كومپيۋتەر نۇسقاسى Компйутер нұсқасы
Қолфон нұсқасын түсіру (Android) | Ассаламу ғалайкұм.
Email:
Құпя:
немесе ел-арнаға мүше болу!

Қолайлы бет | бұгін | кеше | жалпы мәлімет

Еларнаға тіркеліңіздер ...
Қазақтың 1001 ертегісі
СанақКелген (IP)Көрілген (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-151110375335 %65 %
2019-09-161515454335 %65 %
2019-09-171545492538 %62 %

Ұлттық табиғи парктерді басқару моделі өзгереді


Түрі: Түрікстан торабы

Жолданған уақыты: 21:20 - 2019/08/14

: PDF Download - Жұктеұ - Скачать - ءتۇسىرۋ


elarna.net Printed Version.

Ұлттық табиғи парктерді басқару моделі өзгереді

Елдегі мемлекеттік ұлттық табиғи парктерді басқарудың моделі өзгеруі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер бизнес үшін экологиялық қауіпсіздік шеңберінде ашық болуы тиіс. Kazakh Tourism ұлттық компаниясы елдегі 13 парктің аумағында туризмді осындай ұстаныммен дамытпақшы. «Көлсайдағы басты проблема инфрақұрылым емес. Басты мәселе - туриске не ұсынамыз деген мәселе. Туристің орналасатын жері, жалға беру бекеттері сияқты қосалқы дүниелері көп. Америка мысалын алатын болсақ, ол жақта бәрі жолға қойылған. Орналастын жер, құралдар мен көлікті жалға беретін бекеттер, аумақты аралайтын соқпақтар мен жол сілтейтін көрнекі ақпарат нақты жасалған. Біз де сондай стандарттарға талпынуымыз керек», - дейді компанияның басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Сәдуақасов.

Ол үшін Kazakh Tourism ұлттық парктердің қолданыстағы бас жоспарларын қайта қарап шықпақ. «Қолданыстағы бас жоспарлармен толық танысқаннан кейін өз ұсынысымызды береміз. Ұлттық парктерді басқарудың бұған дейінгі моделі экологияға негізделген болатын. Ұлттық парктерді жабық ұстау адамды табиғаттан алыстатып жіберуі мүмкін. Ал халықаралық тәжірибе экологияны сақтай отырып та, туристер санын арттыруға болатынын көрсетіп отыр. Жаңа модель туристер санын көбейту кезінде экологияға зиян келмеуін қадағалайтындей етіп дайындалады.

Бұл тұрғыда біздің де санамыз өзгеруі керек. Халық ұлттық парк аумағына демалу үшін кіргенде «ол жерде соңыңда қоқыс емес, аяқ киіміңнің ізі ғана қалсын» деген қағидатты ұстануы керек», - деді ұлттық компания өкілі. Қайрат Сәдуақасов болашақта инвесторлар үшін ұлттық парктер аумағынан жер телімдерін алу шарасы жеңілдеуі мүмкін екенін айтады. «Бизнес парктерге кірген жағдайда қорық аумағында қазір қолданылатын экологиялық талаптардың бәрі сақталатын болады. Ерекше күзетілетін аумақтар туралы заң бар өйткені. Жер учаскелерін беру рәсімдері жеңілдеуі мүмкін. Шектелген шаруашылық қызметтің аясы кеңейтілуі мүмкін. Бірақ бизнес жаппай кіре алмайды», - деді ол.

كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=14&id=1034487

Пікірлер::

juz dep sifermen jazingiz.