Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-07-14457388527 %73 %
2019-07-15525205545 %55 %
2019-07-1614853935 %65 %

Сынған сәуле… — «Ана тілі» Ұлт газеті



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ана-тіл газеті

Жолданған уақыты: 01:00 - 2019/05/16



Түс ауа «Әмірхан қайтыс болды» деген қаралы хабар естіп, жүрек бір аунап түсті. Ажал құрығын Әмірханға салыпты. Қамшының сабындай болған өмір-ай десеңші. Қалайша бұлай болғаны? Қайран, Әмірхан… Сенің орның енді отбасы, ағайын-бауырыңды айтпағанда, әдеби ортада ойсырап қалады-ау…
Азалы хабар жата ма, біз барғанда «Құлагердегі» үйінің ауласына біраз жұрт жиналып қалған екен…
Әмірханмен КазГУ-де танысқанбыз. ІІ курстың алғашқы семестрін аяқтап, ауылға демалысқа барып келген кезіміз. Шын мәнінде студент болғанымызды енді сезініп, еңсе көтере бастаған уақыт. Бұған дейін тек өз факультетімізде оқитын мықтыларды ғана таныған екенбіз. Мықтылар астыңғы қабаттағы журфакта да жетіп артылады дегенді талай естісек те, аудитория мен кітапхананың арасын жол қылып жүріп, олар өткізіп жататын кештерге қатыса алмадық. Мұндай кештерді ұйымдастыратын негізінен филфак пен журфактың студенттері ғой. О кезде қазіргідей емес, екі факультеттің шығармашылық байланысы сұмдық болатын.

Кілең «сен тұр, мен атайын» дейтін сайдың тасындай өнерлі жігіттер мен ақын қыздар екі факультетте де көп еді. Үшінші залда болатын кездесулерді айтпағанда, кешке таман журфактың №5 жатақханасы мен филологтардың №8 жатақханасының арасындағы шағын алаңқай думанға айналатын. Әнші-серісі де, ақын-перісі де осы жерде табысып жататын. Бұл кездесулер кей кездері жатақханадағы бөлмелерде таң атқанша жалғасып, біреуінің «шығармашылық кешіне» айналып та кететін. Айтыс десе айтысып, тартыс десе тартысып жататын қызық уақыт қой ол. Иә, іштей бәсекелестік те болатын. Бірақ ол ешқашан бақталастық деген жаман ауруға ұласқанын көрмеппіз. Ең бастысы, еншісі бөлек болса да екі факультеттің ұл-қызын табыстырған әдебиет дейтін әсем әлем бар еді.
Осындай кештердің бірінен кейін жур­фактағы жерлес қыздардың бөл­месінде Әмірханмен таныстық. Қасында – Мұхтар сері. Ел-жұртқа ай­тыскер ақын, әнші ретінде танылып қалған Мұхтар Бөпетаев. Үкілі домбы­расы қолында, «жаяу адам жатып қарайтын, аттылы адам түсіп қарайтын-ақ» дегендей-ақ жігіт екен. Бұрыннан таныс болмасақ та әңгімеміз жарасып кетті. Мұхтар да, Әмірхан да екі-үш көйлек бұрын тоздырған сақа жігіттер екені көрініп-ақ тұр. Әсіресе Әмірхан әдетте үстел басында айтылатын сту­дент­тердің сұйықтау сөзінен емес, әңгіме төркінін әдебиеттің ауылынан іздеп отыр. Қазақ қаламгерлерінің шығармалары да, әлем классиктерінің туындылары да Әмірханның талқысына түсуде. Филфакта оқимыз деген атымыз бар емес пе, басында біз де сөзге араласып, пікір айтқандай болып ек, соңғы жағында жүрістен жаңыла бастадық. Әмірхан қамшы салдырар емес. Сұрапыл екен. Шығармасы түгіл, әлі атын да естімеген әлемдік әдебиеттің дүрлері туралы сөз қозғағанда, өзіміздің тым балаң екенімізді сезіндік. Бірге барған жігіттер Әмірханның әңгімесіне тоймай, таңғалып та, тамсанып та қайттық.
Иә, студент кезінде-ақ әдебиет сүйер қауымға танылып үлгерген Әмір­ханның білімі терең еді. 90-жылдары қазақ әдебиетіне келген бір шоғыр жастың ішінде Әмірхан дара көрінді. Ол әдебиеттің кез келген жанрына терең тұжырым жасай алатын. Тұжырымдары шалқыған көңілмен айтылатын шолу емес, ғылыми-теориялық тұрғыдан салмақты, салиқалы ойлармен өрілетін. Мүмкін содан да болар, кез келген адам оның алдында әдебиет туралы әңгіме айтуға тәуекел ете бермейтін. Әмірхан ұялтпайтын, бірақ Әмірхан сөйлеп тұрғанда әдебиеттен ұялатынбыз. Ол осы биігінен бір мысқал төмендеген жоқ. Жан сарайы мұнтаздай таза, аза­маттық көзқарасы кіршіксіз Әмірхан ұлтын айқайламай-ақ сүйді. Көкейдегі ойын ірікпейтін ірілік, қолындағы соңғы дүниесін беретін мәрттік, асыл қасиет, бекзаттық бар еді Әмірхан ­бойында.
Әмірханның мықтылығын, интеллектуал екенін іштей бәрі мойындайтын. Бірақ оның мүмкіндігін толық ашып, қазақтың кәдесіне жаратсам дейтін қоғам болмады. Атақты былай қойғанда, қолдың кірі дейтін қызметтің өзі де оған жалын сипата қоймағаны аян. Шын дарындар кешетін тағдыр, тіршіліктегі қиындықтар Әмірханды да айналып өтпегенін білемін. Бірақ ол сынбады. Біреуге жағынудан ада арса көңілі өле-өлгенше бұйырғанын ғана қанағат қылып кетті.

Алланың ісіне амал бар ма, енді Әмірхан­ның әдеби мұрасы деп сөйлеуге тура келеді. «Әмірханның жазғанынан жазары, бергенінен берері көп еді» деп өкінеміз енді.
Оның қаламынан туған дүниеге пікір білдіруге үлкен дайындық керек-ақ. Себебі Әмірхан танымына аздап болса да бойлау үшін дүние пәл­са­фасын пайымдаған ой иелерінің еңбек­терінен, мифологиядан, қазақтың көне дәуірінен бастап бүгінгі көзі тірі қалам­герлерінің туындыларынан хабардар болмасаң, бағытыңнан айрылып қалуың бек мүмкін. Әмірхан әлемі тұңғиық тереңде ғой.
Ақын поэзиясындағы тақырып пен идеяны, айшықты теңеуді іздеп өрісті тарылтпадым. Бұған ғафу етерсіз, оқыр­ман. Айтар ойымыздың түйіні – Әмірхан өмірден ақиқатты іздеді. Бәлкім, бұл ақындарға қатысты жалпылама айтылған жадағай сөз ғой дерсіз. Мүмкін, адамның бәрі, ақынның бәрі ақиқат үшін күреседі дерсіз. Мүмкін…бәрі де мүмкін. Бірақ Әмірхан іздеген ақиқат – күйбің тіршіліктегі күңкіл арасынан іздеген шындық емес, әдебиет әлеміндегі ар тазалығы еді. Әдебиет – сөз өнері десек, Сөз – Хақ Тағаланың бір аты ғой. Міне, Әмірхан іздеген ақиқаттың бәрінен биік тұратыны осыдан-ау. Ол жер басқан пенденің ойынан, болбыраған қоғамның бойынан Алла Тағала о баста мінсіз жаратқан кіршіксіз тазалықтың жұрнағын іздеді. Бұл Алланың сүйген құлдарына ғана тән қасиет. Болмаса, тіршілік тауқыметін бір пендедей-ақ көрген Әмірханның тұрмыс пен қызмет туралы біреуге мұң шаққанын мен көрдім деуге ешкімнің дәті жете қоймас.
Өр теңіздің қайтуы мен тасуын
Ай біледі…
Бір бұл емес жасуым.
Күн көзінен ұялды ма
көктегі
Сабасына түсіп қалды-ау
ашуым…

Еш өкпем жоқ
Жарымаған жатырда,
Жетесізге, Жүгенсізге,
Батырға.
Мен қоярмын, қоярмын мен өлеңді,
Жұрттың бәрі айналғанда
ақынға, –
деген-ді Әмірхан.
Әмірханның шығармашылық ғұмыры – оның нақты азаматтық кредосы, кісілік келбеті болды. Оның өлеңі – оның шынайы, бетпердесіз өмірі. Сондықтан ақындығы мен адами қасиетінің арасына сызат түсірген, өлеңіне сүйсіндіріп, өзінен түңілдіретін кісәпірліктен Әмірхан әрқашан жоғары тұрды. Өзі айтпақшы:
Қай кезде де қасиетті саналған
Қатардағы жауынгері ем өлеңнің.
Мәңгі өмірді тартып алып ажалдан
Өлсем де мен алғы шепте өлермін.

Өлеңімнен рухымды табады,
Іздеген жан балдай тәтті таза мұң.
Көзімнен жас жұлдыз сынды ағады.
Сені сүйгім келіп еді, қазағым, – деп жырлады. Алаштың бір ісіне жарауды мақсұт еткен Балқыбек немересі бұл сөзді отызға жетпей-ақ айтыпты. Ұлтын сүйген ұлдың сөзі еді бұл.
Әмірхан өлеңдері – тұнық та терең ойдың темірқазығы. Ол әдемі теңеу іздеп сарылмаған ақын. Құдай оған бұл нығметті өрелі ойына, азаматтық танымына берді. Ол ілтипат пен жылы шырай күтпеді. Кіріптарлықтан ада арда ұлдың сөзін айтты. Әр шумағында дарқан даланың кеңдігі, қазақтың дәстүрлі мәдениеті, наным-сенімі өрілетін Әмірханның Табиғат-Анадан да тілейтіні осы:
Өмірге осы қарататын тың көзбен
Өмірге де бойлататын жаңаша.
Жанға жайлы бір ғажайып үн кезген,
Тамыз, түнің тамаша екен, тамаша.

Түнің, айым, ерлер шарлар ағызып,
Өзіме де атам айтқан аңыздың:
Тамыз, тамыз, бер жаныма тамыздың
Дәптеріме бір жұлдызды тамызғын. (Түн.Тамыз айы)
Ақындық – Алланың сүйген пендесіне берген сыйы. Бірақ Алланың осы тартуын ар тазалығы мен қасиеті, ішкі мәдениеті мен жүрекке ұйыған иманы бар азамат ақын ғана көтереді. Александр Блок ақын­дық өмірдің азапты сәттеріне баға бере отырып оған ең қажет нәрсе тыныш­тық пен еркіндік дегенді айтыпты. Өз сөзімен келтірсек: «Они необходимы поэту для освобождения гармонии. Но покой и волю тоже отнимают. Не внешний покой, а творческую волю, – тайную свободу. И поэт умирает, потому что дышать ему уже нечем; жизнь потеряла смысл».
Ұлы ақын Пушкиннің:
Пора, мой друг, пора!
Покоя сердце просит, – деген шерлі өлең жолы еске түседі осындайда.
Әлдиле, өлім, әлдиле, – деген Мағжан ақынның мұңы ойға оралады осындайда.
Шын таланттың, арқалы ақынның дүниелік, пенделік қарекеттерден қашық болатыны да содан болар. Жағым­паздыққа жирене қарап, кісәпірлікке күйінетін жалғыз­дықты ұлы ақындардың бәрі де бастан кешті. Олар өмірден о баста Жаратушы Ие жаратқан тазалықты жер басқан пенденің бойынан көрсем дейді. Әмірхан өлеңіне үңіліңізші:
Қасіретімді түсін мейлі, түсінбе,
Өз талайын әркім өзі тапқандай.
Жонарқамда, жұлынымның ішінде,
Жауынқұрты қабір қазып жатқандай.

Тас төбемде шұбалады бұлттар,
Шұбалшаңдай қорқынышты көздері.
Біздің кезең, кім біледі, Рухтар
Жер бетіне түсе алмайтын кез бе еді?

Осы болды-ау зар заманға жалғас ән.
Есімді алып арқан қиған алқымдар
Жапан түзге шығып алып зарласам,
Сырласым боп қарға ғана қарқылдар.

Мен ендігі өмірімді түс көрем,
Не боларын оянғасын болжармын.
Бұрын-соңды ешбір аруақ түспеген
Ортасында жүргендеймін жанжалдың.

Мешіт – құр үй, молда болса ібіліс,
Қырсыққанда ақыл берер аға аяр.
Ендігі жер неге керек кідіріс,
Жер бетінде не қалды енді аялар?!

Оянғанда алда көпір күтеді,
Қайта ұйқыға кетеді ол да құласа.
Маған, маған қас қағым сәт жетеді,
Барлығын да көру үшін жаңаша.

Сана – сайтан, жүрек болса ібіліс,
Кез болып тұр арлы үшін де арланар.
Ендігі жер неге керек кідіріс,
Жер бетінде не қалды енді қарманар?
Бұған не дерсіз? Дәл осы жолдарды ақынның жеке біреуге базынасы, аралас ағайынға айта алмаған арызы демесіңіз анық қой. Солай болар.
Бұл – кір дүниені бағдары қылып, құндылықтарды шатастырған шайтани тірлігімізге айтылған шындықтың шері болар.
Әмірханды ақын, жазушы, аудармашы ретінде танытатын шығармашылығы әдебиет деген ұлы арнада тоғысатынын айтқанбыз. Қаламгерлердің мәрт мінезі мен пенделік қызғаныштары туралы жазған тұжырымдары да әдебиет әлемінің тазалығын іздеген көңілден туған болатын. Атақты «Айвенгоны» жазған шотланд жазушысы Вальтер Скотт пен Байрон арасындағы бәсекелестікті «Тіпті аға әріптесін өлеңнен керіссіз-ақ кетірген Байронның өзі де оның талантын мойындайтындығын тілге тиек етіп, көпшілікке сан рет мәлімдеген. Бүлікшіл ақынның Скоттай роман жаза алмайтындығына өкініш білдірген тұстары да аз емес. Өкінішке қарай, бір ақынның екінші ақынға бұлайша бейбіт халде орынын беруі әдебиет тарихында тым сирек. Керісінше, олардың бірін-бірі мойындамай егесіп өтетіні бар. Табиғи заңдылық деп түсінуге болатын талант пен талантсыздың тәжікелесуін былай қойғанда, заманы бір ұлы ақындарың да ит пен мысық­тай қырғиқабақ болып, қырқысатынын қайтерсіз?» деп түйіндеген тұжырымы кім-кімге де ой салары анық. Бұл пікірдің пайымы бүгінгі біздің әдеби ортамыз осы қызғаныш ауруынан аман ба, тірісінде қадіріне жетіп, мойындай аламыз ба деген ойға жетелейді. Шындығына келгенде, бұл – әдеби ортаға Әмірханның қойған диагнозы еді ғой.
Оның ғажап бір өлеңі «Баба – ырым» деп аталады. Бұл өлеңде бәрі бар: дәстүр мен наным, өрелі ой мен ақынға тән мінез, мысқыл мен ащы шындық. Ақын Әмірхан ана тілдің болашағына қатысты азаматтық үнін атасы жасаған ырымнан байланыстыра отырып, тұтас бір ұлттың, мемлекеттің мүддесіне қатысты мәселені ортаға қояды. Оқыңыз:
Итаяқпен суды да ішкем, сөкпегін,
Айыптарға өзге мінім жоқ менің.
Ырзығымды табам қазір еңбекпен,
Тілді бірақ иемдендім теп-тегін.

Итаяқтан суды да ішкен бар шағым,
Кез емес ол көңіл күпті, арса мұң,
Сен шаршадың сәнді қуып, мен байғұс,
Баба ырымға баға таппай шаршадым…
Осы болды-ау замананың өлеңі,
Көп болған соң көр сезімі, көбеңі,
Иісі тілге илікпеген тілдерге,
Итаяқпен тамақ бергім келеді!
Құдай сақтасын!
Ана тіліне қатысты талай өлең жазылды, әлі де жазылар. Бірақ тіл болашағына алаң көңіл Әмірхан жазған жол бөлек, Әмірхан айтқан сөз ерек. Ақынның өзі «Қасқыр құдай болған кез» атты жинағында осы шығармасы туралы «Жырлауға өзге тақырып таппағандай, ақынның балалық шағында итаяқтан су iшкендiгiн өлең қылып жатуы бүгiнгi күн ойсарасымен қарағанда күлкiлi көрiнуi мүмкiн, бiрақ жан дүниесi, жүрiс-тұрысы ырым мен нанымнан тұратын бағзы көшпелi үшiн бұл ешқандай да бүйректен сирақ шығарар оғаш қылық емес-тi. Маған, бүгiнгi қалалыққа, тiл қадiрi, сөз киесiне жарық дүниеде дәл көшпелi түркiлердей жауапкершiлiкпен қараған халық арғы-бергi тарихта болмағандай сезiледi. Жауымен бетпе-бет шайқастарға, қаһарлы ырылға тiлi келген жан, санасы ояу болса, оңаша отырып сөз қадiрiн де, таным бастауында жатқан таңба төркiнiн де зерделеп түсiне алмақ. ХХ ғасырдың екiншi жартысында сүйiктi немересiне ырымдап итаяқтан су iшкiзген сары шал осыдан үш жарым мың жылдай уақыт бұрын пайда болған көшпелiлер дүниетанымының жазылмаған, қағаз бетiне түспеген қағидасы бойынша әрекет жасап жатқандығын түйсiндi ме екен? Қайдам. Бiрақ шал әрекетiнiң астарында кiм-көрiнгенге сырын алдыра бермейтiн құпия далалық даналықтың ұшқыны жатқандығына ешкiм де күмәндана алмайды» деп жазған еді.
Жоғары оқу орнында оқитын студент ақындардың қай кезде өз өлеңдеріне баға беріп, жол көрсететін әдеби ортаға, аға буын ақындардың ілтипатына зәру екендігі белгілі ғой. Әмірхан осы жас ақындарға ақылшы аға, ұстаз бола білді. Бүгінде әдебиет әлеміне танылып қалған сол ақындар бұл сөзімізді мақұлдар. Талайымен сырлас, мұңдас күй кешкен Әмірхан жаңа буынның жақсы өлеңіне шын көңілімен қуанып, әдебиет әлемінің есігін ашып берген. Алматыдағы «жас перілердің» көпшілігі ақынның шығармашылылық лабораториясы деген дүниені Әмірхан арқылы таныды. Кейбірінің оқу орнында іштей қанағат ете қоймайтын білімнің өзегін, әдебиет әлемінің әсемдігі мен ләззат-рақатын Әмірханнан алғаны құдайға аян.
Иә, біз ұлы ақыннан, біртуар әдебиет­шіден айрылдық. Біз әлі Әмірханды талай жоқтаймыз. Оның орны ойсырап қалды. Бір өлеңінде ол:
Жанды тербеп мәңгіліктің ағыны,
Тән арыды, Арман бірге арыды!
Жанарымды қытықтайтын нұрымен,
Мың жыл бұрын сөнген жұлдыз жарығы.

Жаным жұлдыз жылдамдығын қосқанда,
Сәлем айтып кейін қалған достарға,
Бұл қаладан кетем түбі көкке мен,
Кетемін мен сегізінші аспанға.
Деймін іштей,
Дейді ішімде бір дауыс, – деп жырлапты. Кеше арамызда жүрген Әмірхан енді өзі айтқан мәңгілік мекеніне, сегізінші аспанына шыққан да болар. Сынған сәуле… Дидар ғайып.

Самал ДӘРІБАЙҰЛЫ,
әдебиетші

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=9&id=995531
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Мұнайдың әлемдік бағасы 7 min
Қарағандылық полицейлер 18 min
Халықаралық қатаң шолу: 28 min
Сейсенбіде еліміздің ба 1 sagt
16 шілде. ҚазАқпарат кү 1 sagt
Еврөпә одағы квеитте уә 1 sagt
Ресеи армясының көп тас 1 sagt
Қазақстанның 3 қаласынд 2 sagt
«әуелгі мақсатты ұмытпа 2 sagt
Бас мүфти: Татулық пен 2 sagt
Ши жинпиңның жаңа ٴдауы 2 sagt
Павлодар облысында суға 3 sagt
«әуелгі мақсатты ұмытпа 3 sagt
Жүңгө гөминдәң партясы 3 sagt
Жалғас Жұмағұловтың жек 4 sagt
Кеңейтілген отырыстағы 4 sagt
Кубаның темір жолы жаңғ 4 sagt
Орта, шағын финанс құры 4 sagt
Әуе тасымалы арта беред 4 sagt
«Elorda Aqparat» ұжымы 4 sagt
Жүңгө халық азаттық арм 4 sagt
Францияда орман өртеніп 5 sagt
Қытайдың Хоргосы таныст 5 sagt
Қазақстанда 52,9 млрд к 5 sagt
Елорданың ең үздік тау 5 sagt
Азар «Реалда» Бекхэмнің 5 sagt
Базарға кіруге рұқсат е 5 sagt
Төрткүл әлем триатоншыл 5 sagt
Заңды тұлғаларды тіркеу 5 sagt
Тәлімгерлер тәжірибесі 5 sagt