Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-161489390735 %65 %
2019-10-171587416432 %68 %
2019-10-18536154135 %65 %

Елорданың көркеюі – еліміздің көркеюі — «Ана тілі» Ұлт газеті



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ана-тіл газеті

Жолданған уақыты: 13:28 - 2019/10/10



Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет мүшелерінің, қала әкімінің және өзге де бірқатар жауапты мекеме басшыларының қатысуымен өткен жиында Елорданы одан әрі дамыту мәселелерін қарады. Бүгінгі таңда бас шаһарға тән түйткілдердің аз еместігі және оларды шешу де ойдағыдай жүрмей жатқаны сөз болды.
Мәселен, Қасым-Жомарт Кемелұлы соңғы 10 жылда Нұр-Сұлтан қаласына тартылған инвестиция көлемінің азайып кеткенін айтты.

– Нұр-Сұлтан экономика мен бизнес­ ортаға қолайлы жағдай жасайтын қала ­болып қала беруі қажет. Басты міндеттердің бірі – инвестиция тарту, – ­деген Мемлекет­ басшысы қала әкімдігі мен Сыртқы істер министрлігіне осы бағыттағы жұмыстарды жандандырып, жуық арада нақты нәтижелерге қол жеткізуді тапсырды. ­Инвестиция кез келген мемлекеттің, кез келген қаланың дамып, өркендеуіне серпін беретінін ескерсек, оның тиімділігі қай уақытта да маңызды рөл атқаратыны белгілі. Ал астанамыздай қанатын кеңге жайып келе жатқан қала үшін мұның маңыздылығы қашанда зор.
Елордаға тән болып келе жатқан түйткілдің бірі – үлескерлік құрылыс. Осыған дейін қаншама шешім қабылданып, бірқатар шаралар жүзеге асырылғандай болғанымен, үлескерлік құрылыстың басынан әлі дау арылар емес. Президенттің келтірген дерегі бойынша, қалада 49 проблемалық нысан бар екен. Ондағы құрылыстың аяқталуын 13,5 мың үлескер тағатсыздана күтіп отыр. Қасым-Жомарт Кемелұлы өзекті мәселенің бірі ретінде – баспана беру мен құрылыс жұмыстарының бәсеңдеуін атады.
Иә, үлескерлік жолмен баспаналы болу нарықтағы үй бағасынан біршама тиімді көрінгенімен, оның соңы осындай жағ­дайларға әкеп соғатыны, сөйтіп, қаншама елді әуре-сарсаңға салып қоятыны тағы бар. Бұл ретте үлескерлік құрылысты мойнына алған компаниялардың жауапсыздығы, белгіленген мерзімдердің сақталмауы, екі ортада халық қаржысының қолды болып кетуі тәрізді мәселелер үлескерлердің өз армандарына қол жеткізуіне айтарлықтай кедергі келтіруде. Не істемек керек? ­Президент бұл жөнінде: «Үлескерлік құрылыс мәселесін тез арада шешу керек» деп, нақты тапсырма­ берді. Демек, алдағы уақытта оң нәтиже күтуге болады.
Жиында, сондай-ақ техникалық мүм­кіндігі жоқ жер телімдерінің барлық жүйелерге қосылмастан аукционға шыға­рылатыны, қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үлесінің төмендігі сынға алынды. Азық-түлік және күнделікті тұтыну тауарларының да қымбаттағаны айтылды. Мұның бірден-бір себебі ретінде инфрақұрылым мен азық-түлік белдеуін­ің нашарлығы, сауда орындарының жетіспеушілігі атап өтілді.
Бүгінде Елорда халық саны жағынан қарқынды өсіп келе жатқаны белгілі. Бұған қаланың табиғи демографиялық өсімімен бірге, ішкі миграциялық про­цестердің артқанын қосуға болады. Бас қаладағы тұрғындар санының едәуір көбейгені, тиісінше миграциялық процес­тердің бақылаусыз кеткендігі де жасырын емес. Соның салдарынан әлеуметтік инфра­құрылымға, соның ішінде медицина мен білім саласына салмақ түсуде. Осы мәселені қаперге салған Президент өз сөзінде мектептер мен мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі орын тапшылығын шешу үшін жекеменшік әріптестікті көбірек тартудың маңыздылығына да тоқталды.
Әрине, ел астанасы болған соң, оған қойылар талап та, жүктелер міндет де ауқымды. Елорданың қалыпты дамуы үнемі Мемлекет басшысының назарында келе жатқаны сондықтан. Қасым-Жомарт Кемелұлы бұл жолы Нұр-Сұлтан қаласына қатысты толғандырған жайттарға жан-жақты зер салды. Оның бірсыпырасы жұртшылықтың көкейіндегі сауалдарға толық жауап бергендей. Сынға ұшырап жүрген салалардың барлығы дерлік назарсыз қалмады. Соның бірі – медициналық қызмет сапасын арттыру. Бұл тұрғыда 60 жылдан бері күрделі жөндеу жүргізілмеген Орталық теміржол ауруханасының апатты жағдайын мысалға келтірді. Спорттық нысандар­дың қала тұрғындары үшін қолжетімді болуын,­ «Қазақстан» және «Толқын» спорт ке­шендерінде қайта жөндеу жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Бұқаралық ақпарат құралдарында көп айтылып, жиі талқыланып келе жатқан аты шулы LRT жобасы да жиында қаралған негізгі мәселенің біріне айналды. Мемлекет басшысы LRT құрылысын қайта бастау және бірінші кезеңінің аяқталу мерзімін нақты белгілеуді, сонымен қатар екінші кезеңнің кестесі мен жүзеге асыру тетіктерін айқындауды Үкімет пен әкімдікке тапсырды.
Әлбетте, бас шаһарға қатысты өзге де сұрақтар кеңінен қамтылды. Десек те, жиын­ның тоқ етері – Елорданы тұрғын­дар­дың өмір сүруіне барынша қолайлы ету. Президенттің пайымдауынша, Нұр-Сұлтан – «төрт құбыласы тең қала» қағидатымен ­дамуы қажет. Сол үшін қалаға тән мәселелерді дер кезінде шешіп, жедел әрі тиімді шаралар қабылдауға баса мән берілді.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Кемелұлы­­ «Астана Бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалық институтында болып, қала­ның алдағы жылдардағы сәулет жоспарымен де танысты.

Дәуіржан ТӨЛЕБАЕВ
«Ана тілі»

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=9&id=1058144
Пікірлер

Көрші сілтемелер