كومپيۋتەر نۇسقاسى Компйутер нұсқасы
Қолфон нұсқасын түсіру (Android) | Ассаламу ғалайкұм.
Email:
Құпя:
немесе ел-арнаға мүше болу!

Қолайлы бет | бұгін | кеше | жалпы мәлімет

Еларнаға тіркеліңіздер ...
Қазақтың 1001 ертегісі
СанақКелген (IP)Көрілген (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-12-121633409037 %63 %
2019-12-131401443142 %58 %
2019-12-14557121563 %37 %

Алматы маңында құрғақ шөп өртеніп жатыр


Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 00:12 - 2019/08/14

: PDF Download - Жұктеұ - Скачать - ءتۇسىرۋ


elarna.net Printed Version.

Алматы маңында құрғақ шөп өртеніп жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы аумағында және Алматы облысының «Думан» шағын ауданында, сондай-ақ Талғар ауданының Бесағаш ауылында құрғақ шөп өртеніп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сағат 17.00-де Алматының Төтенше жағдайлар департаментіне Алматы облысының Талғар ауданы Бесағаш ауылында тау етегіндегі құрғақ шөп жанып (15 га) жатқаны туралы хабарлама түсті. Бұл учаске Алматы территориясымен - Думан шағынауданының Әбжаппаров көшесімен шектеседі. Жалынмен күреске Алматы облыстық ТЖД-ның 4 адамы мен 1 техникасы, жергілікті атқарушы орган мен Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Талғар филиалының 29 қызметкері мен 6 техникасы дереу жұмылдырылды. Өңір құтқарушыларына көмекке Алматы қалалық ТЖД-ның 45 адамы мен 9 техникасы аттандырылды. Алматының Құтқару қызметі су таситын 25 көлік жөнелтті», - деп мәлім етті Алматының Төтенше жағдайлар департаментінен.

Қазіргі уақытта барлық бағыт бойынша жалынның жеке секторға ауысу қаупі жоқ.


Еске салайық, 11 тамыз күні Көктөбе бөктерінде құрғақ шөп өртенген болатын. Оны сөндіруге тікұшақтар жұмылдырылды. Көп ұзамай оқиға орнына Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев барды. Бұл жердегі жалын ауыздықтала бере, сол аймаққа жақын жерде өрттің тағы бір ошағы тұтанды. Бұл жолы тілсіз жау Диваев көшесіне жақын болды. Қызыл жалын 1000 шаршы метр аумақты жалмаған. Сол жерден өрт сөндірушілер бір адамның денесін тапты. Қылмыстық іс қозғалды.




كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1034094

Пікірлер::

juz dep sifermen jazingiz.