كومپيۋتەر نۇسقاسى Компйутер нұсқасы
Қолфон нұсқасын түсіру (Android) | Ассаламу ғалайкұм.
Email:
Құпя:
немесе ел-арнаға мүше болу!

Қолайлы бет | бұгін | кеше | жалпы мәлімет

Еларнаға тіркеліңіздер ...
Қазақтың 1001 ертегісі
СанақКелген (IP)Көрілген (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-111849557649 %51 %
2019-11-121795452839 %61 %
2019-11-132050291567 %33 %

СҚО-да дәрігер болуға келісімшарт жасасқан 14 дәрігер өңірге бармай қалған - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаң


Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 10:40 - 2019/10/09

: PDF Download - Жұктеұ - Скачать - ءتۇسىرۋ


elarna.net Printed Version.





Солтүстік Қазақстан облысында ауылды жерге жұмысқа орналасқан дәрігерге 1,5 миллион теңге көтермеақы беріледі.

Мұнымен қоса, жергілікті билік баспана мәселесін де шешіп беруге әзір, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда мұндай қолдаудың өзіне қызығушылық танытып жатқандар аз. Мәселен биыл Петропавл қаласындағы емханалардың біріне 19 жас маман келуі тиіс еді. Олар жоғары оқу орнын тәмамдар алдында арнайы келісімшарт жасасқан. Соған қарамастан тек бесеуі келген. Сондықтан жауаптылар «бұл мәселеге Денсаулық сақтау министрлігі араласса» дейді.

Әріптесінің демалысқа шығуына байланысты Жангелді Әбілкин қазір басқа учаскеге тіркелген науқастарды қатар қабылдауға мәжбүр. Өйткені емханада жалпы тәжірбиелік дәрігер саусақпен санарлық. «Сондықтан кей күндері тіпті 50-60 адамды қарауға тұра келеді»,- дейді ақ халатты.

Жангелді Әбілкин, жалпы тәжірбиелік дәрігер:

Қазір эпидемиологиялық маусым басталған шақ. Оның үстіне бір науқасты қарауға небәрі 12 минут беріледі. Сондықтан бәріне үлгеруіміз қажет. Салдарынан кейде жұмыста кешкі сағат 8-9-ға дейін отырып қалатын күндер болады.

Ия, мамандардың аздық етуіне байланысты қазір емханада кезек күтіп, тағаты таусылған тұрғындар көбейген.

Анна Щербакова, қала тұрғыны:

Дәрігерге қаралу үшін бүгін бір сағаттан артық кезекте тұрдым. Қазір міне, жолдама алу үшін медбикені тағы тосып отырмын. Кейде қабылдауға жазылып уақытымен келсең де, күтуге тура келеді.

№2 емхана – шаһардағы ең ірі медициналық мекемелердің бірі. Мұнда 80 мың адам тіркелген. Ал денсаулық сақтау ұйымына 24 маман тапшы. Бұл жалпы ұжымның 30%-ін құрап отыр.

Жеңіс Әбілев, №2 қалалық емхананың бас дәрігері:

Кадр мәселесін шешу үшін биыл еліміздегі жоғары оқу орындарымен 19 келісімшарт жасастық. Алайда тек бес маман ғана жұмысқа келді. Кейбіреулерімен тіпті байланыса да алмай қалдық. Ал олар кем дегенде үш жыл бізде еңбек етулері керек еді. Сондықтан Денсаулық сақтау министрлігі осы мәселеге қаперге алса дейміз. Өйтпеген жағдайда мамандар оқуға кеткен шығынды толықтай өтеп берулері тиіс деп ойлаймын.

Дәрігер тапшылығы бүгінде өңірде өткір тұрған сұрақтардың бірі. Облысқа әлі де акушер-гинеколог, анестезиолог сынды 230-ға жуық ақ халатты жетіспейді.

Авторлары: Самат Қайырденұлы, Руслан Әлиев

كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1057490

Пікірлер::

juz dep sifermen jazingiz.