كومپيۋتەر نۇسقاسى Компйутер нұсқасы
Қолфон нұсқасын түсіру (Android) | Ассаламу ғалайкұм.
Email:
Құпя:
немесе ел-арнаға мүше болу!

Қолайлы бет | бұгін | кеше | жалпы мәлімет

Еларнаға тіркеліңіздер ...
Қазақтың 1001 ертегісі
СанақКелген (IP)Көрілген (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-101398437443 %57 %
2019-11-111849557649 %51 %
2019-11-12842224040 %60 %

Дариға Назарбаева«Зенит» кеме жасау зауытының жұмысымен танысты - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар


Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 19:10 - 2019/10/09

: PDF Download - Жұктеұ - Скачать - ءتۇسىرۋ


elarna.net Printed Version.


Дариға Назарбаева«Зенит» кеме жасау зауытының жұмысымен танысты


Ұлттық қорғаныс өнеркәсібін дамыту мемлекеттің маңызды бағыттарының бірі болуы тиіс.

Орал қаласындағы «Зенит» зауытында болған Парламент Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева «қорғаныс саласына өнім шығарып отырған отандық кәсіпорындарды қолдау керек», деді.

Осы салада жұмыс істейтін кәсіпорындардың құқықтық-нормативтік базасын жасақтау мақсатында жыл басында «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» жаңа заңнын қабылданғанын айтты.

Сенат төрағасы «Үкімет отандық кәсіпорындарды дамыту үшін тапсырысты бірінші кезекте соларға беру керек», дейді. Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары кезінде Дариға Назарбаева ұлттық мәдени орталықтардың және жастар мен еріктілер бірлестіктерінің өкілдерімен кездесті. Сенат спикері Қазақстан халқы Ассамблеясының елдегі ауызбірлік пен татулықтың кепілі болып, ұлтаралық ынтымақтастықты насихаттап отырғанын айтты. Ал, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесуде БАҚ саласын дамытуға арналған мемлекеттік стратегия туралы пікір алмасты. Сондай-ақ осы құжатты дайындауға үлес қосуға шақырды.

 

كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1057828

Пікірлер::

juz dep sifermen jazingiz.