كومپيۋتەر نۇسقاسى Компйутер нұсқасы
Қолфон нұсқасын түсіру (Android) | Ассаламу ғалайкұм.
Email:
Құпя:
немесе ел-арнаға мүше болу!

Қолайлы бет | бұгін | кеше | жалпы мәлімет

Еларнаға тіркеліңіздер ...
Қазақтың 1001 ертегісі
СанақКелген (IP)Көрілген (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-111849557649 %51 %
2019-11-121795452839 %61 %
2019-11-132609370368 %32 %

Ақтау айлағынан ай сайын Батумиге 10-15 мың тонна газ жеткізу жоспарлануда - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаң


Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 17:20 - 2019/10/10

: PDF Download - Жұктеұ - Скачать - ءتۇسىرۋ


elarna.net Printed Version.





Бакуде Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы үкіметаралық комиссияның отырысы өтті.

Кездесудің басты тақырыбы – қазақстандық газдың транзиті. Сондай-ақ қос тарап өзге жүктердің транзиті, ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу, көлік тасымалы мен туризм мәселелерін талқыға салды. Мәжіліс қорытындысы бойынша бірқатар келісім жасалды.

Қазақстан Әзербайжан және Грузия аумағы арқылы сұйытылған газды сыртқы нарықтарға тасымалдай бастады. Тараптар өнім көлемі мен тарифтер бойынша келісімге келді. Ақтау айлағынан ай сайын Батумиге 10-15 мың тонна газ жеткізу жоспарда бар. 

Қанат Бозымбаев, ҚР энергетика министрі:

– Теңіз кенішінен ай сайын 10-15 мың тонна сұйытылған газ жіберліп тұрады деп болжап отырмыз. Сұранысқа қарай кәсіпорындарымыз келешекте осы бағытта тауар айналымын арттырады деген үміттеміз.

Баку-Тбилиси-Джейхан құбыры арқылы қазақстандық мұнайды тасымалдау бойынша министр бұл бағдарды толтыратын шикізат әзірше жоқ екенін атап кетті. Алайда 2022-2023 жылдары Қашаған, Теңіз және Қарашығанақ кеніштеріндегі жобалар іске қосылғаннан кейін, мұнай өндірісі күрт өсетін түрі бар. Сонда осы бағытпен ауқымды көлемде шикізат тасымалдау мүмкіндігі болады.

Парвиз Шахбазов, Әзербайжанның энергетика министрі:

– Әзербайжан аумағы арқылы қазақстандық энергия қорларын тасымалдау бойынша екі жұмыс тобы еңбек етіп келеді. Осы мәселе бойынша біраз жетістікке қол жеткіздік. Сондай-ақ машина жасау өнеркәсібімен Қазақстанның энергетикалық жобаларына қатысу мәселесін қарастыруға келістік.

Сондай-ақ үкіметаралық комиссия отырысында баламалы энергетика саласындағы өзара ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Әзербайжан бұл бағыттағы Қазақстан тәжірибесін белсенді пайдалануға ниетті.

Авторлары: Шафаг Алиева, Айгюн Гасан

كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1058304

Пікірлер::

juz dep sifermen jazingiz.