Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-05-18605190941 %59 %
2019-05-19717216142 %58 %
2019-05-205812630 %70 %

ОЮ-АДАМЗАТТЫҢ АЛҒАШҚЫ ТІЛІ — «Ана тілі» Ұлт газеті



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ана-тіл газеті

Жолданған уақыты: 00:35 - 2019/05/16



Жұмабай БАЙАХМЕТҰЛЫ 

Тағдырдың айдауымен қиыр қонып, шет жайлап, үркіншілікте туған мекеннен үдере көшкен әулеттің өкілі. Жат жерде туса да ата-баба дәстүрін жастанып өскен азамат. Ұлттық дәстүр-салтымызды жай ғана күнделікті өмірде қолданып қана қоймай ғылыми тұрғыдан зерттеген, жинақтаған, этнографиялық құндылықтарды жүйелеп, тасқа басып кітап етіп шығарған. «Ою-өрнек әлемі», «Жартастар үн қатады», «Балбалдар мен кешендер», «Сауда мәдениеті» сынды оншақты кітаптың авторы. Туған Отанға оралғанына он жылдың ғана бедері болыпты. Ұлттық дәстүр-салтымыз бен ою-өрнегімізді 30 жылдан аса уақыт зерттеп, зерделеп келе жатқан этнографтың жанкешті еңбегінің бір парасын оқырман назарына ұсынуды жөн санадық.

1. Сынтастағы ою-өрнек «Білге қаған ескерткішінен» (Қазақстан материалынан)
1. Сынтастағы ою-өрнек «Білге қаған ескерткішінен» (Қазақстан материалынан)

«Ою-өрнек» сөйлемдегі «ою» сөзінің түбірі – «ой» қиялдағы тапқырлықты, жасампаздықты бейнелесе, енді бір жақтан ой – ойып түсіру, кесіп, қырнап, батырып түсіру сынды әр екі түбірдің қай-қайсысы да зат есім болып, адамдардың ақыл-парасаты мен еңбек жемісі арқылы заттарға оюды ойып түсіруді меңзейді. Ендеше халықтың еңбек жемісінен туындаған, тарихы әріде жатқан ою-өрнек туралы сөз қозғау – шынында күрделі де ауыр тақырып. Өйткені дәл осы өнеріміз халықтың тұтас тарихына, тұрмысы мен этнографиясына сіңіп, ең жоғары көркемөнер деңгейінде сомдалған әмбебап ғылым болмақ. Осындай тарихтан бүгінге жалғасып, ұлтымыздың тұрмысынан ойып орын алған өнерімізді үн-түнсіз қалдырмай, өз шамамша ізденіп, жеткен нәтижемді ұрпақтар мен оқырман алдына ұсынуды жөн көрдім.

2. Хайуанның бас формасындағы бетмаска «мүйіз», «садақ», «жебе» өрнектерінің әуелгі нұсқасына жатадыВерсией уки докумене
2. Хайуанның бас формасындағы бетмаска «мүйіз», «садақ», «жебе» өрнектерінің әуелгі нұсқасына жатадыВерсией уки докумене

Шынын айтсақ, ою-өрнек жөнінде еңбектенуімде ең алғаш ел ішіндегі азайып бара жатқан қарияларымыз түрткі болды. Сол бір білері мол құймақүлақ қарияларымыздан асыл қазы­наларымыз жайында кеңесіп қал­ғанымды бүгінгі күні мақтаныш етемін.
Әрине, бүгінгі күнде бүкіл дүние елдері мұрағаттарын қадірлеп, «қолдарында барын сақа сайлап» халық­аралық бекзаттық мұралар қатарына бәсекемен ұсынып жат­қанда, осындай қомақты да құнды өнерімізді еш жасқанып, жабыр­қамай-ақ мақтанышпен біз де неге ұсын­басқа? Ендеше ең әуелі осы өнерімізді басқаларға биіктен көрсете алуымыз қажет. Ол үшін осы өнердің тегін айқындап, мазмұны мен идея­сын шынайы дәлелдеп, жоғары ғылыми қағидамен ұрпақтарымызға, басқаларға таныта алуымыз біздің азаматтық борышымыз болмақ. Осы мақ­сатпен ең әуелі бұл өнердің негізі болған үлгілердің түбірін анықтап, әрбір үлгі жайында ел аузындағы нанымдар мен сенімдерге қатысты аңыздарды жинап, одан соң жиналған әрбір үлгінің ұлтымыздың ділі, діні және наным-сенімімен, жол- жоралғыларымен қатысты екенін тұрақтандырып, бұларды мазмұнына қарай бірнеше топқа бөлгенімде, әр өрнектің дәуірі, алғашқы немесе кейінгі нұсқалары өздіктерінен-ақ мен мұндалап айқын болды. Осындай тәсілдер арқылы ою-өрнектеріміздің халықтық арман-тілектерге мұрындық болып келген мазмұндық ритмде екенін тұрақтандырып, мұндай өнер­дің назариялық қуаты мен нақ­ бейнелерін кітап етіп құрауды қолға алдым.

3. Жартас суреттеріндегі батыр тұлғасы «ерлікті бейнелеу» (Баркөл — Каукариясыз басы) «тұлғалық оюдың» әуелгі нұсқасына жатады
3. Жартас суреттеріндегі батыр тұлғасы «ерлікті бейнелеу» (Баркөл — Каукариясыз басы) «тұлғалық оюдың» әуелгі нұсқасына жатады

Мысалы, бұрын-соңды айтылымдарда ою-өрнек үлгілерінің санын қырық-елуден асыра алмаса, бұл рет үш жүзден астам өрнек үлгілері топталды. Бұдан бұрынғы айтылымдарда ою-өрнектердің алғашқы нұсқалары археологиялық қазбалардан шыққан деректермен шектелсе, бұл рет халықтық аңыздар мен мифологиялардан және «аналық», «аталық» дәуірлерден бері келе жатқан жартас сызбаларынан (петроглифтерден) тұрмыстағы бейнелерінен тартып анықтап, олардың әрбірінің жол-жосындық қағидаға қандай деңгейде көтерілгеніне барынша ғылыми, жүйелі анықтама берілді. Әсіресе үлгілерді топқа бөлгендіктен бұдан бұрынғы бір үлгіден сансыздаған өрнектер туындатып «ою-өрнек деген осы» дейтін көзқарасқа қатып- сембей, кітапқа үш жүзден астам ою-өрнек үлгілерін енгізіп, әрбір үлгісінен «құбылту» өнері мен шебердің бір үлгі арқылы неше мыңдаған өрнек тудыруы­на арна әзірленді, әсіресе әр үлгінің маңыз-мақсатын оқырманға ұғынық­ты түсіндіріп, ендігі жерде өрнектерді байыту ғана емес, әрбір үлгіні «кімге», «неге» беру (ұсыну) керектігі жө­нінде жүйе қалыптастырып, тәртіп орнатуға тиістілігі жайында ғылыми дәлелдемелер құрастырдым. Мысалы, жинап-теріп зерттеуде де бір үлгінің ішінде айтылымы бір болғанымен, пішімі әр басқа, айтылымы бар болса да, үлгі нұсқасы жоқ, кей үлгілер нұсқасы айтылымы екі басқа болып кезіккендері де көп. Міне, бұлардың бар­лығын да ендігі ізденімпаз оқыр­мандарға қалдырдым.
Иә, әрбір зат пен айтылғандардың әсілгі бітімі әшкере болса, онан ары қарайғы толықтауларды неге жүлгелестірмеске, жүйелестірмеске?
Кітап кемшіліктен аулақ емес, өйткені ою-өрнек туралы зерттеулер мен материалдар жоқтың қасы. Сондықтан оқырмандардың сын көзбен қарауын өтінемін.

ӨРНЕК ТУРАЛЫ  ТОЛҒАНҒАНДА…

4. «Қанатты адам тұлғалары  (тұлға оюдың әуелгі нұсқаларына жатады)
4. «Қанатты адам тұлғалары
(тұлға оюдың әуелгі нұсқаларына жатады)

Ою-өрнек – бүкіл адамзаттың ортақ мәдениеті. Ол – адамның туғаннан-өлгенге дейінгі аралықтағы эстетикалық көңіл күйдің кілті. Ою-өрнек қажеттілік заңдылығы мен сұлулық, эстетикалық заңдылыққа тең рөл ойнауда, қорытып айтқанда адамдардың рухани өмірдегі қажеттілігінен туындаған. Адамдардың жаратылыстық дүниені түсінудегі таным деңгейінің бірлігі мен санадағы ұқсамастықтан туындаған. Әйтсе де адамдар дүниедегі барлық материалды ою-өрнекке көшіре бермейді. Табиғаттық үлгілерді реттеп, тұрмыс тіршілігіне тығыз байланысты болған, өздеріне рухани күш бағыштайтын тылсым, құпия, күрделі нәрселерді өз ою-өрнегіне қондырып отырған. Адамдардың танымы мен талға­мы ұқсамағандықтан, әрбір халықтың да өз шаруашылық, тіршілігінің ерекшелігі мен өзгешелігіне қарай, ойлау тәсілінің, эстетикалық талға­мы­ның алуан түрлілігімен ою-өрнек үл­гілерін қабылдауы басқа халықтардан өзгеше де көркем, мол болды. Тіпті «қазақтар ою-өрнек әлемінде жасап жатқандай» дейтін пікірден тұтас адамзат өркениетін байытудың негізін қалап отырғанын аңғарамыз. Қазақ ұлты да дүниедегі ұлттар сияқты ұзақ тарихты бастан кешіріп, еңбек нәтижелері барысында өзіне тән ұлттық мәдениет ерекшелігін қалыптастыра алды.
Адамдар алғаш заттың, құбы­лыстың жеке-дара өзіндік қасиетін, ерекшелігін танып, оны өз тір­шіліктеріне істете білген роомо­физмдік идеядан бірте-бірте дүниедегі заттар мен құбылыстардың өзара байланысты қасиетін танып жету мен антропормофизмдық идеяны қалыптастырды. Әрине бұл идея адамдардың өз бойындағы қасиеттерін хайуанаттар мен өсімдіктерге және табиғаттың әр алуан құбылыстарына теліп, сипаттаған роомофизмдік идеяның көшірмесінен көшіріліп алынды.

5. Күрзі үйірі перлікті бейнелеу (тұлғалық өрнектің негізі)
5. Күрзі үйірі перлікті бейнелеу (тұлғалық өрнектің негізі)

Біз ендігі жерде халқымыздың ою-өрнек мәдениетін осы негізде қарастырамыз; роомофизмдік идея – біздің алғашқы кездегі имек, қиқы-шойқы өрнектеріміздің басталуы. Мысалы, қошқардың мүйізіне қарап иір оюды, таутекенің мүйізіне қарап қайқы оюды сезе білсек, антропофаизмдық ойлау әдісі бұлардың ішкі қасиетін біліп қошқар мүйізге арқар, бұғы мүйіздерін қосып күрделендіру арқылы, күрделі үлгілерді жарата алды. Алайда жалаң мүйіздердің сыртқы пішімінен ғана үлгі алмастан, олардың ішкі ерекшелігіне қарай да образын, қасиетін арттыру тәсілін қолдана білді. Мысалы, қошқар мүйізінің қару болатындығын, оның тұқым жалғастыратын қасиетін үлкен нанымға айналдырды. Міне, осыдан және бір қадам дамыған адамдар идея­сы, мынау ауа, топырақ, су, от және аспан әлеміндегі ай, күн, жұлдыз, бұлт, т.б. заттардың адамдардың өсіп-өнуіне тікелей әсер ететіндігін, адамдар мен дүниедегі құбылыстар немесе хайуан, өсімдік және табиғаттың әр алуан құбылыстарын бір-біріне матастыра мифологиялық мотивтерге із салып, бүгінгі алуан түрлі ою-өрнектің тың үлгілерін жарата білгенін байқаймыз.
Ежелгі адамдар төңірегіндегі жұмбақ заттар, сырына барып болмаған киелі құбылыстар мен тағы да тылсым аң-құстардың тұлға, бітімдерінде «табиғаттан тысқары күш, қабілет бар» деп, оларға сиынатын алғашқы мифологиялық фетишизм идеясын қалыптастырған қиялдық нанымнан біртіндеп діни нанымға ауысып, жоғарыдағы қасиеттерге ие заттар мен құбылыстарды, өз тіршіліктерінің бір бөлігі деудей төтемизмдік идея­мен уақыт өте ұлтық салт-сана, әдет-ғұрыпқа айналдырып, ұлттық эс­тетиканың биігіне көтерді, осы пікіріміздің дәлелі қазіргі ұлтымызға тән қолөнерімізге жаппай сіңіскенінен білуге болады, осы өнерлеріміздің бірегейі ою-өрнектерімізден мен мұндалап тұрғанын байқаймыз.

6. Жартастағы хайуандар  («мүйіз» өрнегінің ежелгі бастамасы)
6. Жартастағы хайуандар
(«мүйіз» өрнегінің ежелгі бастамасы)

Ендеше ұзақ ғасырлардан бері халықтың шаруашылық еңбегі барысында жетіліп, дамып, халықтың өзінің рухани тамырынан тереңдеп орын алған, әсем өнер деңгейіне көтерілген ою-өрнектеріміз бұл күнде бір ұлттың ғана емес, бүкіл дүние мәдениетіне өз үлесін қосып отыр. Сондықтан маңыз-мақсаты зор осы ою-өрнектеріміздің әсілгі нұсқасына құрмет етіп, оны дамытып, ендігі ұрпақ санасына орнату бүгінгі азаматтардың мойнында болмақ.
Жинақтап айтқанда, ою-өрнекті бүгінгі қоғамдық ортаға қолданыс ретінде ғана емес, мектептерімізде ұлттық оқу-ағартудың бір мазмұнына сиғызып ұрпақтар санасынан орын алдырар болсақ ұрпақтарымыздың эстетикалық ой-өрісін кемелдендіріп қана қоймастан, тұрмысқа деген білімін жоғарылатып, ертеңгі болашақ зергер, мүсінші, суретші ғана емес, ұлттық мәдени мұрамыздың өшпес өркениетіне жаратуға болады.

ӨРНЕКТЕР – АДАМЗАТТЫҢ АЛҒАШҚЫ ТІЛІ

Ою-өрнек туралы сөз қозғар болсақ, әуелі адамдардың ойлау тәсілін ауызға алуға болады.
1. Ою-өрнек – адамдардың ең алғашқы тіл қатынасының негізі. Өйткені адамдар ең алғаш таяғының ұшымен бір нүкте шұқып немесе сызса, белгі не уақыт болды. Кейін келе таяқ немесе талдарға кертпек салу арқылы күн, ай, жылдардың жылжитын белгісін анықтады. (1) Сол белгі арқылы «сенікі», «менікі» деген жекеменшіктік таңбалар басталды немесе адамдар ойлаған мақсатына жетті. Міне, бұлар еңбектену арқылы туындаған таңбалар еді. (2) Сол белгілер – ойлау жүйені арттыру арқылы пішінді әріптерді, цифрларды қалыптастырды. Әуелі бір таяқ (I) оған бір таяқты қосып (II) қойса, «қос пышақ», «қыпшақ» белгісін барлыққа келтірсе, бір таяққа енді бір таяқты тиістіре қосу арқылы (V) «бес» яғни «ашамай», оған бір таяқты қосса (VI) алты, (VII) жеті, айқастырып қойса (X) он немесе «айқыш» таңба сияқты цифрлар, таңбалар жаратты. Ендеше жазудың да тегін анықтауға себепші тағы осы оюлар дей аламыз.
2. Сол таяқтың ұшы тиген жер (•) нүктеден көп нүктелер жұлдыз (*) бейнесі барлыққа келсе, таяқшаларды ию арқылы ( ⁀ ) жарты ай, жарым жылдарды белгі етіп, ақыры осы белгілер дами түсіп, әсемдеу бейнесіне көтерілді. Мысалы, күнді ( • ) бейнелесе (©) қораланған күн бейнесі, міне мұндай белгінің төркіні күнге табынудан келсе, () ай пішімі болып уақыттың өтуімен () қошқар мүйіз () «айшық» оюының тегі шыққан. Міне бұған тағы бір дәлел тарихта ғұндардың қораланған күнді () он екі сала етіп белгілеуі.
Осылайша тіліміз – еңбектен, қарым- қатынастан бастау алса, жазу – таңбадан, ал таңба – меншіктенуден бастау алды. Міне, бұлардан біз сөз етіп отырған өрнектердің эстетикалық өреге көтерілгенін білсек, уақыт өте адамдар миының төңірегіндегі құбылыстарды көріп-білу арқылы толысуы мен осы өрнектердің дамуы барлыққа келді, бұл дамуға ендігі жерде адамдардың әрбір дәуірдегі наным-сенімі мен нақ идея­сы, еңбек нысаны – бәрі-бәрі тікелей бір-біріне әсер етуден мифологиялық, эстетикалық образды бейнелеу өнері қалыптасты. Бұған мысал: қазақ халқының ою-өрнектерінің өзінің шаруашылығы болған төрт түлік малға қатысты, яғни төрт түлік малдың қасиетіне қарай «қошқар мүйіз», «төбел мүйіз», «арқар мүйіз» сияқты түрлері болса, аспан әлемінің әсеріне қарай зоропорттық негізде ай, күн, жұлдыз, бұлттарға қарай ою-өрнектер жасалуы. Үшінші бір жағы: экологиялық ортадағы түрлі өсімдік, аң, құс, хайуандардың қасиетіне қарай табиғатты бейнелеген үлгілер келгенін байқаймыз.

АЛҒАШҚЫ НҰСҚА – ТАСТАҒЫ СЫЗБАЛАР

Ою-өрнектердің алғашқы нұсқа­ларын археологиялық анықтама­лардан іздеуден гөрі жартас суретте­рінен іздегеніміз түсінікті де анық көрінеді.
Археологиялық қазбалардағы қыш ыдыс, басқа да заттарға түсірілген ою-өрнектер негізінен ою-өрнектердің дамып, тұрмысқа қолданған кезеңіне жатады. Ал жартас суреттеріндегі ою-өрнектер ою-өрнектердің алғашқы кездерінің кезеңінің белгісі болған аң, құс, ағаш бейнелері мен ондағы көшпенді халықтың тіршілік өмірі, батырлық бейнелері ою-өрнектердің алғашқы нұсқаларына жатады.
Мысалы, жартас суреттеріндегі күн бейнелі адамдар ою-өрнектегі «күн бейнесі» өрнегіне немесе «ғұмыр ағаш» үлгісінің қайта­лануы болса, жартастардағы табынын, үйірін жыртқыштардан қор­ғаған аталық малдар ою-өрнектегі түрлі «мүйіз» оюларының негізін қалады. Жартастағы садақ тартқан, жыртқыштармен алысқан батырлар­дың тұлғасы өрнектеріміздегі «тұлға» оюының негізін қалағанын бай­қаймыз. Біз бұлардан ою-өрнектердің ең әуелі адамдардың өз еңбегін, еңбек нәтижесін, өмір сүру өзгерістерін жар­тастарға әйгілеп түсіре жүріп, сол шынайылықтың уақыттың ілгерілеп, адамдар санасының дамуымен ою-өрнектерге айналғанын байқаймыз және ою-өрнектердің алғашқы нұсқаларын жартастардан аңғарамыз.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=9&id=995517
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Данияр Елеусіновтің жек 2 min
«Астана» - «Шахтер»: Не 12 min
Бір соғыс айропланы а қ 12 min
Осы араны басып көріңіз 12 min
Silk Way Series Astana: 22 min
Сәресі туралы 6 ақпарат 1 sagt
«Қайрат» — «Ертіс»: Нег 1 sagt
Қырғызстан президенті қ 1 sagt
Қостанайда «Адалдық кіт 1 sagt
АҚЫТ ҮЛІМЖІҰЛЫ ШЫҒАРМАШ 1 sagt
Жанна Мамажанова IAAF G 1 sagt
Путин ресеи халқына жағ 1 sagt
А қ ш кәнәдә мексикә бо 2 sagt
Аңсарбек Ғайнуллин - дз 2 sagt
Орнықтылық барысында іл 2 sagt
Қазақстан БҰҰ-ның жаһан 2 sagt
Мемлекет басшысы Парал 2 sagt
«Дайын болса, хаттарды 2 sagt
Жұңхуа өркениеті азя өр 2 sagt
Австраля федерәтсясі пә 2 sagt
Ғұмар Қырғызбаев — Еуро 3 sagt
Елордада жүк көлігі мен 3 sagt
Районымыз мүгедектерге 3 sagt
А қ ш пен еврөпәдәғі бі 3 sagt
Теннис: Путинцева Нюрнб 3 sagt
Нью-Йоркте дәмханалар « 3 sagt
Еврөпә одағы торап шабу 3 sagt
Арман қуу жолында жасты 3 sagt
Тоқаев қазақстандық біт 3 sagt
Францияда «сары жейделі 3 sagt