كومپيۋتەر نۇسقاسى Компйутер нұсқасы
Қолфон нұсқасын түсіру (Android) | Ассаламу ғалайкұм.
Email:
Құпя:
немесе ел-арнаға мүше болу!

Қолайлы бет | бұгін | кеше | жалпы мәлімет

Еларнаға тіркеліңіздер ...
Қазақтың 1001 ертегісі
СанақКелген (IP)Көрілген (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-101398437443 %57 %
2019-11-111849557649 %51 %
2019-11-12842224040 %60 %

Музей табысы ауыл шаруашылық өнімдерінен түскен пайдамен бірдей тең болды немесе музейімен-ақ мал табудан алды


Түрі: Рухани ақпарат

Жолданған уақыты: 12:00 - 2019/10/09

: PDF Download - Жұктеұ - Скачать - ءتۇسىرۋ


elarna.net Printed Version.

Музей табысы ауыл шаруашылық өнімдерінен түскен пайдамен бірдей тең болды немесе музейімен-ақ мал табудан алдына қара салмаған ел

Италияның мемлекеттік музейлерінің аталған елдің жалпы ішкі өніміне қосқан үлесі сол елдің күллі ауыл шаруашылық өнімдерін сатудан түскен табыспен шамалас болған. Яғни, мәдениеттің бір ғана тармағынане түскен табыс күллі ауыл шаруашылық өнімдерінен түсетін табысқа тең. Бұл жайында Askanews ақпарат көзі Италияның мәдениет министрі Дарио Франческини келтірген мәліметке сілтеме жасай отырып хабар таратты. Аталған елдің мемлекеттік музейлері жалпы ішкі өнімнің шамамен1,6%-ын қамтамасыз еткен, Италия аумағындағы музейлердің 90%-ы жекеменшік екенін ескерсек, сол елдегі музейлердің барлығының табысын есептесек, бір ғана музейлерден түскен табыс басқа салалардан түсетін табыс мөлшерін әлденеше есе орап кетері сөзсіз. Ал ауыл шаруашылық өнімдерінің Италияның жалпы ішкі өнімдегі үлесі шамамен 2,1%. Бұл нені көрсетеді? Мәдениетті гуманитарлық мақсатта ғана емес, сонымен қатар, экономикалық мақсатта да инвестиция құюға болатынын көрсетеді. Италия Еуропада алма мен қызанақ өндірісі бойынша бірінші орынға шыққанына қарамастан аталған ел музейлерінің осыншалықты толағай табысқа жетіп отырғаны қуантады. 2017 жылы Италияда өсірілген алма кәрі Еуропалық одақ құрамындағы елдерде өсірілген барлық алманың 20%-ын құраған – 2,2 млн тонна. Сол мерзімде аталған ел аумағында өсірілген әрі жиналған қызанақ 6 млн тоннаға жеткен. Бұл ЕО құрамындағы елдердің бәрін қосқанда 39,9%-ды құраған көрсеткіш болды.

كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=52&id=1057546

Пікірлер::

juz dep sifermen jazingiz.