Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-16532315249 %51 %
2019-08-17559439538 %62 %
2019-08-18214105740 %60 %

Нұр-Сұлтанда PATA Travel Mart халықаралық туристік көрмесі өткізілмек — «Ана тілі» Ұлт газеті



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ана-тіл газеті

Жолданған уақыты: 18:56 - 2019/07/19



PATA Travel Mart 2019 Халықаралық туристік көрмесі Орта-Азия аумағында, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында алғаш рет өткізілмек, деп хабарлайды silteme.kz AA.

Ағымдағы жылдың 18-20 қыркүйегінде елордамызда Азия-Тынық мұхиты туризм қауымдастығының (Pacific Asia Travel Association – PATA) қамқорлығындағы PATA Travel Mart халықаралық туристік көрмесі өтеді.

Бүгін Ташкентте Өзбекстанның туризмін дамыту жөніндегі Мемлекеттік комитетінің қолдауымен «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясының өкілдері өзбек туристік компаниялары үшін көрме тұсаукесерін ұйымдастырды.

Көрменің ұйымдастырушылары Азия-Тынық мұхит туристік қауымдастығы (PATA), Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі және «Kazakh Tourism «ҰК»АҚ.

«Нұр-Сұлтан қаласының Азияның ірі қалаларымен өзара бәсекелесе отырып осы көрмені өткізу құқығын жеңіп алғаны – біздің елордамыздың өңірдегі іскерлік және оқиғалы туризм орталығы ретіндегі мәртебесін растап отыр. Бұл таныстырылымға әлемдегі 1000-ға жуық қауымдастықтың мүшелері келмекші, оның ішінде Азия мен Еуропа елдерінен біздің мақсатты нарықтарымызға айналған жұртшылық өкілдері ат басын бұрмақ. Жалпы алғанда, Қазақстанға ғана емес, сонымен қатар Орталық Азия аймағына осы нарықтардағы туристер тарапынан қызығушылық арта түседі деп сенеміз», — деп атап өтті «Kazakh Tourism «ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Сәдуақасов.

Көрме жыл сайын PATA-ның қамқорлығымен 1978 жылдан бері 44 қалада өткізіліп, 40 мыңнан астам делегат қатысқан. Соңғы он жыл ішінде көрмені Макао (2010, 2017), Дели (2011), Манила (2012), Чэнду (2013), Пномпень (2014), Бангалор (2015), Джакарта (2016), Лангкави (2018) қалалары қабылдаған.

Мысалы, өткен жылы көрме 12-14 қыркүйек аралығында Малайзияның Лангкави аралында өтті. Оған әлемнің 33 елінен 389 экспонентері қатысты. Сондай-ақ, іс-шараға 241 ұйымнан 252 туроператоры қатысты.

Анықтама:

PATA – ЮНВТО Бүкіләлемдік туристік ұйымынан кейінгі екінші ірі туристік ассоциация. Қауымдастық Азия-Тынық мұхиты бағытын дамыту, ілгерілету және ықпал ету үшін 1951 жылы құрылды және 34 елді өкілдік етеді, оның көпшілігі Қазақстан үшін басым бағдарлы нарық болып отыр.

«Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы 2017 жылдың шілдесінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен құрылды. Компанияның негізгі мақсаттары еліміздің туристік әлеуетін шетелде ілгерілету, сондай-ақ Қазақстанның туристік саласына инвестиция тарту.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=9&id=1025057
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Кешірім сұраудың жолдар 9 min
Шяңгәң ерекше әкімшілік 9 min
Осы араны басып көріңіз 9 min
Қапшағай маңында жер сі 15 min
Курчатов қаласында алға 19 min
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Мемлекеттік даму және р 1 sagt
Ақтөбеде жаңа форматтағ 1 sagt
Жәнібек Әлімханұлы жең 1 sagt
Жәнібек Әлімханұлы 27 ж 1 sagt
БАҚ өкілдері арасында Қ 1 sagt
Жүңгө халықаралық мәсел 1 sagt
Алматы облысында жер сі 2 sagt
Жәнібек Әлімханұлы 27 р 2 sagt
Түркістан облысында дәр 3 sagt
18 тамыз. Туған күн иел 3 sagt
18 тамыз. ҚазАқпарат кү 4 sagt
АӘК алушы 21 мыңнан аст 5 sagt
Полицейлерді боқтаған п 6 sagt
Ауа райы: Жексенбі елім 7 sagt
ШҚО-да ақын Абайдың тағ 8 sagt
Тұңғыш рет БАҚ өкілдері 8 sagt
Хоккей: «Барыс» Швейцар 8 sagt
Францияда егіздерге арн 9 sagt
Пара алған Қызылжар орм 10 sagt
Аманқос Ершуов | Әдеби 10 sagt
Тағы бір қазақстандық G 10 sagt
Украинада өртенген қона 11 sagt
Гүлбақыт Қасенова | Әд 11 sagt
Кезекті қазақстандық Go 11 sagt