Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-171587416432 %68 %
2019-10-181098330835 %65 %
2019-10-19685218738 %62 %

Көзқарасын ашық білдіретін… — «Ана тілі» Ұлт газеті



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ана-тіл газеті

Жолданған уақыты: 21:42 - 2019/09/18



Кез келген тарихи сәт, егер ол сыршыл суреттер арқылы бейнеленіп тұратын болса, айтарлықтай қызығушылық тудыратыны рас. Мұндай суреттердің құндылығы да сонда, ол бүгінде белгілі тұлғаға айналған адамның өсу мен қалыптасу кезеңін көз алдыңа әкеліп, тарихпен үнсіз тілдестіреді. Ондағы кейіпкердің болмыс-бітімін, арман-аңсарын, даңғыл жолға бастаған алғашқы қадамдарын айна қатесіз жеткізеді. Өйткені объектив қашанда жасандылықтан ада, табиғи әрі шынайы.

Күні кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ҚХР-ға жасаған сапарында сонау 1983 жылы Бейжің лингвистикалық университетінде тағылымдамадан өту кезінде дәрісін тыңдап, тәлімін алған, бүгінде 80-нің сеңгіріндегі қытайлық ардагер ұстаз Лю Шициньмен кездесті. Қазақстан Президентімен кездесуде қатты толқыған Лю Шицинь сол бір дәуірге қысқаша тоқталып, тарихи сәттерді еске алып, Қасым-Жомарт Кемелұлының қандай шәкірт болғаны жайында әдемі естеліктерімен бөлісті. Ел Президентіне өзінің жүрекжарды тілегін жеткізді. Өз кезегінде Лю Шицинь ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлын білімге құштар, талапты, үлгерімі үздік және өте жауапкершілікті шәкірт болғанын тамаша сипаттап айтты. Осыдан аз уақыт бұрын ханзулық ұстаз өз архивінен ел Президентінің студенттік жылдарындағы фотосуретін тауып, Қазақстанға жолдаған екен. Бұл туралы әлеуметтік желілерде там-тұмдап бейне баяндау сипатында ақпарат та шыққан. Осы сапармен орайлас­тырып, сол бір тарихи суреттерді де оқырмандармен бөлісуді жөн көрдік.


– Мен бұл топқа «Жаңалықтарды тыңдау» курсы бойынша сабақ жүргіздім. Таңғалғаным, осы бөлімдегі бір дәрісімнің суреттері күні бүгінге дейін сақталып қалыпты. Кеңес Одағының студенттері ҚХР-ға екі елдің арақатынасы жақсара бастаған тұста келді. 15 жыл бойы қос социалистік лагерьдің байланысы тұралап қалған еді. Мұндай жағдайға қарамастан, студент Тоқаев өзінің құрбы-құрдастарымен және Аспан асты елінің мұғалімдерімен тез тіл табысып, достасып кетті. Қытай тіліне өте жүйрік, кез келген мәселеде, тіпті өткір тақырыптарда еркін пікір алмаса беретін. Әңгімешіл, белсенді болды. Арада көп уақыт өтпей-ақ озық шәкірттерімнің қатарынан көрінді. Ол газет оқығанды, көзқарасын ашық білдіргенді ұнататын. Эрудициясы мығым әрі өте мәдениетті және сыпайы болатын. Бұл қасиеттері оның бүгінде осындай жоғары дәрежеге жетуіне септігін тигізді, – дейді Лю Шицинь ұстаз.
Ардагер ұстаз өз шәкіртін әрдайым мақтан ететінін айтыпты.
Иә, халқымызда «Ұстазы жақсы­ның – ұстамы жақсы» деген ұлағатты сөз бар. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының саяси мансабы, мем­лекеттік қызметтегі жемісті еңбек жолы жеке басының қадір-қасиетінен бөлек, осындай жақсы ұстаздардан тәлім алып, өнеге көргенінде жатса керек.

Дәуіржан ТӨЛЕБАЕВ
«Ана тілі»

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=9&id=1049511
Пікірлер

Көрші сілтемелер