كومپيۋتەر نۇسقاسى Компйутер нұсқасы
Қолфон нұсқасын түсіру (Android) | Ассаламу ғалайкұм.
Email:
Құпя:
немесе ел-арнаға мүше болу!

Қолайлы бет | бұгін | кеше | жалпы мәлімет

Еларнаға тіркеліңіздер ...
Қазақтың 1001 ертегісі
СанақКелген (IP)Көрілген (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-181794515640 %60 %
2019-11-192440715839 %61 %
2019-11-20776224542 %58 %

Бердібек Сапарбаев елорданың бірқатар спорт және медициналық нысандарын тексерді


Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 10:12 - 2019/10/10

: PDF Download - Жұктеұ - Скачать - ءتۇسىرۋ


elarna.net Printed Version.

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын іске асыру аясында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Нұр-Сұлтан қаласындағы бірқатар спорт және медициналық нысандарды аралады. Бұл туралы ҚазАқпарат primeminister.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Өскеменде балаларға арналған аурухананың құрылысы аяқталды Нұр-Сұлтан мен Өскеменде ғана бар: Вице-премьер роботталған хирургия кабинеті жайында Мектеп бағдарламасына «Экология сағаты» пәні енгізіледі - Сапарбаев

Вице-премьердің нысандарды аралауы қаланың ескі медициналық мекемесі ‒ орталық темір жол ауруханасын аралаудан басталды. Оның корпустары 60 жыл бұрын салынған әрі қатты ескірген. Осы уақытта ауруханада бір рет те жөндеу жұмыстары жүргізілген жоқ. Сонымен қатар, медициналық мекемеде елорданың халық көп орналасқан аудандарының бірі — Сарыарқа ауданының тұрғындарына қызмет көрсетіледі.

Әкімдік пен Денсаулық сақтау министрлігі бұл мәселені 600 орынға арналған жаңа медициналық кешен салу арқылы шешуді жоспарлап отыр. Болашақ құрылыстың учаскесі анықталды. Мемлекеттік-жекешелік серіктестік жобасын іске асыру үшін Түркиядан инвестор тарту жоспарлануда.

Вице-премьер сондай-ақ қатерлі ісік ауруларын емдеуге жоғары мамандандырылған көмек көрсететін Көпбейінді медициналық орталықта болды. Алдыңғы жылдары онкологиялық орталық «СҚ-Фармация»-ға 1,3 млрд теңге көлемінде қарыз болып қалды. Бұл жағдайды шешу үшін арнайы комиссия құрылды.

Премьер-Министрдің орынбасары жауапты мемлекеттік органдарға медициналық орталықты науқастарды емдеуге қажетті дәрі-дәрмектермен толықтай қамтамасыз етуді тапсырды.

Сонымен қатар, Бердібек Сапарбаев «Қазақстан» спорт кешенінде және «Толқын» олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде болды.

«Қазақстан» СК 2001 жылы салынған, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. Бүгінде мұз аренасы жұмыс істейді, бірақ бассейннің апаттық жағдайына байланысты жабық тұр. Жалпы, нысан толық жаңғыртуды қажет етеді. Мемлекеттік-жекешелік серіктестік аясында шетелдік инвесторды тарту жоспарлануда. Бүгінде қажетті рәсімдер орындалып жатыр. Келесі жылы жұмыстар басталады. Құрылысты 2023 жылы аяқтау жоспарланып отыр», — деді елорда әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен.

«Толқын» спорт мектебінің шатыры күрделі жөндеу жұмыстарын талап етеді.

«Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге жергілікті бюджеттен қаражат бөлінді. Конкурстың жеңімпазы анықталғаннан кейін біз жұмысқа кірісеміз. Жөндеу жұмыстарын келесі жылдың қыркүйегіне дейін аяқтауға тырысамыз», — деп сендірді Б. Мәкен.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Бердібек Сапарбаев Денсаулық сақтау министрлігі мен қала әкімдігі алдына бірқатар міндеттер жүктеп, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау Үкіметтің ерекше бақылауында екенін атап өтті.

Айта кету керек, Мемлекет басшысы жақында өткен елорданы дамыту жөніндегі кеңесте спорттық нысандардың қолжетімділігін арттыру және медициналық қызметтердің сапасын жақсарту жөнінде бірқатар тапсырмалар берген болатын.

كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1058002

Пікірлер::

juz dep sifermen jazingiz.