Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-211409463247 %53 %
2019-10-221435476533 %67 %
2019-10-237823143 %57 %

Қамқорлық керуені — «Ана тілі» Ұлт газеті



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ана-тіл газеті

Жолданған уақыты: 20:56 - 2019/09/18



Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың ҚХА ХХVІІ сессиясында берген тапсырмасы мен Қазақстан Республикасының «Қайырымдылық туралы» Заңына сәйкес, «Қайырымдылық керуені» акциясы бойынша шаралар облыс аудандарында кең ауқымда жүргізілуде. Облыстағы Қазақстан халқы Ассамблеясының атқарушы хатшылығы мен «Қоғамдық келісім» коммуналдық-мемлекеттік мекемесінің бригадасы Қобда ауданында болып, Ұлы даланың дәстүрлеріне негізделген «Көрімдік» шарасын ұйымдастырды.

Құрамында украиндардың «Оксана» ұлттық-мәдени орталығының мүше­лері, медиатор мамандар, ­ға­лым, Аналар кеңесінің мүшесі, Жас­тар ­ресурсы орта­лығының өкілдері бар бригаданы аудан әкімінің орынбасары­ Б.Құлов бастаған топ Қобда ауылына кіреберістегі Қобыланды батыр ескерткішінің түбінде күтіп алды. Орталықта қайта жаңғыртыл­ған әсем паркте аудандық тарихи-өл­кетану мұражайы­ның қызметкері Гүлбаршын Ерғалиева өңір тарихынан сыр шертетін экспозиция­лар­ды, тақталарды және басқа бағалы жәді­герлерді көрсетіп, мағыналы мағлұмат берді.
Қонақтар бірнеше топқа бөлініп жұмыс істеді. Аудан әкімдігінің мәжіліс залында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстан­ның тұ­рақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын талқылау ұйымдастырылды. Қ.Жұбанов атын­дағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік уни­верситетінің доценті Үбәйдулла Мәмбетов, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық ұйымының төрағасының орынбасары Жанғабыл Қабақбаев, «Қоғамдық келісім» мекемесінің сарапшысы Түлкібай Сапаров­ аса маңызды тарихи құжат жайында ой-пікірлерін ортаға салды, сұрақтарға жауап берді. Аудандық мәслихат хатшысы Жанболат Ерғалиев осындай жүздесудің пайдасы зор екенін атап көрсетті. Аналар кеңесінің отырысы, жастар кеңесі мүшелерімен кездесу қатысушылар көңілінен шықты.
Мәдениет үйінде салтанатты шара 15 қыркүйекке белгіленген Отбасы күніне арналды. «Қоғамдық келісім» мекемесінің «Қайы­рым­дылық керуені» акциясы бойынша атқарған шаралары қысқаша баяндалып, ауданның қоғамдық-саяси өмірінде белсен­ділік көрсеткені үшін Г.Ерғалиеваға, Б.Сәрсеновке, В.Власенкоға, С.Алтын­бековке Алғыс хаттар тапсырылды. Ауыл тұрғындары мен қонақтар аудандық мәдениет үйінің жанындағы «Айқаракөз» әжелер ансамблінің, «Сударушки» орыс вокалдық тобының, облыс орталығынан келген «Оксана» ұлттық-мәдени орталығы мүшелерінің, жас өнерпаздардың өнерін тамашалады. Халқымыздың әдемі дәстүрлерінің бірі – көрімдік жайлы театрландырылған көрініс жан-жақтылығымен әдемі әсер қалдырды. Бұл күні қобдалық бірнеше кәсіпкер жалғызбасты және көп балалы аналар отбасыларына азық-түлік алып беріп, қайырымдылық көрсетті. «Біз қызмет көрсетуді міндетіміз деп санаймыз, сондықтан аты-жөнімізді жазбай-ақ қойыңыздар» деді кәсіпкерлердің бірі.

Түлкібай САПАРОВ
Ақтөбе облысы

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=9&id=1049478
Пікірлер

Көрші сілтемелер