Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-221435476533 %67 %
2019-10-231391591239 %61 %
2019-10-2412350925 %75 %

КӨРКЕМСӨЗ ОҚУ ШЕБЕРЛЕРІ — «Ана тілі» Ұлт газеті



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ана-тіл газеті

Жолданған уақыты: 12:42 - 2019/10/10



Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы қарсаңында Талдықорған қаласында дүбірлі дода – Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық байқауы өтті. 

Байқаудың ұйымдастырушылары Қазақстан ­Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты­ комитеті мен Алматы облысының әкімдігі. Байқау екі кезең бойынша (проза,­ поэзия) өтті. Қатысушылар байқаудың бірінші кезеңінде қазақ әңгімесінің хас шебері, өмірдің ­шынайы картинасын жасаушы Бейімбет Майлиннің «Күлпәш», «Қара шелек», ­«Раушан коммунист» сияқты әңгімелері мен суреткер Сәкен Сейфуллиннің «Айша», т.б. прозалық шығармалардан үзінді оқыды. Ал екінші кезеңінде қазақ әдебие­тіндегі шоқтығы биік поэмалардың бірі – Ілиястың «Құлагері» мен Фаризаның мұңлы, сезімге толы өлеңдері, Сәбит Дөнентаевтың терең мазмұнды, ойлы туындылары оқылды. Биыл Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин,­ Сәбит Дөнентаев, Ілияс Жансүгіровтердің 125 жылдық және Фариза Оңғарсынованың 80 жылдық мерейтойы болғандықтан, байқаудың шарты осындай еді.
Байқауға әділ бағасын беретін төрешілер қатарында белгілі ақын, Мем­лекеттік сыйлықтың иегері Тыныш­тықбек Әбдікәкімұлы, әдебиет сын­шы­­сы Тұрсынжан Шапай, дәстүрлі әнші Ерлан Рысқали, театр, кино және ­дубляж актері Азамат Шарғын, профессор, филология ғылымының докторы­ Мұратбек Иманғазинов сынды­ ­зиялы қауым өкілдері болды. Бұл сайыста нұр-сұлтандық Алхабек Айжан бас бәйгені қанжығасына байлады. Бірінші орынға шымкенттік Мәди Сәулебек лайық деп ­танылды. Павлодар облысының намысын қорғаған Ербақ Құрметжан екінші орынды еншілесе, байқаудың үшінші орынын Шығыс Қазақстан облысынан келген Әлия ­Болатова мен Қызылорда облысынан келген Айсана Әшімхан өзара бөлісті. Жеңімпаздар диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Байқауға ерекше ықыласпен дайындалып келген Ілияс Нұрланбеков және т.б. ынталандыру сыйлығына ие болды.
Шара соңында Шайсұлтан Шаях­метов­ атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ­ғы­­лыми-практикалық орталы­ғының атқа­ру­шы директоры Ербол Тілешев Тал­­ды­қорған қаласында өткен респуб­лика­лық байқаудың басы-қасында болып, атса­лысқан Алматы облысының Тіл­дерді дамыту жөніндегі басқармасына ұйым­дастырушылар атынан алғысын жеткізді.

Әйгерім ИЕБЕКОВА,
Алматы облысының Тілдерді
дамыту жөніндегі басқармасының баспасөз хатшысы

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=9&id=1058109
Пікірлер

Көрші сілтемелер