كومپيۋتەر نۇسقاسى Компйутер нұсқасы
Қолфон нұсқасын түсіру (Android) | Ассаламу ғалайкұм.
Email:
Құпя:
немесе ел-арнаға мүше болу!

Қолайлы бет | бұгін | кеше | жалпы мәлімет

Еларнаға тіркеліңіздер ...
Қазақтың 1001 ертегісі
СанақКелген (IP)Көрілген (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-101398437443 %57 %
2019-11-111849557649 %51 %
2019-11-12842224040 %60 %

Я люблю тебя Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл! Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл!


Түрі: Массагет мақалалары

Жолданған уақыты: 23:00 - 2019/10/09

: PDF Download - Жұктеұ - Скачать - ءتۇسىرۋ


elarna.net Printed Version.

Я люблю тебя Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл! Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл!


Я люблю тебя

07.10.19 күні Есентай молл "Kinopark 11 IMAX" кинотеатрында өткен Гүлнұр Мамасарипованың "Я люблю тебя" атты су жаңа фильмнің жабық көрсетілімін тамашаладым.

Фильмнің басты рөлін белгілі актёр Жандос Аббасов пен, әнші қыз Сара Амангелді (Гүлнұр Мамасарипованың туған қызы)  сомдады. Қатал тәртіпте өсіп, бойжеткен әнші, талантты, болашағынан үлкен үміт күттіріп отырған Сара қыздың әрбір қозғалысы анасы Жаннаның бақылауында болды. 

Соған қарамастан, тағдыр әнші қызды ережесіз жекпе- жекпен айналысатын, қарапайым Бек атты жігітпен жолықтырады. Кездесулердің соңына ұласқан нәзік сезім мен әдемі махаббат корерменнің көңілін бірден жаулап алды..

Ал Сараның анасы бұл қарым-қатынасқа қарсы тұрып, 2 ғашықтың арасына кедергі  жасаумен болады..

Фильм Сараның ғашығы Бектің "Махаббат кенеттен кезігеді, кезігеді де, сені ешқашан сезінбеген күйге бөлейді. Ол сені өзгертеді. Саған күш береді. Қанаттандырады.. Мен сені бүгін сүйемін. Ертең де сүйетін боламын және осылай, соңына дейін мәңгі сүйіп өтемін" деген сөзімен аяқталады.. 

Көрсетілім соңында фильмнің продюсері, актерлік құрамымен кездесу сұхбат өтті.

Продюсер Гүлнұр Мамасарипова:

"Дайындық және  түсірілім үшін 3 айға жуық уақыт кеткен болатын. Мен касса үшін комедия жанрында емес, жастар үшін әдемі история түсіргім келді", деп, біраз сұрақтың жауабын қысқа қайырды.

Сонымен қатар, продюсердің айтуынша фильмге 50 миллион тг қаражат жұмсалған екен.

Сұхбат соңында, глобалды тіл жөнінде мәселе қозғалды. Продюсер бұл сұраққа "Бұндай киноның көрермендік массасын жинайтын 18-25 жастағы жастар мен жасөспірімдер екендігі түсінікті. Қазіргі жастар орыс тілінде ойлап, сөйлеседі ғой. Сол үшін киноның тез сіңімділігін ойлай келе, орыс тілінде түсіруге бел будым", деп жауап берді. 

Айта кететин жағдай, осыған дейін Г. Мамасарипова  тек қана қазақ тілінде сериалдар түсірген болатын. 


كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=41&id=1057904

Пікірлер::

juz dep sifermen jazingiz.