Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-181453485241 %59 %
2019-09-191340442541 %59 %
2019-09-2015748151 %49 %

Бір атаның баласындай — «Ана тілі» Ұлт газеті



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ана-тіл газеті

Жолданған уақыты: 22:21 - 2019/09/11



Жетісу өңірінде 105 этнос өкілі бір атаның баласындай өмір сүріп келеді. Оның ішінде 26 облыстық этномәдени бірлестігі мен олардың аудандарда – 39, қалаларда 6 филиалы (жалпы саны –71) тіркелген. Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясында тұрақты негізде І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде ғылыми-сараптамалық топ, ҚХА кафедрасы, этносаралық тақырып бойынша жетекші журналистер мен сарапшылардың клубы, этномәдени орталықтар, «Ұлағат» ақсақалдар кеңесі, «Аналар кеңесі», «Қоғамдық келісім кеңесі» және «Бірлік» жастар қауымдастығы, жетекші журналистер клубы, «Жаңғыру жолы» жастар қауымдастығының облыстық штабы, «Парасат» тіл жанашырлар клубы, «Өрнек» би ансамблі, «Полония» вокалды тобы, «Вайнах» шешен-ингуш ән-би ансамблі жұмыс істейді.

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы және «Достық үйі – Қоғамдық келісім орта­лы­­­­­ғының» биылғы Қазақ­стан Республикасының Прези­ден­ті­ Н.Назарбаевтың «Төр­тінші өнер­­кәсіптік революция жағ­да­й­ын­дағы дамудың жаңа мүм­кін­діктері» Жолдауы, «Прези­денттің бес әлеуметтік бастамасы» және Елорданың 20 жылдығы аясында 40-қа жуық әртүрлі форматтағы іс-шаралар өткізілді: 5 форум, 2 фестиваль, 13 кездесу, 8 дөңгелек үстел, 1 брифинг, 1 акция, 1 митинг, 1 ашық сабақ, 2 қайырымдылық концерт, 1 ашық есік күні, 5 отырыс ұйымдастырылды. Жыл басынан бері ұйымдастырылған іс-шараларға жеке-жеке тоқталар болсақ: Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын ­Алматы және Талдықорған өңірінде облыстық Славян қозғалысы, «Күміс тамыр» қытай этномәдени орталығы және «Полония» поляк қоғамы, «Туган тель» татар орталығы, «Видергебурт» Талдықорған ­не­містер қоғамы бірлестігі, «Бар­банг» күрд этномәдени бірлестігі, Өзбек этномәдени ор­талығы Қазақ­стан халқы Ас­сам­блеясының мүшелерімен тал­қылады. Облыстық славян қоз­ғалысы және облыстық орыс орта­лығының ұйымдастыруымен «Рождественские встречи» ­шарасы, «Преемственность поколения­ – гарантия­ национального единства»­ тақырыбында дөңгелек үстелі өтті. «Күміс тамыр» қытай этномәдени орталығы шығыс ай күнтізбесіне сәйкес қытай жаңа жылына арналған мерекелік ­шарасы, Славян­ қозғалысы және облыстық орыс орталықтары бірлесе «Масленица хороша, широка её душа» атты мерекелік шарасын ұйымдастырды. «Туган тель» татар орталығының ұйымдастыруымен Жалпыәлемдік татар асханасының күні, «Вайнах»­ шешен-ингуш ­эт­но­мәдени орталығы «Астана көктемі шақырады» облыстық ­форумы, «Туган тель» облыстық татар орталығының Муса Джалильдің шығармашылығына арнап кездесу, «Туган тель» облыстық ­татар орталығы «ҚР Президентінің бес әлеуметтік бастамасы» тақы­рыбында кездесу, облыстық дұнған этномәдени орталығының ұйым­дастыруымен «Береке бірлік бастауы­ – Наурыз!» атты фестивалі және «Балкария» балқар этномәдени орталығы «Астана – Мәңгілік Елдің бастауы» тақырыбында форумы өтті.
Облыс бойынша 627 Қоғамдық келісім кеңестері жұмыс істейді, 1 облыстық, 16 аудан және 3 қалалық, 252 ауылдық округте, 340 елді ­мекенде, 15 ірі кәсіпорында құрылған. Барлығы 4 209 мүшесі бар. Бірінші тоқсанда облыс көлемінде 3 облыстық, 6 қалалық, 32 аудандық деңгейде, 252 ауылдық округте, 340 елді мекенде, 15 кәсіпорында, жалпы 663 шара ұйымдастырылды. Қоғамдық келісім кеңестері ­тарапынан әлеуметтік мәселелерге байланыс­ты 59 өтініш қабылданып, шешімін тапты. 2018 жылдың алғашқы тоқсанындағы дерек бойын­ша облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан құрамында 876 мүшесі бар 265 Аналар кеңесі ­құ­рылған. Елорданың 20 жылдығына арналған «Астана­ жүрегімде», Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойын­ша бірыңғай республикалық күні аясында 120-ға жуық дөңгелек үстел, аудандарда кездесулер өтіп, 152582 адам қамтылған 289 шара ұйымдастырылды.
ҚХА жанынан құрылған ­ғы­­лыми-сарапшылық топқа келер болсақ, қаңтар айында Елбасының «Төр­тінші өнеркәсіптік революция дәуіріндегі дамудың жаңа мүм­кіндіктері» Жолдауын талқылау бойынша мемлекеттік органдардың қатысуымен дөңгелек үстел; ақпан айында «Жастардың бойындағы жауапкершілік пен патриоттық сезімді тәрбиелеу» тақырыбында кураторлық сағаттар; сонымен қатар наурыз айында ғылыми-сарапшылық топпен «Татулық – бірлік бастауы» форумы мен «Президенттің бес әлеуметтік бас­тамасын» талқылауға байланысты дөңгелек үстел өтті.
Медиация саласында да қыруар жұмыстар атқарылуда. Әкім­діктерде 20, соттарда 48 медиация кабинеттері жұмыс істейді. Тіркелген кәсіби емес медиаторлар – 272, кәсіби медиаторлар – 24. Жалпы медиаторлармен 323 дау шешімін тапты. «Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріндегі медиацияның маңыздылығы» тақырыбында дөңелек үстел, және барлық аудан, қалалық ­медиация кабинеттерінде ашық есік күндері ұйымдастырылды. Қайырымдылыққа қатысты да ­жасалып жатқан істер баршы­лық. «Достық дастарқаны», «Рождество», «Масленица» қайы­рым­­­­дылық шаралары ұйымдас­тырылды. «Қайырымды Ел» ­жал­пы­­­республикалық акциясы аясында 527 қайырымдылық шара ұйымдастырылып, 731 жағдайы төмен отбасы, 272 бөлек жеке тұлғалар (мүгедектер, қарттар, ардагерлер және т.б.), 1430 кәмелеттік жасқа толмаған жастар, жалпы 2433 адамға 24 689 000 теңге көлемінде көмек көрсетілді. 2018 жылғы 1 тоқсан бойынша этносаралық тұрақтылық пен бірлікті қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік зерттеу жүргізілді. Талдықорған ­қа­ласында фокус-топпен жұмыс ұйымдастырылып, эксперттік ­сауалнамалар арқылы әлеуметтік зерттеу жүргізілді. Тұрғындардың ішінде 1000 респонденттен 2 тілде (қазақ, орыс тілдері) «Face to face» тәсілімен сауалнамалар алынды.
Этносаралық арақатынас мониторингі көрсеткендей, аудан және қалалардағы көрсеткіштер тұрақты және жағымсыз бағалау­лар болған жоқ. Сауалнама жүр­гізілген тұрғындардың басым бөлігі мемлекеттік құрылымдарға сенім­дерінің жоғары екендігін және этносаралық келісімді сақ­тау бойынша мемлекеттік сая­сатты қолдайтындықтарын, ­сонымен қатар барлық мемле­кеттік бағдарламаларға қатысты құ­жаттармен уақы­тылы ақпарат­тан­дырылып отыратын­дықтарын көрсетті. Алдағы уақытта да бір атаның баласындай тату-тәтті өмір сүріп, жетістіктерге жететініне сеніміміз мол.

Е.Ерзия
Алматы облысы

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=9&id=1046840
Пікірлер

Көрші сілтемелер