Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-161515454335 %65 %
2019-09-171646515737 %63 %
2019-09-18425142145 %55 %

Спорт алаңы ашылды — «Ана тілі» Ұлт газеті



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ана-тіл газеті

Жолданған уақыты: 20:07 - 2019/09/11



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында «Халықтың денсаулығын жақсарту мәселесі айрықша назар аударуды талап етеді. Барлық жастағы ел азаматтары арасында бұқаралық спортты дамыту маңызды. Дене шынықтыруды өркендету ісі жаңа чемпиондар шыңына шығатын пирамидаға айналуы тиіс.

Бұл салауатты әрі белсенді жастардың, түптеп келгенде, қуатты ұлттың негізін қалыптастырады» деген болатын. Соған орай, Мемлекет басшысының бас­тамасын қолдай отырып, спорттық инфрақұрылымның барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету үшін Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті жаңа шағын футбол алаңын ашып, спорт кешенін қайта қалпына келтірді. Осы орайда, Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ ректоры Бауыржан Ердембековтің бастамасымен оқу ордасы жанынан бой көтерген жаңа шағын футбол­ алаңының ашылу салтанаты болды. 16 мыңнан аса студенті бар оқу ордасында бұрын-соңды спорт алаңы болмаған. Бірақ, бұған қарамастан, жас спортшылар әлем, Азия, республика чемпионаттарында жүлделі орындарға ие болып жүр. Аталмыш нысан Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-де жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спорт түрлерін дәріптеу мақсатында ашылып, студенттердің игілігіне берілді. Мұнда студенттер бос уақыттарын тиімді пайдалануға мүмкіндік алады.
Спорт алаңының ашылуына университет ректоры, профессор Бауыржан Ердембеков қатысып, құттықтау сөз сөйледі. «Президентіміз өзінің Жолдауы аясында дене шынықтыру және спортпен айналысуы керектігін атап өткен болатын. Мемлекет басшысының спортқа зор көңіл бөліп, бұл саланы әрдайым мемлекеттік маңызды басым бағыттар санатына қосатындығы қуантады. Міне, соның нәтижесінде саңлақтарымыз үлкен ареналарда ел намысын абыроймен қорғап, көк байрағымызды биіктен желбіретіп жүр. Ақтөбе – футболдың мекені. Біздің футболшыларымыз мықты, жанкүйерлеріміз одан да мықты екенін білесіздер. Сондықтан әлемдік бәсекелерде көрінетін мықты спортшыларымызды біз дайындау керекпіз деп ойлаймын» деп, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
Алаңның ашылу салтанатында Ақтөбе облыстық футбол федерациясының президенті Асхат Қалжанов, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының орынбасары Нұрбол Сыдықовтар сөз сөйлеп, жиналған спорт сүйер қауымды құттықтады. Шағын футбол алаңының ашылуында алғашқы жолдастық кездесу кәсіби-шығармашылық факультеті мен экономика және құқық факультеттерінің студенттік командалары арасында өтті.
Айта кетейік, инфрақұрылымды ­дамытумен қатар, Жұбанов университеті спортшы студенттеріне қолдау көрсетеді. Мәселен, осы оқу жылының басында­ «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 2 студентіне демеушілер есебінен 200 мың теңге көлемінде стипендия, әлеуметтік қолдау мақсатында 1-курс студенттеріне университет есебінен арнайы гранттар бөлінді. Осы жылдар ішінде 2019 жылдың наурыз айында «ARSU League» студенттік шағын футбол құрылған, университеттің ұлттық құрамасы Универсиада чемпионы және студенттер арасындағы Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Жаңа футбол алаңының лентасын профессор Төлеген Ботағариев пен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының орынбасары Нұрбол Сыдықов қиды. Университет өнерпаздары би билеп, өлең-жырдың тиегін ағытты. Бұдан соң, қонақтар мен университет ұжымы қайта жаңартылған спорт кешені мен бас ғимараттағы көрме залының ашылуына қатысты.
Қайта жаңғыртылған спорт кешенінде студенттердің баскетбол, жеңіл атлетика, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, шахмат, ­волейбол, ату, шаңғы, черлидинг, дзюдо, самбо, бокс және тағы да басқа спорт секциялары жұмыс жасайды. Университет­те республикалық, облыстық турнирлер, спорттық және жеңіл атлетикалық турнирлер мен чемпионаттар спорт кешендеріне үнемі өткізіліп тұрады. Ал жаңадан ашылған көрме залында кәсіби-шығармашылық факультетінің студенттерінің ең үздік жұмыстарын тамашалауға болады.

Сандуғаш БАЙҒҰЛҚЫЗЫ
Ақтөбе

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=9&id=1046780
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Конфессияаралық ашық ди 1 min
Қазақстандықтарға жаңа 1 min
Жаңа әскери шен пайда б 1 min
Н.Нығматулиннің төрағал 4 min
Әлем чемпионымыз өзбекс 10 min
18-19 қыркүйек күндерi 16 min
Иранмен соғысқа ең алды 16 min
Оралда тағы бір тұрғын 19 min
СҮННЕТКЕ САЙ МИСУАҚ ҚОЛ 21 min
5 қазанда Головкин екі 22 min
Қазақстан сотынан Украи 25 min
Сиез Хатшылығының отыры 1 sagt
Мұхтар Әуезовтің Сәбеңе 1 sagt
Астанада тұрғын үй кезе 1 sagt
Мемлекет басшысы ауылд 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Адамды қан тамырларына 1 sagt
Украинада Қазақстан сот 1 sagt
Автобус жүргізушісінің 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Қазақстан жыл басынан б 1 sagt
Елордада 250 халықаралы 1 sagt
Нұр-Сұлтан әкімдігі зей 1 sagt
«Бәйтерек» монументі уа 1 sagt
Елорда әкімдігі зейнетк 1 sagt
Дариға Назарбаева: Әлем 1 sagt
Атырауда бір жылда 764 1 sagt
Отношение государства и 1 sagt
Атырау облысында өткен 1 sagt
Джек Ма: "Ақымақтар ға 1 sagt