كومپيۋتەر نۇسقاسى Компйутер нұсқасы
Қолфон нұсқасын түсіру (Android) | Ассаламу ғалайкұм.
Email:
Құпя:
немесе ел-арнаға мүше болу!

Қолайлы бет | бұгін | кеше | жалпы мәлімет

Еларнаға тіркеліңіздер ...
Қазақтың 1001 ертегісі
СанақКелген (IP)Көрілген (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-24497243046 %54 %
2019-08-25515257448 %52 %
2019-08-267241140 %60 %

"Запастағы" ақша һәм жалған құжаттың жай-жапсары


Түрі: Абай ақпарат

Жолданған уақыты: 14:40 - 2019/07/12

: PDF Download - Жұктеұ - Скачать - ءتۇسىرۋ


elarna.net Printed Version.


Қазақстан Сенатының қазіргі спикері Дариға Назарбаева оффшорға ақша жасырыпты деген гу-гу әңгіме ел-халықтың арасында, баспасөзде айтылып жүргелі де біраз болды. "Австрия билігі Дариға Нұрсұлтанқызының шотын бұғаттапты" немесе "Панама оффшорынан Дариға Назарбаеваның аты шығыпты" дегенді алғаш рет естіп отырған жоқ шығарсыз. Себебі, бұл туралы ерінбегеннің бәрі жазды.

2016 жылы Панама архивтері жарияланды. Оффшоршылардың қатарында Дариға Нұрсұлтанқызының да, оның ұлы Нұрәлі Әлиевтің де, экс-министр Ерлан Сағадиевтің де есім-сойлары ерекше көзге түсті.

2018 жылы әлгі Панама архивтерінің екінші бөлімі жария болды. Спикер ханымның есімі тағы аталды. "Мыналарың нақақ жала" деп, "ләм-мим" білдірген Дариға ханымды көрмедік.

Жақында Дариға Назарбаева туралы қырғыздың Vesti.kg сайты жазыпты. "Дариға Назарбаева австриялық банктен шот ашу үшін жалған куәлік жасатқан ба" деп, сұрақты төтесінен қойыпты. Қырғыз сайтының орыс тіліндегі мақаласында айтылған негізгі мәселелерді біз де бүгін тілге тиек еткенді  жөн көрдік.

Айтпақшы, Eurasia Democracy Initiative ұйымының сайтында аталған мақаланың "Dariga's million-dollar Austrian accounts" атты ағылшынша нұсқасы ашылмай тұрғанын ескертеміз...

Әлгі жалған құжат туралы ақпарды Халықаралық «Еуразиялық Демократия Бастамасы»  (Eurasia Democracy Initiative) ұйымы жариялаған екен. Бірінші президенттің бірінші қызын алаяқтық жасады деп айыптай сөйлеп, құжаттық дәлел келтірген.

Дариға Назарбаеваның суреті бейнеленген төлқұжаттың көшірме суреті қоса жарияланыпты. Онда төлқұжат иесі Дариға Назарбаева емес, "Дариға Алиева" деп көрсетілген. Бұл жалған құжатты австриялық банктен шот ашу үшін жасатқан-мыс. Бұл деректер Назарбаеваның “саясаттағы маңызды адам” деген мәртебесіне нұқсан келтіреді және оның банк тарапынан қосымша сақтық шараларын пайдалануына кедергі болатын көрінеді.

Естеріңізге сала кетейік, Дариға Назарбаеваның бұрынғы күйеуі - марқұм Рахат Әлиев болған. Кейін екеуі ажырасқан. Екеуінің үш баласы бар. Олар Нұрәлі Әлиев, Айсұлтан Назарбаев және Венера Назарбаева.

Қырғыз сайты спикер Дариға Нұрсұлтанқызын жалған құжат жасау фактісі бойынша айыптап отыр.

Заң шеңберінде қарасақ, Назарбаеваның бұл әрекеті расталған жағдайда “жалған құжат қолдану” фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексiнің 325-бабы 3-бөлiгiне сәйкес, жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу бойынша жазалануы тиіс. Ал жоғарыдағы фактінің рас-өтірігін анықтау құзырлы органның міндеті.

Айта кетейік, Дариға Нұрсұлтанқызы 2013 жылы Қазақстандағы Forbes тізімінде 130-шы орынға ие болды. Ол кезде Назарбаеваның дәулеті шамамен 595 миллион долларға бағаланған. Халықаралық зерттеушілердің айтуынша, ол қаржының басым бөлігі оффшорда сақталған көрінеді.

Бүгінде Дариға Нұрсұлтанқызы ҚР Парламент Сенатының Төрайымы. Лауазымды тұлға. Қазақстанның Заң бойынша "запастағы президенті". Ал оның аты соңғы кездері ақпаратта жиі айтылып жүр. Жақсы жағынан болса, және бір сәрі... Айтылып жатқан әңгіме сол баяғы оффшор жайлы. Бұл өз кезегінде елдегі әлеуметтік проблемалардың дер кезінде шешілмеуінен ел-халықтың наразылығы өршіп тұрған, осындай алағай да, бұлағай кезеңде - кері факторды тудырмаса игі еді. Сондықтан, спикер ханым алдағы уақта аталған мәселелерге қатысты бір ауыз пікір білдірер деген үміттеміз... Біздікі сақтықтың сөзі...

Нұрбике Бексұлтанқызы

Abai.kz

كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=51&id=1022301

Пікірлер::

juz dep sifermen jazingiz.