімен,
ертеңге жырын ұлаған؛
тағдырдан сауға сұраған,
аруақты ақын - дін аман!

қырығында қыр асқан,
өзі де бір шың, аспан.
орда бұзған отызы,
ғәсірімен ұласқан.
қойдым деген бораннан,
ал, енді айтшы, кім асқан?!

іздемеді қалам деп,
ойлаған жоқ жазам деп.
айлығы деген не тәйір,
бәйліғіменен базар боп.
дарубай қызы қойдымда,
сясы тамар қағаз жоқ.

қойдымда қойын дәптер жоқ!
өкінгені жоқ «әттең!» деп.
өлең – лағы көкпәр боп,
көңілі әптер – тәптер боп؛
барыбыр, оның жүрегі
кеңістік екен көкпеңбек.

дәптерін сұра – жүрегі!
қаламын сұра – ұлы елі!
жолбарыс жортқан жондарға,
батыр қыз жалғыз түнеді.
ұлы елінің шындығын,
жүрегіне жазған ірі еді.

талантты тасқын, сел алмас!
қойдым бір тұрған ақ алмас.
қайырылып шапқан қатал жыл,
майырылып түскен ең алғаш.
кешегі өткен ер қойдым,
бүгін де бізбен замандас!!
әйгілі үш айтыстың біреуі «быржан мен сараның айтысын» жүсіпбекқөжә шайқысылам ұлы 1898 – жылы ойдан құрастырып жазып шыққан, тегінде біржән мен сара айтыспаған дегенді де шығарды. әмәляттә, біржән мен сараның айтысы 1895 – жылы қазақстанның ақ ешкі жәйләуінің ешкі өлмес тауы баурайында түрісбек семясіндә болғанын зерттермендер зерделеді. «таңжарық пен қойдым айтыспаған» деген сөздің де еш қисыны жоқ екенін қайталап айтамыз. таңжарық пен қойдым 1925 – жылы қарқара жәйләуіндә, әтеибек бидың қыз ұзату тойында айтысқан. айтыстың бірінші негізін таңжарық 1931 – жылы қағазға түсірген. қойдымды «албанның атақты бұлбұлы» деп атаған дарубай ақалақшы мен қойдымның әйгілі ақын екенін таныған таңжарықтың өзі де, сөзі де бұған куә.

пайдаланылған мәтерялдәр:① нұрболат әбдіқәдір, «көдектің өнері өмірімен тоғысқан»: «мүңғүлкүре тарихи мәтерялдәрі» (2 – кітәп) , 113 – бет, 2004 - жыл؛
② манап айдарқан ұлы, қасым дәуітбәй ұлы, «быр туар ақын қойдым дарубай қызы туралы»: «мүңғүлкүре тарихи мәтерялдәрінің» 2 – кітәбінің 68 – беті ؛
③ «мұқағали» журналы 2006 – жылы 8 – сан, 41 – бет: «таңжарық пен қойдым», айтысты әзірлеген әділжән нүсіпәлі ұлы؛
④ жақып мырзақан ұлы, «көдек шығармаларына алғы сөз», 17 -, 18 – беттер: «көдек шығармалары», шинжяң халық баспасы, 2005 - жыл؛
⑤ жәлел айдарқан ұлы қәлдібәйев, «қойдым мен таңжарық айтысы немесе айтылмай жүрген ақиқаттар»: «мұқағали» журналы, 2007 – жыл 4 – сан 49 – бет؛
⑥ «таңжарық жолды ұлы шығармалары», алматы, «жазушы» баспасы, 1992 – жыл, 245 – бет؛
⑦ «мұра» журналы 1992 – жыл 3 – сан: «таңжарық ақынның шетелден табылған екі айтысы», 73 – бет, баспаға ұсынған оразанбай егеубәйев؛
⑧ түрлібек мәмесеиіт тегі, «таңжарық пен қойдым»: «қазақ әдебиеті» гәзеті 1992 – жыл 6 – қараша.



ақын қойдым дарубай қызының (1896 – 1942)
туылғанына 114 жыл толуы бәйләнісімен ескерткіш орнатылды
(хабар)


әрине, тарихта өткен ұлыларды ұлағаттап, өткеннің озығын бүгінгі үшін пайдалануға үздіксіз үн қосып, жойылып бара жатқан жоғымызды тауып, ұлттық құндылықтарымызды игі бір жұмыс ретінде ерте демеи - кеш демеи бағалай бастадық. айталық, ғұлама жылдар жауып үлгірген қойдым ақынның тарихын елдің ертеңімен бірлестіре, қайта ашып парақтауға мүмкіндік алдық.
2010 – жылы 30 – шілде жұма шинжяң уақыты сағат 9 да, мөңғүлкүре аудандық мәдениет мекемесінің жиын залында, «әйгілі әйтіскер ақын қойдым дарубай қызының шығармашылығы жөніндегі тұңғыш реткі зерттеу – талқы мәжілісі» қойдым ақынды зерттеу – талқы мәжілісін ұйымдастыру басшылық көллективі тарапынан өткізілді. талқы мәжіліске, автономялы райондық саяси – мәсілихәт кеңесінің орынбасар төрәғәсі қызайжан сеиілқөжә ұлы қатарлы жоғары дәрежелі басшылар, облыс бастығының орынбасары еркін сеисенбәй ұлы қатарлы іле облысының қатысты жәуәптіләрімен қоса, тарихшы ғалымдар, ақын – жазушылар, зерттермендер, бәспәгерлер, сыншылар, журнәлисттер, сөнімен бірге, облыстың әр өңірінен келген аламан әйтіскерлер қатынасты.
осы орайда, тарихшы ғалым, жазушы жақып мырзақан ұлы؛ тарихшы жақып жүніс ұлы؛ іле облыстық денетәрбие мекемесінің бастығы мизан қәжякбәр ұлы؛ бәспәгер, аға редәктөр әкімбәй жапар ұлы؛ іле облыстық жазушылар қоғамының орынбасар төрәғәсі, ақын мақсат нұрғазин؛ сыншы, ақын ыдырыс әділқәнөв؛ мемлекеттік ұлттар ынтымағының озаты, мөңғүлкүре аудандық сіләм қоғамының қүрметті төрәғәсі, қойдымға ескерткіш орнатуға алғашқы болып бастама көтерген ел ішіндегі қарапайым қәләмгер манап айдарқан ұлы؛ сондай – ақ, қайым әхімет ұлы кәря қатарлылар қойдым ақынға қатысты келелі ұсыныстар мен жаңа пікірлерді ортаға қойды.
әрине, екі текестің екі әкімі елшәт тұрсынбай ұлы мен қізіргелді әбдірәхімән ұлының селбесуімен, сондай – ақ, ел ағаларының қолдап – қуәттәуімен не бары 3 айға жетпеитін уақытта, қойдымға өр текесте еңселі ескерткіш тұрғызылды әрі «ақын қойдым» деген әтпен 256 беттік тұңғыш кітәп шинжяң жастар – өрендер баспасы жағынан 3 мың 60 тирәжбен жарық көрді. кітәптің редәксяліқ ғылми жұмысына соңына деиін нұрболат әбдіқәдір жауапты болды әрі «ақын қойдым» атты кітәпті нұрлан сәрсенбәйев екеуі құрастырды. ақын қойдымның сағым суретін әбдімәжіт ертуғән ұлы сызды. сондай – ақ, сол күнгі талқы мәжіліске қатынасқан жекелерге жоғарыда аталған жаңа кітәп - «ақын қойдым» ұсынылды.
талқы мәжілісті мөңғүлкүре ауданы әкімінің орынбасары бағжан қәлімбек ұлы басқарды.
сөйтіп, халық өзі аяулы ақын қызын 114 жылдан соң қайта тапты. иә, сөнімен, 30 – шілде түсте, қара ормандай елі ақынның бас қарасудағы жаңа ескерткішінің басына барып, тоғайып қайтты. қойдым әкпемізге арнап қарасу ауылының «шуақ» рестурөніндә ас берілді. мемлекеттік 1 – дәрежелі жазушы оразқан әхметөв ақын қойдымның асына ақ батасын арнады.
бұл – осы рет, 1 – тамыз күні көдек пен қойдымның мекенінде өткізілген іле қазақ автономялы облыстық 16 – кезекті ақындар айтысына келген аламан әйтіскерлердің өлеңінің тақырыбына арқау болып, соңы сарқылмайтын ән мен жырға, күмбірлі күйге қарай ұласып кете барды...

мақаланы жазған : нұрболат әбдіқәдір
қосымша жүктелген суреттері:

كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=1594

Лебіз қалдыру, пікір жазу тақтасы


98 + 1 = ?