Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-05-18605190941 %59 %
2019-05-19717216142 %58 %
2019-05-20000 %100 %

Өмір өткелдері — «Ана тілі» Ұлт газеті



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ана-тіл газеті

Жолданған уақыты: 00:28 - 2019/05/16



Қиын кезеңде, 1938 жылдың көктемінде дүниеге келген Қабиболла Сеитов туралы әңгімемізді бастайық. Қабиболла ақсақал өзінің өмірін мынандай төрт кезеңге бөліпті: бірінші – балалық шақ, екінші – жастық шақ, үшінші – ержету шақ, төртінші – қартайған шақ. Ендеше біз де өзі көрсеткен сол ізбен жүріп көрелік. «Үш жасымда анамнан, бес жасымда әкемнен жетім қалдым» дейді Қабиболла қария. – Балалық шағым ел басына күн туған ауыр заманда өтті. Халық ашықты, мен ашықтым, халық жылады, мен жыладым. Күркіреп сонау соғыс күндері де өтті. Майдан үшін, жеңіс үшін деген заман еді… Қарын тойып  ас ішпедік. Бүтін киім кимедік. Әкем колхоздың ағаш ұстасы еді. Соғыс басталысымен ол кісіні еңбек армиясына алды. Содан оралмады. Әрине, ол кезде мен сияқты не әкенің, не ананың мейріміне қанбаған тұл жетімдер болды ғой.

Олардың көбі аудан орталығындағы, не қаладағы жетімдер үйінде тәрбиеленді. Анам қайтыс болған соң үш жасымнан бастап маған және Тұрар атты жиен балаға соғыс жылдары пана болған Алтын атты екінші шешеміз колхозда жұмыскер еді. Сол шешеміз қайдан алатынын білмеймін, әйтеуір үйге анда-санда, орамалының шетіне түйіп бидай әкелетін. Сол бидайын қуырып, алақанымызға салар еді. Біз болсақ, бидайды құс құсап, бір-бірлеп теріп жеп, жалбырдан қайнатқан қара шай ішіп, жүрек жалғап жүрдік. Тұрардың әкесі Бөдеш те соғыста хабарсыз кетті. Ой, дүние-ай десейші, бүгінгі молшылыққа кенелген елді көріп, шүкірлік етемін. Сол жылдары таңның атысы далаға шығып, түтіні қою шыққан үйді көрсем солай қарай жөнелер едім. Ондағы ой жасап жатқан тамағынан бір аяқ ас бұйырар деген үміт. Сол заманның адамдары да ғажап қой. Өздері жарымай отырып, біз сияқты жетімдерді шет қаққан емес. Мен де есесіне қолғабыс жасайтын едім. Қорасын тазалап, малын суарысып дегендей. Жеті жасқа іліккен кезде, колхозға қолғабыс етер бала ретінде, еңбек күнге жазылып, шөпшілерге өгіз айдаушы болып кірдім. Міне, қарнымның бір тойғаны сонда. Халықта бір мақал бар: «Кедейдің бір тойғаны – шала байығаны». Жастайымнан жетім қалғандікі ма, әке-шешемнің бейнесін көз алдыма келтіре алмаймын. Ол уақытта сурет қайдан болсын. Қойшы, содан сол жылы мектепке бардым. Оқудың басталғанын байқамай қалып, кештеу келдім. Портфель орнына қолдан тіккен дорбаны мойынға іліп, мен де қосылдым қатарға. Аяқта аяқ киім жоқ, тілім-тілімі шыққан жалаң аяғыммен, мектептің табалдырығын аттадым. Жазда өгіз айдап, жарылып кеткен аяғым, байқамай партаға соғылып, қан қақсағаны бар. Сол әлі күнге есімнен кетпейді. Менің қызықты өмірім мектеп бітіргеннен соң басталды. Сол жылдары оқуға еңбек өтілімен келіп түсетін. Мен де ауылда үш жылдай еңбек етіп, Целиноградтағы жаңа ашылған ауыл шаруашылығы институтының алғашқы студенті болып қабылдандым.
Өмірімдегі қайғы-мұңымды ұмыттырған осы студент болған жылдарым. Екінші семестрдің лекциясы жүріп жатқан. Есік ашылып институт ректоры М.Гендельманмен бірге танымайтын біреу кірді. Ректорымыз: «Студент Сеитов бар ма?» деді. «Мен бірдене бүлдіріп қойдым ба?» деген қорқынышпен орнымнан тұрдым. Студенттер де аң-таң. Бөгде кісі «Студент Сеитов Целинград облысының мылтық ату спортының команда мүшесі ретінде, ертеңнен бастап Алматыға аттанады, енді оған сәттілік тілейік» дегенде, аудиторияда отырғандар қол шапалақтап жіберді. Ректорымыз маған: «Қазірден бастап боссың, жолға даярлан, бәрі де ойдағыдай болады» деді. Алматыдан 22 шақырым жердегі ДОСААФ тирінде Қазақстанның бүкіл облысынан жиналған мергендер жарысы бір айдай уақытқа созылды. Бір күні менің де кезегім келіп, өзімнің маманданған винтовкамнан атып, Қазақстанның рекордын жаңартып, чемпион атандым. Спорт шебері деген атақ алдым. Мені «Атақты спортшы» деп мұғалімдер де, студенттер де сыйлайтын. Ол кезде спортшыға әр жарысқа қатысқаны үшін қолына талон беретін. Сол талонмен үш мезгіл тегін тамақ ішіп, стипендиям қалтамда қалып жүрді. Осы студент кезім өмірімдегі ең бір уайым-қайғысыз өткен, жастық шағымның тәуір кезеңі болды. Қысқасы жақсы көктем жақсы жазға ауысып, жақсы жаз жемісті күзіне әкелді. Кішкентай күнде көрген жетімдігімді Алла елеп, өмірімді бақытты, жемісті етті. Жетімнің қасында Алла болады деген осы. Торғай облысы Державин ауданы Львовский совхозының бас агрономы болып тұрғанда, еңбегімді жоғары бағалап, 1968 жылы алғашқы шыққан «Газ – 24» волгасын міндім, ондай машина тек үлкен басшылар мен еңбек озаттарына ғана берілетін. Сол шаттық пен қуанышқа толы күндерімді есіме алсам, Алланың мейріміне көңілім толқып, шексіз шүкірлік етемін. Кейін сол Державин ауданындағы ең үлкен «Шолақ Сандық» совхозында директор болып 20 жыл жұмыс істедім. Менің балалық шағым өткен Ақтөбе ауылы да сол совхоздың құрамында екен. Алғаш директор болып барған кезде, баяғы өзімді қамқорлыққа алған 3-4 қарияны көрдім. Қарасам бастарын төмен салып көтермейді. Жиналыс аяқталған соң қастарына келіп сәлем бердім. Неге ұнжұрғалары түсіп кеткен деп сұрасам. «Сенің кішкентай кезіңде, жақсы жәрдем ете алмадық-ау деп қамығып отырмыз» дейді. Сол кезде бәрін құшақтап, «сендер сондай қамқор болмасандар, мен бұл күнге жете алар ма едім. Қадірлі қарияларым менің, өздерің жарымай жүріп, қолдағыларыңды менен аяған жоқсыңдар. Рақмет сіздерге!» дедім. Осыдан кейін бәрі де жадырап, қош келдің деп құшаққа алып, ісіме сәттілік тіледі. Бұл менің өмір жолым, еңбек жолым, айта берсе әңгіме көп. Кейін республикалық деңгейде де абыройлы істер атқардым «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет» белгісі ордендерімен және де көптеген медальдармен марапатталдым. «Республикаға ерекше еңбегі сіңген зейнеткер» деген зейнет-ақы тағайындалды маған.
Өмір жолын басынан аяғына дейін айтатын болсақ, үлкен бір кітапқа жүк боларлық Қабиболла қария ескінің дастаны, бүгін­нің қызығып қарар ақсақалы. Бауыржан Момыш­ұлының айтуынша, қартаюдың төрт түрі бар: шал, қария, ақсақал, абыз.
Шал – ол дәрменсіз қартайған, қауқары жоқ жан. Қария – аузында дұғасы, еліне өнеге-өсиет айтар адам. Ал абыз халықтың қамын жеген данышпан. Біз ол кісіге Бауыржан атамыз айтқан өлшемді танбай-ақ қояйық. Бірақ ол шалға жатпайтыны анық. Жасы 80-нен асқан Қабиболла қария қарттықты мойындаған емес. Ол 20 жасында жасаған мергендігін 80-де де жаңғыртқан адам. Алпыс жыл өткен соң сол рекордын ардагерлер арасындағы республикалық бильярдтан өткен чемпионнатта қайталады. Қаладағы қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, игі істерге мұрындық болып жүр. 2018 жылы қалалық ардагерлер спартакиадасын олимпиадаға ұқсас өткізудің ұйытқысы болған осы кісі. «Адам өзінің қажеттілігін сезінбей, қоғамның толыққанды бір мүшесі екенін мойындамай өмір сүрсе, міне сол адам қартайған адам» дейді Қабиболла Сеитов. Бес бала өсіріп, он үш немере, үш шөбере сүйіп отыр. Зайыбы дәрігер болып қызмет еткен. Қазір зейнеткер. Бар мен жоқтың, аш пен тоқтың өлшемін өмірі­мен өрнектеген қарияның өткен жолы осындай.

Серік Әбілжанов

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=9&id=995511
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Қостанайда «Адалдық кіт 1 min
АҚЫТ ҮЛІМЖІҰЛЫ ШЫҒАРМАШ 7 min
Жанна Мамажанова IAAF G 22 min
Путин ресеи халқына жағ 22 min
А қ ш кәнәдә мексикә бо 1 sagt
Аңсарбек Ғайнуллин - дз 1 sagt
Орнықтылық барысында іл 1 sagt
Қазақстан БҰҰ-ның жаһан 1 sagt
Мемлекет басшысы Парал 1 sagt
«Дайын болса, хаттарды 1 sagt
Жұңхуа өркениеті азя өр 1 sagt
Австраля федерәтсясі пә 1 sagt
Ғұмар Қырғызбаев — Еуро 2 sagt
Елордада жүк көлігі мен 2 sagt
Районымыз мүгедектерге 2 sagt
А қ ш пен еврөпәдәғі бі 2 sagt
Теннис: Путинцева Нюрнб 2 sagt
Нью-Йоркте дәмханалар « 2 sagt
Еврөпә одағы торап шабу 2 sagt
Арман қуу жолында жасты 2 sagt
Тоқаев қазақстандық біт 3 sagt
Францияда «сары жейделі 3 sagt
Елорданың үздік педагог 3 sagt
Қарағандыда әскери қызм 3 sagt
Италияда өтетін еркін к 3 sagt
Павлодар облысында 4 мы 3 sagt
Мәдениет пен саяхат тоғ 3 sagt
Сыряның армя жағы сыря 3 sagt
Атырау алып құрылыс ала 3 sagt
ҚПЛ: «Астана» Қарағанды 3 sagt