كومپيۋتەر نۇسقاسى Компйутер нұсқасы
Қолфон нұсқасын түсіру (Android) | Ассаламу ғалайкұм.
Email:
Құпя:
немесе ел-арнаға мүше болу!

Қолайлы бет | бұгін | кеше | жалпы мәлімет

Еларнаға тіркеліңіздер ...
Қазақтың 1001 ертегісі
СанақКелген (IP)Көрілген (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-201983628842 %58 %
2019-11-212416771848 %52 %
2019-11-221829392449 %51 %

Қыздарға не жорық?!. · Жаңалықтар · E-iSLAM


Түрі: Рухани ақпарат

Жолданған уақыты: 06:40 - 2014/05/14

: PDF Download - Жұктеұ - Скачать - ءتۇسىرۋ


elarna.net Printed Version.

Қыздарға не жорық?!. · Жаңалықтар · E-iSLAM
Қыздарға не жорық?!.
Қыздарға не жорық?!.
14 Мамыр 2014

Бірінің жасы бар болғаны 17-де, ал екіншісі 24 жаста. Сирия үкіметіне қарсы тарапта соғысатын жауынгерлер сапында болған бұл қос қызды Қырғызстан мемлекеттік Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сириядан қайтарып алды. Бұл туралы "sunnapress.kz" хабарлайды. Қазіргі уақытта тергеуге алынған екеу әскери дайындықтан өткенін айтады, ал қан майданның ортасына  барғандарын теріске шығаруда. Олардың да түбіне жеткен интернет екен. Белгісіз бір адаммен интернет арқылы байланысқан екеуі Сирияға Түркия арқылы жетіп, боевиктердің лагерінде тұрақтайды. Әзірге бар факт осы. Ал олардың еліне оралуы түрік қауіпсіздік қызметінің арқасында мүмкін болған. Қырғыз мемлекеттік қауіпсіздік қызметі таратқан мәлімет бойынша Сирияға кеткен азаматтардың саны 70-тен асыпты. Бұл тек ресми дерек қана. Олардың арасында жекелей де, отбасымен де аттанғандар бар. Кей мәліметтер ондаған қырғыздың Сирия майдандарында қаза болғанын растайды. Ал Сириядан оралған 25 қырғызстандық азамат тікелей мемлекет бақылауында. Себебі олар террористік ұйымдар шекпенінен шыққан ұлт қауіпсіздігіне тікелей зиян келтіретін қылмыскерлер қатарына іліккен. 

E-islm.kz

كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=52&id=268314

Пікірлер::

juz dep sifermen jazingiz.

Жолаушы: #5559، Уақыты: 03:50 - 2016/07/24

hazahstandace keybeer ayelder ale bastaren orap alcane macan unamayde, kazahteng oz keymexegen kestelep marjandap keyep alsa handay keremet jarasade


Жолаушы: #4666، Уақыты: 09:51 - 2014/05/19

Қыздар, өздеріңнен кейінгі сіңлі-қарындастарына көрсеткен үлгі тәрбиелерің осыма сонда, осындай дамыған заманда бұл санасыздықты,сауатсыздықты мәдениеттен жұрдай екендеріңді көрсетпейма. Ойланатын кез келді .


Жолаушы: #4665، Уақыты: 09:42 - 2014/05/19

Қыздар сендер өзге елге барып соғысатындай не бастарыңа күн туды. Жас өсіп келе жатқан сіңлі қарындастарыңа көрсеткен тәрбие үлгілерің осыма. Ойланатын кез келді.


Жолаушы: #4660، Уақыты: 07:36 - 2014/05/17

Сирияға кеткен бауырлар елге қайтыңдар сендерді өз отандарың күтуде. Қазақ бауырлар сендер өздеріңді ғана емес, перзенттеріңді де ойлаңдар.


Жолаушы: #4659، Уақыты: 07:35 - 2014/05/17

Елін, жерін тастап кеткен бауырлар ойланыңдар, елге оралыңдар кеш болмай тұрғанда.


Жолаушы: #4658، Уақыты: 07:35 - 2014/05/17

Сирияға кеткен бауырлар өз елдеріңе қайтыңдар. Өз отандарың сендерді жақсы күтіп алады деп ойлаймын.


Жолаушы: #4657، Уақыты: 07:35 - 2014/05/17

Сирияға кеткен бауырлар өз отандарыңа, өз елдеріңе, бала-шағаңның алдына қайтыңдар.


Жолаушы: #4656، Уақыты: 07:34 - 2014/05/17

Сирияға кеткен бауырлар естерің барда елдеріңе қайтыңдар, әліде бұл тығырықтан шығар жол бар деп сенемін.


Жолаушы: #4655، Уақыты: 07:34 - 2014/05/17

Жастардың 5 уақыт намаз оқығанына алғашында қуанатынбыз, кейін келе олардың дінді жамылып жасаған іс әрекеттеріне қарап қамығып жүрміз. Біз ел болып олардың іс әрекеттеріне тосқауыл қойа білуіміз керек.


Жолаушы: #4654، Уақыты: 07:33 - 2014/05/17

Тәрбиелеп өсірген аналарың сендерді тас бауыр болсын деп тәрбиелеген жоқ шығар. Ал сендердің бала шағаларыңды кішкентайынан соғыс, бөтен елге барып соғыс көрсін деп бермеген шығар. Бастарың аман дендерің сау кезде жанұяларыңмен елге оралыңдар. Туған анаңнан артық кім бар және анаңның разылығын алмай көз жасына қалып жатырсыңдар.


Жолаушы: #4653، Уақыты: 07:33 - 2014/05/17

Тәрбиелеп өсірген аналарың сендерді тас бауыр болсын деп тәрбиелеген жоқ шығар. Ал сендердің бала шағаларыңды кішкентайынан соғыс, бөтен елге барып соғыс көрсін деп бермеген шығар. Бастарың аман дендерің сау кезде жанұяларыңмен елге оралыңдар. Туған анаңнан артық кім бар және анаңның разылығын алмай көз жасына қалып жатырсыңдар.


Жолаушы: #4652، Уақыты: 07:33 - 2014/05/17

Сирияға кеткен бауырлар сендер қалайша түсінбейсіңдер, үлкен державалардың ойыншығы болып жүргендеріңді. Ойланатын кез келді.


Жолаушы: #4651، Уақыты: 07:33 - 2014/05/17

Шет елдерге барып «сәләф» атын жамылып өздерін жахит санап, ағымдардың арбауына түсіп жүрген бауырлар барлық нәрсенің шырқау шегі бар, ойланатын кез келді адаспаңдар, елге қайтыңдар.


Жолаушы: #4650، Уақыты: 07:32 - 2014/05/17

Сирия шамына барып өздерін біз «Ислам» дінінің жанашырларымыз деп, жанын салып біз жихатпыз деп жүрген бауырлар сендер қатты қателесесіңдер. Ең алдымен адам өзінің ата-анасын бақытты қылады. «Жәннат» анаңның табанының астында деген сөз бар емеспе, сендер әліде ойланыңдар күнәхар болмаңдар.


Жолаушы: #4649، Уақыты: 07:32 - 2014/05/17

Сирия шамына барып өздерін біз «Ислам» дінінің жанашырларымыз деп, жанын салып біз жихатпыз деп жүрген бауырлар сендер қатты қателесесіңдер. Ең алдымен адам өзінің ата-анасын бақытты қылады. «Жәннат» анаңның табанының астында деген сөз бар емеспе, сендер әліде ойланыңдар күнәхар болмаңдар.


Жолаушы: #4648، Уақыты: 07:32 - 2014/05/17

Алғашында еліміздегі жастардың дінге бет бұрғанын көріп қуанатынбыз, кейін уақыт өте келе бұл жастардың барлағы деугеде болмас, ішінде дінге жете түсінбей түрлі ағымдардың арбауына еріп, сәлемдесуді «ширкке» санап өздерін біздің салт-дәстүрден ерекшеленуі қатты қынжылтуда. Шет елде ағымның арбауында жүрген бауырларымыз ойланар деген ойдамын.


Жолаушы: #4647، Уақыты: 07:31 - 2014/05/17

Сәләф ғалымдары хабари сипаттарда қолданылған сөздердің ағза мағынасындағы әрі жаратылғандарға тән ерекшеліктерді білдіретін тура мәнін қабылдамаған. Алла мұрат еткен мағынасын қабылдай отырып, жалпылай иман келтірген. Бірақ арамызда жүрген бауырларымыздың балағын келте киіп, қараусыз сақал қойуын дұрыс деп санамаймын


Жолаушы: #4646، Уақыты: 07:31 - 2014/05/17

Сәләф – бұрынғылар дегенді білдіреді. Оған ең әуелі пайғамбарымыздың көзі көрген сахабалары, сахабалардың көзі көрген табиғиндер, табиғиндердің көзі көрген атбағуттар кіретіні талассыз. Алайда қазіргі таңда осындай атпен теріс ағымдағы жүрген бауырларымыздың іс әрекеті қатты қынжылтады.


Жолаушы: #4645، Уақыты: 07:30 - 2014/05/17

Отан отбасынан басталады. Мынау өскелең жастарды кері ағымдардың ықпалынан сақтау үшін дұрыс тәрбие, сапалы білім беріп, бүкіл ел болып қазірден жат ағымдармен күресуіміз керек.


Жолаушы: #4644، Уақыты: 07:30 - 2014/05/17

Дін мен саясатты араластыруға болмайды. Сириядағы біздің қазақстандық азаматтар өздерінің үшінші бір елдің қолшоқпары болып жүргендерін білмейді.


Жолаушы: #4643، Уақыты: 07:29 - 2014/05/17

«Сирияда ешқандай жиқад жоқ, саясатты дінге араластыру дұрыс емес»


Жолаушы: #4642، Уақыты: 07:28 - 2014/05/17

Ислам атын жамылып, әртүрлі теріс ниеттегі адамдардың ойына келгенін істеуге жол бермеу керек. ол азаматтарды енді түрмеде отырған кезінде жақсы теолог мамандармен кездестіру, пікір таластыру арқылы көз қарастарын өзгерту керек.


Жолаушы: #4641، Уақыты: 07:28 - 2014/05/17

Сирияда джихад бар дегенге өз басым сенбеймін. Адаспаңдар бауырлар. Кішкентай балаларын аяймын, олар нені түсінеді дейсің, қаракөз бауырларымыз ғой. КНБ қайтарамыз дейді, өздерінің бастары жоқ болса оларға қандай аяушылық, балдарын қайтарып өздерін тастап кету керек.


Жолаушы: #4640، Уақыты: 07:27 - 2014/05/17

Пайғамбарымыз айтқандай Ислам нәзік бағытта сабырлықпен таралуы тиіс. Қолға қару алып, адам өлтіріп Алланың ризашылығына бөленулері мүмкін емес. Мұның барлығы мұсылмандарды қатыгез етіп көрсету үшін жасалып жатқан саясат секілді. Саясаттың құрбаны болмайық ағайын.


Жолаушы: #4639، Уақыты: 07:26 - 2014/05/17

Олар адасқандар, джихатқа шығып қарсы жақта мұсылмандар бар екендігін ескермеуде. Алайда джихатқа шыққан қазақстандық бауырлардың ойлары кафирлермен соғысу деп түсінуде. Ол соғыста кімнің мұсылман және кафир екендігін бір Алла біледі.


Жолаушы: #4638، Уақыты: 06:56 - 2014/05/17

Бұл қос қыздың іс әрекеті дұрыс емес деп санаймын.