Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-13946291737 %63 %
2019-10-141301382836 %64 %
2019-10-15625171831 %69 %

«Невада-Семей» қозғалысына 30 жыл — «Ана тілі» Ұлт газеті



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ана-тіл газеті

Жолданған уақыты: 14:21 - 2019/10/10



Жуырда Нұр-Сұлтан қала­сында «Невада-­Семей» халықаралық антиядролық қозғалысының 30 жылдығына арналған халықара­лық ғылыми-практикалық конференция өтті. Жиынның кіріспе сөзін «Невада-Семей» Халықаралық Антиядро­лық қозғалысының жетекшісі, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ЮНЕСКО қамқорлығындағы Халықаралық Мәдениет­терді жақындастыру орталығының директоры­ Олжас Сүлей­менов ашты. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова сөз сөйлеп, Елбасы Н.Назарбаевтың құттықтауын табыстады.

Алқалы басқосуға көптеген ­танымал меймандар келіп, баяндама­ жасады. Атап айтқанда, Алматы қаласындағы ЮНЕСКО­ Кластерлік бюросының директоры Криста Пиккат, Нобель сыйлығының лауреаты Арун ­Митра, ­Невада-Семей ХАҚ белсендісі Ренато­ Йоска, мәдениеттанушы Мұрат Әуезов және т.б. азаматтар сөз сөйледі. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Невада-Семей» ­жастар ұйымының жетекшісі Гүлжанат Бақытқызы «Невада-Семей» жастар ұйымының қызметі жөнінде айтты. Университетте ядролық қаруды сынаудың салдары бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды. Қозғалыс бүкіл адамзат үшін радиациялық және экологиялық қауіпсіздіктің өсіп келе жатқанына, оның қатеріне алаңдаулы және де әлем мен әлемдік тәртіпті құруға өз үлестерін қосуға дайын екенін жеткізді. Сондай-ақ олар Қазақстан жастарын ғана емес, бүкіл дүниежүзінің де жастарын зорлық-зомбылық пен қауіп-қатерден азат әлем үшін күреске тартудың басты міндеті деп санайды.
Айта кетейік, біздің ел үшін және бүкіл әлем үшін бұл іс-шараның маңызы зор. Конференцияның мақсаты – мәдениеттерді жақын­дастыру, ядролық қаруға қарсы әлемдік сананы қалыптастыру, бейбіт әлем идея­ларын тәжірибе жүзінде іске асыру болды. «Невада-Семей» Халықаралық Антиядролық қозғалысы Қазақстанның алғашқы қоғамдық ұйымы, жер шарындағы ең беделді және тиімді бітімгершілік ұйымы. Қозғалыс мұндай жетістікке әлемде алғаш рет халықтық және парламенттік дипломатияның өзара әрекеттесуі – жалпы қарусыз­дану жолындағы алғашқы нақты қадамды, ең үлкен полигондарда ядролық сынақтарды тоқтату арқылы қол жеткізді.

Аружан ТАНАБЕК

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=9&id=1058195
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар