كومپيۋتەر نۇسقاسى Компйутер нұсқасы
Қолфон нұсқасын түсіру (Android) | Ассаламу ғалайкұм.
Email:
Құпя:
немесе ел-арнаға мүше болу!

Қолайлы бет | бұгін | кеше | жалпы мәлімет

Еларнаға тіркеліңіздер ...
Қазақтың 1001 ертегісі
СанақКелген (IP)Көрілген (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-161489390735 %65 %
2019-10-171587416432 %68 %
2019-10-18536154135 %65 %

Алматыда онлайн режимде квест-ойын өтеді


Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 12:12 - 2019/09/11

: PDF Download - Жұктеұ - Скачать - ءتۇسىرۋ


elarna.net Printed Version.

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 15 қыркүйек күні алматылықтар қала күнін тойлайды. Шара аясында шаһар көшелерінде ALMAQUEST квесті өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ALMAQUEST — екі кезеңнен тұратын мәдени шара.Оған ниет білдіргендердің барлығы қатыса алады.

Ол үшін almaquest.kz сайтында тіркелу қажет. Финалдық ойынға ұпай санын еселеуге үлес қосатын тестілеуден өтуге болады (міндетті емес). Бұл Алматы көшелерімен жаяу немесе велосипед арқылы өтуге арналған квест.

Аlma Quest — бұл бір сценарий бойынша біріктірілген тапсырмалар тізбегі. Таңғажайып және көңілді командалық спорт ойыны. Ойынның мәні — қаладағы объектілердің шифрланған орнын мүмкіндігінше жылдам табу, барлық тапсырмаларды дұрыс орындау, ой жүйріктігі мен білімнің арқасында мәреге жету.

Тапсырмаларды орындау үшін қаланың негізгі нысандары, тарихи фактілер, мұндағы адамдар туралы қызықты мәліметтерді пайдалануға болады.

Ойын онлайн режимінде өтеді. Барлық тапсырмалар ұялы телефонға түседі.

Қатысу ережелері, шараның басталуы, аяқталуы және сыйлық қоры туралы ақпаратты almaquest.kz сайтынан  алуға болады. 
كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1046520

Пікірлер::

juz dep sifermen jazingiz.