كومپيۋتەر نۇسقاسى Компйутер нұсқасы
Қолфон нұсқасын түсіру (Android) | Ассаламу ғалайкұм.
Email:
Құпя:
немесе ел-арнаға мүше болу!

Қолайлы бет | бұгін | кеше | жалпы мәлімет

Еларнаға тіркеліңіздер ...
Қазақтың 1001 ертегісі
СанақКелген (IP)Көрілген (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-191340442541 %59 %
2019-09-2010832600477 %23 %
2019-09-2116252745 %55 %

ҚР СжИМ жаңа сауда инфрақұрылымының «көлеңкесімен» күреседі


Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 22:33 - 2019/08/14

: PDF Download - Жұктеұ - Скачать - ءتۇسىرۋ


elarna.net Printed Version.

ҚР СжИМ жаңа сауда инфрақұрылымының «көлеңкесімен» күреседі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Сауда және интеграция министрлігінің мәліметтері бойынша, сауданың шамамен 40% «көлеңкеде» тұр, яғни олар салық салуға жатпайды, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.

Сауданың көлеңкесінен шығу тетіктерінің бірі, сауда инфрақұрылымын, оның ішінде сауда нарықтарын жаңғырту болып табылады. Осы орайда, барлық стационарлық емес нарықтар біртіндеп заманауи сауда форматтарына көшеді деп жоспарлануда.

Өндірушілерден халыққа өнімдерді минималды үстеме бағамен жеткізуге және дұрыс сақтамау мен тасымалдаудан болған шығынды екі есе азайтуға мүмкіндік беретін көтерме-тарату орталықтарын салу жұмыстары жүргізілуде.

Болашақта қазақстандық тауарларды жинақтау, өңдеу және сыртқы нарықтарда, оның ішінде Ресей Федерациясында және Орталық Азияда сату арқылы жылжыту кезінде КТО және ТО желісін пайдалану ұсынылады.

Сонымен қатар, мекемеде электрондық сауданы дамыту жұмыстары жүргізілуде.

Министрлік ішкі электрондық сауданы дамытуға және электронды сауда арқылы тауарлардың экспортын жылжытуға бағытталған «Қазақстан Республикасында электрондық сауданы дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған жол картасын» қабылдады.

Осы Жол картасын іске асыру, 2025 жылға қарай бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі электрондық сауданың үлесін 5% дейін арттыруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта электрондық сауда алаңын құру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1034515

Пікірлер::

juz dep sifermen jazingiz.