كومپيۋتەر نۇسقاسى Компйутер нұсқасы
Қолфон нұсқасын түсіру (Android) | Ассаламу ғалайкұм.
Email:
Құпя:
немесе ел-арнаға мүше болу!

Қолайлы бет | бұгін | кеше | жалпы мәлімет

Еларнаға тіркеліңіздер ...
Қазақтың 1001 ертегісі
СанақКелген (IP)Көрілген (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-151110375335 %65 %
2019-09-161515454335 %65 %
2019-09-171393436637 %63 %

Марқұм саналған әйел 17 жылдан бері тірі екенін дәлелдей алмай келеді - Жаңаөзен


Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 14:36 - 2019/08/14

: PDF Download - Жұктеұ - Скачать - ءتۇسىرۋ


elarna.net Printed Version.

Марқұм саналған әйел 17 жылдан бері тірі екенін дәлелдей алмай келеді - Жаңаөзен

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жаңаөзенде 17 жылдан бері марқұм саналып келген әйел өзінің тірі екенін дәлелдей алмай әлек, деп хабарлайды ҚазАқпарат lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Жаңаөзен қалалық соты баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, әйелдің өзі 2002 жылы марқұмдар қатарына қосылғанын 2016 жылы білген. Енді сот әйелдің өтініші бойынша азаматтық іс қозғап отыр.

«Сотта Маңғыстау облысы Ақтау қалалық АХАТ бөлімінің 2002 жылғы 16 шілдедегі №782 жазбасына сәйкес, азаматша У. марқұм саналады. Сот отырысында ол өлім туралы куәлігі бар екенін 2016 жылы білгенін айтты. Содан кейін әйел бұзылған құқын қалпына келтіру үшін түрлі инстанцияларға жүгінген, бірақ нәтиже жоқ», - деп мәлімдеді соттың баспасөз қызметі.

Сот іс материалдарын қарап шығып, өтінішті қанағаттандыру туралы шешім қабылдап, Ақтау прокурорының атына 2002 жылғы 16 шілдеде қайтыс болған адамның тұлғасын анықтау үшін жеке қаулы шығарды.

كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1034261

Пікірлер::

juz dep sifermen jazingiz.