Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-07-14457388527 %73 %
2019-07-15525205545 %55 %
2019-07-1614853935 %65 %

Құрметке лайық тұлға — «Ана тілі» Ұлт газеті



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ана-тіл газеті

Жолданған уақыты: 01:42 - 2019/05/16



«Ана тілі» газетінен тұғырлы тұлға А.Закарин туралы мақаланы оқып, ол кісі туралы өз пікірімді білдіруді жөн көрдім. 1963 жылы 28 шілдеде Кеңес әскерлерінің қатарында азаматтық борышымды адал орындап, Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетіне оқуға түстім. 

1 қыркүйек 1963 жылы Киров пен Панфилов көшелерінің қиылысындағы бас корпустың 220-дәрісханасында аға оқы­тушы Ғ.Нұртазинадан «Ежелгі Шығыс елдері» тарихынан дәріс тыңдап, ертеңіне Шелек ауданына ауылшаруашылығы жұмысына аттандық. Бұл күн бүгінге дейін есімде сақталып келеді. 1965 жылға дейін тарих факуль­тетінде қазақ бөлімі қағаз жүзінде болып, дәрістер орыс тілінде жүріп, орыс бөлімі студенттерімен бірге оқыдық. Тарих факультетіне оқуға түскен студенттердің көбі әскерден келгендер болатын. Біз қазақ бөліміне түскенбіз.
Бір топ студенттер болып, С.М.Киров атындағы ҚазМУ ректоры А.Закаринге кіріп, қазақ бөлімін қайтадан ашуын өтіндік. Ректор жақсы қабылдап, өтінішімізді жоғары жаққа жеткізетінін айтты. Сөйтіп, 1965 жылы 14 маусымда, сол кездегі Орта және жоғары білім министрлігінің бұйрығымен 1965/66 оқу жылында тарих факультетінде қазақ бөлімін ашу туралы шешім қабылданды. Қазақ бөлімінде дәріс қазақ тілінде жүрді. Тарих факультетінде орыс және шет тілін тереңдетіп оқыту бөлімі ашылды.
Ректор Закарин студенттердің жан-жақты дамуына, әлем мәдени құн­ды­лықтарын игеруіне де көп көңіл бөлді. Нәтижесінде қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ еліміздегі алдыңғы және үздік университеттердің біріне айналды.
Оқу орнының әкімшілік және оқу ғимараттары, ғылыми зертханалар, студенттер жатақханалары мен студенттер сарайы, оқытушы-профессорлардың тұрғынжайы бір жерде орналасуының басында ректор А.Закарин тұрды. 1971 жылы Ө.Жолдасбеков әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің ректоры болып тағайындалды. Алматының Тимирязев көшесінде сәнді, ғажайып студенттер қалашығы бой көтерді.
Мақала авторының ойын қолдап әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бас ғимаратындағы мәжіліс залына бірнеше рет жауапты мемлекеттік қызметтер атқарған ғалым-педагог, ҚазҰУ-ді екі дүркін басқарған профессор А.Закариннің есімі берілсе деген ұсынысты қолдаймын.

Серік Мәшімбаев,
әл-Фараби атындағы
ҚазҰУ профессоры

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=9&id=995548
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Жәнібек Әлімханұлы кезе 6 min
Иеменнің үкімет армясы 9 min
Жәнібек Әлімханұлы кезе 12 min
16 шілде. Туған күн иел 27 min
Ақтөбеде еуропалық сапа 1 sagt
Кубә жаңа сайлау заңын 1 sagt
Мұнайдың әлемдік бағасы 1 sagt
Қарағандылық полицейлер 1 sagt
Халықаралық қатаң шолу: 1 sagt
Сейсенбіде еліміздің ба 1 sagt
16 шілде. ҚазАқпарат кү 2 sagt
Еврөпә одағы квеитте уә 2 sagt
Ресеи армясының көп тас 2 sagt
Қазақстанның 3 қаласынд 3 sagt
«әуелгі мақсатты ұмытпа 3 sagt
Бас мүфти: Татулық пен 3 sagt
Ши жинпиңның жаңа ٴдауы 3 sagt
Павлодар облысында суға 4 sagt
«әуелгі мақсатты ұмытпа 4 sagt
Жүңгө гөминдәң партясы 4 sagt
Жалғас Жұмағұловтың жек 5 sagt
Кеңейтілген отырыстағы 5 sagt
Кубаның темір жолы жаңғ 5 sagt
Орта, шағын финанс құры 5 sagt
Әуе тасымалы арта беред 5 sagt
«Elorda Aqparat» ұжымы 5 sagt
Жүңгө халық азаттық арм 5 sagt
Францияда орман өртеніп 5 sagt
Қытайдың Хоргосы таныст 5 sagt
Қазақстанда 52,9 млрд к 6 sagt