Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-07-14457388527 %73 %
2019-07-15525205545 %55 %
2019-07-1614853935 %65 %

ТОПЫРАҚТАН ТҮЛЕГЕН — «Ана тілі» Ұлт газеті



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ана-тіл газеті

Жолданған уақыты: 00:21 - 2019/05/16



Ұлылардан ұлағат етер сөз қалады. Қазағымыздың мәңгілік мерейлі мақтанышы болып қалған заңғар жазушымыз Мұхтар Омарханұлы Әуезов алдындағы аға, ізінен ілескен інілерімен етене жақындығын «аға дос», «іні дос» деген сөздерімен бедерлеген екен. Менен бір мүшелге жуық кішілігі бар Абдулла Сапаров жөнінде бірдеңе жазсам деп қолыма қалам алғанымда ­ойыма әуелі ұлы адамның кезінде өзі ғана қолданып, соңынан өзгелердің де аузына үйіріліп, үйреншікті болған осы сөзі оралды.
Шынында, Абдулла маған іні дос! Менің қатарластарым халыққа қайғы-қасірет әкелген сұрапыл соғыстың ызғарын сезініп, жоқ-жітік өмірдің қақпақылында кергіленіп өссе, соғыстан кейін дүниеге келгендер – Жеңіс солдаттары елге қуанышпен оралып, мұңды күндер нұрлы, шуақты сипат ала бастаған кездің төлдері. Бізді үндестіретін – арманшыл көңіл, оқу-білімге деген ғаламат құштарлық. Сол уақыттағы саясат, идеологияның әсер-ықпалы деген өте зор болатын. Сондықтан да бүгінімізден ертеңіміз ғажап, ертегідей керемет болатынына алғаусыз оймен иланып, бақытты болашағымызға қол создық, соған тезірек жетуге құлшына ұмтылдық.

Мен – аға дос, ол – іні дос болып екеуіміз менің ка­бинетімде осылайша сырласып отырған сәтімізде:
– Дәл солай еді ғой, Рақым аға, – деп, айтар ойымды одан да ойнақы етіп, оздырып жіберді Абдулла. – Арман құсымыз қалықтатты-ау бізді де! Өзіміз талай кездесу кештерінде жүзін көріп, жүрек тербейтін жақсы жырларын өз аузынан тыңдаған әйгілі Әбділда Тәжібаев ағамыздың тура менің жасымдағы айтқан сөзін есіңізге салайыншы.
Жиырмада қыран құстың түлегі едім,
«Отызда от кешсем» деп тілеп едім.
Қырқымда – қиындықтардан тоят іздеп,
Елуде – Ер дегеннің біреуі едім.
Алқынтпай, алпысым да қалды артымда,
Иә, Тәңірі, жетпісімді өзің қолда! – депті. Сол кезде: «Ойпырмай, Абдулла алтыным, сен де жетпіске келіп қалдың ба?» дедім әзілдеп қоятын әдетіммен. «Алла келтірді ғой, аға. Ізіңізден еріп келеміз. Енді өзіңіз көрген сексенге жеткізсін деген ізгі оймен жүрмін» деді ол да әзілмен астарлай күле сөйлеп.
«Мәселе кімнің туғанында емес, кімнің тәрбиелегенінде» дейді екен жапондықтар. Әсте, солай деп жайдан-жай айтыла салмаған. Қазіргі Түркістан облысы Қазығұрт ауданындағы кеңестік заманда дәуірлеген «Қызылтаң» колхозының Қақпақ дейтін тамаша жерінде туып-өскен ­Абдулла да «Білім – бақыттың жібермейтін қазығы. Оқыңдар және оқыңдар. Оқыған озады. Болашақ – білімдінікі» деген ойды қайталап айта беруді ұнататын ұстаздардан тәлім-тәрбие алды. Орта мектепті 1966 жылы сол уақытта Өзбек ССР деп аталған республиканың Шыршық қаласындағы (өкініштісі, сұлулығына сұқтанбайтын ел қалмаған сол аймақ қазақтың қасиетті жері еді-ау. – Авт.) М.Әуезов атындағы №17 орта мектепті парталастарының бетке ұстарларының бірі болып бітірді. Бітіре сала оқу іздемеді. Еңбектің дәмін татып көрейінші деп, Шыршық трансформатор жасау зауытына токарьдың оқушысы болып жұмысқа тұрды. Содан соң кіндік қаны тамған ауылына оралып, бақташы жұмысын атқарды. Жоқ, қатарластарымнан қалмайын, жоғары білімді маман болайын деген мақсатты оймен Алматыға келіп, Ауылшаруашылығы институтының агрохимия және топырақтану факультетіне құжаттарын тапсырды. Бағы жанып, оқуға түсті. Осы оқу ордасында оқытушы ретінде орнығып, кандидаттығымды қорғап, ұстаздарым ертеңі бар деп үкілі үміт артып жүрген жап-жас ғалым кезім. Міне, Абдулланы мен сол уақыттан бері өте жақсы білемін. Білген үстіне біле түссем екен деп ышқынатын, қоғамдық жұмыстарға да құштарланып тұратын студенттер дараланып жүреді емес пе?! Мен институттың комсомол ұйымына жетекшілік еттім, одан кейін партия, кәсіподақ ұйымының жұмыстарына етене аралас­тым. Абдулла спортпен айналысатын. Ол ­бокстан талай рет факультеттің, институтымыздың намысын Қазақстанда және Кеңес Одағында қорғап, жүлдегер атанды. Оның қасында тек спротпен ғана емес оқуды да жақсы меңгерген оқушыларымыз көп болатын. Олардың қазіргі таңда, кең байтақ елімізде алған мамандықтары бойынша абыройлы еңбек етіп, есімдері елге танылды.
Ғылыми жұмысымның бабымен жер-жерді аралап жүргенде жүздесіп, атқарған жұмыстарын өз көзіммен көріп, ризалық сөзімді айтып қайтушы едім. Достыққа адал Абдулла олармен әлі күнге дейін етене араласады.
Бізді үлкендер «Емнің алды – еңбек» деп баулыды. Қара бастың қамын қаузамай, халық үшін, ел үшін деп бойда барымызды беруге талпындық. Міне, осындай тәрбие тезінен өтіп өскен А.Сапаров 1972 жылы институтты тамамдасымен Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтына жұмысқа жіберілді. Қызметті кіші ғылыми қызметкерліктен бастап, аға ғылыми қызметкер, зертхана және агрохимия бөлімінің меңгерушісі, институт директорының орынбасары міндеттерін мінсіз атқарды. Ғылымның жеңісі – халықтың жемісі деп, ғылыми жұмыстарын күнделікті өмірмен ұштастыра жүргізді. Тау бөктеріндегі суармалы жерлердің қара-қызғылт топырақтарындағы фосфордың айналымы және топырақ құнарлылығына байланысты ауыспалы егістегі өсімдіктер мен жапырақтағы минералды элементтердің өзгеру заңдылықтарын меңгерді, олардың оңтайлы параметрін, сондай-ақ диагностикалық көрсеткіштер мен олардың тыңайтқыштарға қажеттілігін анықтады, картоп және көкөніс дақылдарының бағдарламаланған өнімдерін алуды қамтамасыз ететін математикалық модельдерін әзірледі. Сонымен қатар ауыспалы егістегі көкөністің өнімділігі мен қара-қызғылт топырақтың құнарлығының өзгеру процестерін тереңдеп зерттеді және тыңайтқышты ендіру, топырақты өңдеу және суару жүйесін анықтайтын көпфакторлы тәжірибенің тікелей жүзеге асырушысы болды. Ауылшаруашылық дақылдарының тыңайтқышқа биологиялық сұраныстарын, олардың диагностикалық көрсеткіштерін анықтады. Республиканың 1985-1990 жылдардағы ауылшаруашылығына қажетті минералдық және органикалық тыңайтқыштарының нормативтік, сонымен бірге топырақ пен минералды тыңайт­қыштарын пайдалану коэффициенті, олардың ауылшаруашылығына қажеттілігін анықтау нормативін жасады. Осы жұмыстардың және ізденістердің негізінде Абдулла 1985 жылы Мәскеуде кандидаттық, 1997 жылы Алматыда докторлық диссертацияларын қорғады. 1998 жылы агрономия саласы бойынша профессор атанды.
«Жігіттің ерінгені – көрімнің көрінгені» дейді бабаларымыз. А.Сапаровтың өзі жүрек қалауымен алған мамандығы бойынша жеңісті, жетістікті табыстарға қол жеткізуі – ерінбейтін еңбегі мен талмайтын, мақсатты ізденістерінің арқасы. Дегенмен, осы орайда өзіне тікелей бағыт-бағдар беріп, жол нұсқаған ұстаздарының да ықпалы аз болмағанын үнемі ұмытпай, ілтипатпен айтып отырады. Несін жасырайын, «солардың арасында ең әуелгісі өзіңізсіз ғой» деп қояды. Әрине, мұндай білгендігіне алғыстан басқа не дерсің?! Өзім де есімдерін ерекше сезіммен айтып жүретін М.Сүлейменов, А.Сатыбалдин, В.Минеев, Ж.Аханов, Л.Бобров, Ф.Янишевский, Н.Болдырев, В.Сычов, А.Иванов, Б.Бәсібеков, М.Мамышев сынды белгілі ғылым тарландары үлкен ғылым жолындағы еңбегінде аз ықпал етпегендігін жақсы білемін. Олай дейтінім, оған шын жанашыр ұстаз ағасы ретінде солардың қайсыбіреулерімен ой-пікір бөлісуіне ақыл-кеңес бердім, дәнекер болдым.
Абдулла Сапарұлы – тек республикаға ғана емес ТМД және алыс шетелдерге танымал ғалым. Оның бастамасымен Алматыда топырақ құнарлығын сақтау және ұдайы жоғарылату мәселелері бойынша халықаралық ­симпозиум мен ғылыми-практикалық конференциялар өтіп тұрады (ғалым өзінің зерттеулерінде үнемі топырақ құнарлығын арттыру мен ауылшаруашылығы дақылдарының өнімділігін жоғарылату мәселелерін алдыңғы қатарға қояды), оны «Жер ананың жанашыры» деген баға берсе артық болмас деп ойлаймын. Топырақты зерттеу саласында салиқалы еңбектері үшін Абдулла Сапарұлы Академик Бараев атындағы сыйлықтың иегері болды. Сонымен бірге ол шет елдермен қарым қатнасты ұйымдастыра білген адам. Қазіргі таңда халықаралық деңгейде ғылыми орталық ашылған, онда топырақтың құнарлығына және оның экологиясына байланысты проблемаларды шешу жолында бірлескен жобаларды орындайды. Осы жобалардың негізінде ол жас ғалымдарды тәрбиелеуге ерекше көңіл бөледі.
Абдулла Сапарұлы ғылыми және ұйымдас­тырушылық жұмыстарды да шебер атқарумен қатар, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып жүр. Ол ҚР БҒМ жанындағы құрылған ауылшаруашылығы саласы бойынша ғылыми жобаларды сараптаушы ҰҒК-тің төрағасының орынбасары, ауылшаруашылығы ғылымы ­бойынша мемлекеттік сыйлыққа ұсынатын комиссия төрағасы, республикалық «Ауыл» халықтық демократиялық патриоттық партиясының Алматы қаласы филиалының төрағасы.
«Шәкіртсіз ұстаз – тұл» дейді ғой. Жақсы шәкірт мақтанышыңа айналады. Іні досым ­Абдулла Сапаров – мен үшін сондай азамат. Бүгінгі таңда 500-ге жуық ғылыми мақала жариялаған автор. Оның ішінде 125 жұмысы жақын және алыс шетелдік ғылыми басылымдарда жарық көрген. Артық-кемсіз жиырма монография мен кітап және оқу құралдары – өзі өмірін арнаған ғылым мен білім саласында жүргендердің айналып өтпейтін, қашанда құнын жоймайтын қажетті деректер мен дәйектерге толы қазыналы еңбектер десем, әсте қателесе қоймаспын. Ол сонымен бірге 15 инновациялық патент пен 8 авторлық куәлік, 3 авторлық құқықтың иесі.
«Еткен еңбегің қауымға жарасын, тіккен үйің дауылға жарасын» демекші, менің іні досым, шәкіртім А.Сапаров өзі табан аудармай қызмет етіп келе жатқан Ө.О.Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу ­институты жанынан кандидаттық және докторлық диссертациялық кеңестің ашылуына ықпал етіп, нағыз жанашыр бола білгені де ерекше еңбек. Ол 2004-2011 жылдар аралығында биологиялық және ауылшаруашылық ғылымының топырақтану мамандығы бойынша жұмыс істеген осы кеңестің төрағасы міндетін атқарды. Осы аралықта 5 докторлық және 13 кандидаттық диссертация қорғалса, соның ішінде 3 докторлық пен 12 кандидаттық жұмысты өзі басқаратын институттың ғалымдары қорғады.
А. Сапаров 2003 жылдан бері Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу деп аталатын іргелі ғылым ордасында директор. Оның тарихы әріден басталады. Ұжымның алғашқы директоры Қазақ КСР Ғылым академиясына мүше корреспонденті Өмірбек Оспанов болатын. Қазір институт сол кісінің атында. Институт өткен ғасырдың 70-80-жылдары іргелі және қолданбалы ізденістері бойынша Кеңес Одағындағы алдыңғы қатарлы ғылыми-зерттеу институттарының бірі дәрежесіне көтерілді. Қазақстан аумағында 272 млн гектар жердің топырағы жан-жақты зерттеліп, оның ішінен 30 млн гектар шамасында ауыл шаруашылық дақылдарын өсіруге және ол жерлерден қанағаттанарлық мөлшерде өнім алу мүмкіндігі бар екенін негіздеп, ғылыми тұжырым жасады. Содан бері қаншама су ақты, дүние-өңір өзгерді. Бұрынғы жасалған топырақ карталары мен ұсыныстардың көпшілігі көнерді. Сол себепті, ­институт ғалымдары ғарыштық, геоақпараттық жүйе, топонегіз, компьютерлік технология секілді жаңар­ған заманауи әдістерді пайдалана отырып, жаңа карталардың электронды нұсқаларын ­жасады.
Әлбетте осылай деп айта салу оп-оңай болға­нымен, оның арғы жағында қаншама қым-қуыт жұмыстар, ұйымдастыру шаралары тілге тиек етілмей тұрғанын өзіңіз де іштей сезіп отырған шығарсыз, оқырман. Міне, соның бәріне сара басшылық жасап, бүгінгі уақытқа сай басқа да істермен әрі қарай жалғастыруға жетекшілік жасаушы менің іні досым, сүйікті шәкіртім, ауылшаруашылығы ғылымының докторы, профессор, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, ҚР Ауыл шаруашылығы ғылымдар академиясының академигі және академияның вице-президенті, «Құрмет» орденінің иегері А.С.Сапаров екенін орынды мақтаныш етемін.
Әбекеңнің шаңырағын нағыз ғалымдар жанұясы деп айтуға болады. Жұбайы Үлбүбі, ұлы Ғалымжан және күйеу баласы Уго ғылым кандидаттары, ал қыздары Лаура мен Әсел жоғары деңгейдегі психологтар, барлығы өз салаларында жемісті еңбек етуде. Әбекең 3 немеренің сүйікті атасы.
Абдулла Сапарұлы бүкіл саналы ғұмырын топырақтану және агрохимия ғылымына арнаған, осы саланың нағыз патриоты, Қазақстанның қазіргі аграрлық ғылымының арқа сүйер алыптарының бірі болып отыр. Болашақта жанұяңызға зор денсаулық, бақ дәулет, береке, жақсы күндер тілеймін.

Рақымжан ЕЛЕШЕВ,
академик

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=9&id=995510
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Мұнайдың әлемдік бағасы 7 min
Қарағандылық полицейлер 18 min
Халықаралық қатаң шолу: 28 min
Сейсенбіде еліміздің ба 1 sagt
16 шілде. ҚазАқпарат кү 1 sagt
Еврөпә одағы квеитте уә 1 sagt
Ресеи армясының көп тас 1 sagt
Қазақстанның 3 қаласынд 2 sagt
«әуелгі мақсатты ұмытпа 2 sagt
Бас мүфти: Татулық пен 2 sagt
Ши жинпиңның жаңа ٴдауы 2 sagt
Павлодар облысында суға 3 sagt
«әуелгі мақсатты ұмытпа 3 sagt
Жүңгө гөминдәң партясы 3 sagt
Жалғас Жұмағұловтың жек 4 sagt
Кеңейтілген отырыстағы 4 sagt
Кубаның темір жолы жаңғ 4 sagt
Орта, шағын финанс құры 4 sagt
Әуе тасымалы арта беред 4 sagt
«Elorda Aqparat» ұжымы 4 sagt
Жүңгө халық азаттық арм 4 sagt
Францияда орман өртеніп 5 sagt
Қытайдың Хоргосы таныст 5 sagt
Қазақстанда 52,9 млрд к 5 sagt
Елорданың ең үздік тау 5 sagt
Азар «Реалда» Бекхэмнің 5 sagt
Базарға кіруге рұқсат е 5 sagt
Төрткүл әлем триатоншыл 5 sagt
Заңды тұлғаларды тіркеу 5 sagt
Тәлімгерлер тәжірибесі 5 sagt