Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-05-18605190941 %59 %
2019-05-19717216142 %58 %
2019-05-205812630 %70 %

РАМАЗАН – ТЕҢДЕССІЗ НЫҒМЕТТЕР АЙЫ — «Ана тілі» Ұлт газеті



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ана-тіл газеті

Жолданған уақыты: 01:21 - 2019/05/16



Серікбай қажы ОРАЗ,
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти

Қасиетті рамазанда ораза ұстау – Алланың екі дүниедегі қисапсыз нығметіне кенелу деген сөз. Осынау нығметке Алланың белгілеген тәртібіне мойынсұнып, 30 күн ораза тұтып, намазға ұмтылып, Құран оқып, садақа беру секілді Раббымыздың жақсы көрген құлшылықтарын орындау арқылы жетеміз.
Сондықтан әр мұсылманның «бір Алланың разылығы үшін» деп шын ықыласпен ниеттеніп, ұмтылуы маңызды. Әйтпесе, барлығы өзі болатындай немқұрайды күйкі тіршілікпен шектелу, осы өмірдегі нәпсі қалауының ығына жығылу нағыз бейшаралық болмақ.
Сахаба Салман әл-Фариси (р.а.): «Шағбан айының соңғы күні Алланың Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бізге мынадай уағыз айтты: «Уа, адамдар! Сендерге ұлық, берекелі ай келіп жетті. Бұл айда мың айдан артық Қадір түні бар. Алла осы айда ораза тұтуды парыз етті, ал түндерінде намаз оқуды ерікті етті. Осы айда Аллаға бір ізгі қасиетпен жақындаған жан басқа уақытта парыз орындағандай. Ал осы айда парыз амалын орындаған адам басқа уақытта жетпіс парыз орындағандай. Бұл – сабырлық айы. Ал сабырдың сыйы – жаннат. Өзара жанашырлық айы. Бұл айда мүміннің ырзық-несібесі еселенеді. Кімде-кім осы айда ораза тұтқан бір жанға ауызашар берсе, оның күнәсі кешіріліп, тозақтан азат етіледі. Ораза тұтушының сауабынан да ешнәрсе кемітілмейді». Осы тұста сахабалар: «Уа, Алла Елшісі! Ауызашар беруге бәріміздің мүмкіндігіміз келмейді ғой» деді. Сонда Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):
«Ораза ұстаушының аузын, тіпті бір түйір құрмамен, не бір жұтым сумен, сүтпен аштырған жанға да сондай сауап жазылады. Бұл айдың басы рақым, ортасы кешірім, ал соңы тозақтан құтылу кезеңі. Кімде-кім осы айда құлына, қызметшісіне жеңілдік жасаса, Алла оның күнәсін кешіріп, тозақтан азат етеді. Бұл айда төрт түрлі қасиетті көбейтіңдер. Оның екеуі Раббыларыңды разы ететін қасиеттер: шәһәдатты және кешірім тілеуді көп айтып жүріңдер. Енді екеуі өздеріңе аса қажетті қасиет: Раббыларыңнан жұмақты сұраңдар да, тозақтан азат етуін тілеңдер. Кімде-кім ораза тұтқан жанға ауызашарда сусын берсе, Алла оны Қиямет күні менің хауызымнан сусындандырады да, ол қашан жұмаққа кіргенше еш шөлдемейтін болады» дейді.
Осы хадистің өзінде қаншама мәліметтер жатыр. «Бұл айдың басы – рақым» дегенді қалай түсінеміз? Бізге Алла Тағаланың 99 көркем есімі мен сипаты белгілі. Соның ішінде біз әр-Рахман және әр-Рахим есімдерін жиі айтамыз. Алланың бұл екі сипаты бүкіл жағынан кәміл, толық мағынаға ие. Ендеше соның рақым сипаты қасиетті рамазанның алғашқы он күндігін еншілепті. Ал аса Рақымды Раббымыздың рақымы Өз даналығымен барша жаратылғандарды қамтыған. Күллі игіліктер мен қисапсыз ырзық-несібелер содан. Тіршіліктің ғажайып көріністері мен табиғат әсемдігінің барлығы да құдіреті күшті Раббымыздың рақымдылығынан. Жаратушы Иеміз ерекше мейірімімен салиқалы пенделерін екі дүниеде де мейіріміне бөлеп, кешіреді. Бір сәт ойланыңызшы, бұл өмірде анасының перзентіне деген сүйіспеншілігінен ыстық не бар? Ал Раббымыздың мейірімі бізге анамыздың сүйіспеншілігінен де артық. Ол рақым сипатымен пенделерінің жүрегіне иман ұялатып, құлшылық жасауға бастайды.
Осылайша шексіз мейірімімен жаннат бақшаларына кіргізіп, мәңгі бақытқа бөлейді. Халқымыздың: «Алланың рақымы жау­сын!» деген қасиетті батасы бар. Осы бір ауыз сөзде қаншама құпия, береке бар…
Бағамдасақ, Алланың мейірімі, рақымы төгілген адам ғана ораза тұтып, құлшылыққа ден қоймақ. Сол сияқты Раббымыздың мейірімінен үміттенген пенде мұсылмандық парыздарды түйсініп, жақсылық жасауға асықпақ. Қосылғыштардың орнын ауыстырғанмен қосынды өзгермейтіні секілді, бұл екеуі сырт көзге ұқсас сезіледі. Алайда мұнда адам баласына берілген ерік, қалаудың орны ерекше. Яғни «адамды Алланың өзі өзгертпесе, бізден не шара» деп шарасыздық таныту мұсылман баласына жат. Өйткені пайғамбарымыздың хадистері арқылы дұға – құлшылық өзегі, мұсылманның қаруы екенін жақсы білеміз. Біздің қолымызда керемет қару – дұға, тілек тілеу болғандықтан, өзіміз үшін де, өзгелер үшін де Алланың рақымын жалықпай тілеуіміз қажет.
Хазіреті Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):
«Рамазан айының алғашқы түні болғанда шайтандар мен дүлей жындар кісенделеді. Тозақтың қақпалары тарс жабылады да, біреуі де ашылмайды. Жұмақтың қақпалары айқара ашылады да, біреуі де жабылмайды. Бір жаршы: «Ей, жақсылық қалаушы, баста! Ей, жамандық қалаушы, таста! Алланың тозақтан азат ететін құлдары бар!» деп жар салады. Әр түні осылай айтылады» деген.
Ал имам Мүсілімнен жеткен риуаятта Алланың Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген:
«Адам баласының әрбір іс-амалы оннан жеті жүз есеге дейін көбейтіледі. Алла Тағала былай дейді: «Тек оразаның жөні бөлек. Оның сауабын Өзім беремін. Өйткені ол Мен үшін қызықтардан, ішіп-жемнен бас тартқан». Ораза тұтушының екі қуанышы бар: біріншісі аузын ашқанда, ал екіншісі Раббысымен жолыққанда. Сөзсіз, ораза тұтушының аузынан шыққан иіс Алланың құзы­рында хош иісті мисктен артық».
Ендеше, Ұлы Жаратушымыздың рақымына бөлену мүмкіндігі туған сын сағатта әрбір мұсылманның бейқамдық пен шарасыздықты жеңіп, нәпсісін рухына бағындыруы – нағыз мықтылық. Өйткені Раббымыз біз үшін шайтандарды кісендеп, тозақтың қақпасына құлып салып, жаннат бақшаларының есігін айқара ашқан сәтте мұсылман баласы қалайша оған ұмтылмайды? Бойындағы нәпсісіне емес, әлемдердің Жаратушысына құл болу бақытынан қалайша бас тартпақ? Рақымға тұнған Рамазанның нығметтерінен қалай құр алақан қалмақпыз?
Әлбетте, біз ата-бабаларымыздың салып кеткен сара жолын жалғастырып, Алланың рақымына бөлер асыл дініміздің діңгегінің бірі рамазан оразасын барынша бірлік-ынтымақпен жалғастырып, ойдағыдай өткізейік, ағайын! Әлі де ораза ұстаса болады. Жақсылыққа кенелуге әлі де кеш емес.
Ал сонда Раббымыздың Рақымынан үміттенген мұсылманға қасиетті рамазанның кешірімі мен сансыз мейіріміне көмкерілген нығметтер есігі ашылмақ.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=9&id=995539
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар