Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-07-18518216236 %64 %
2019-07-19552224339 %61 %
2019-07-2010047628 %72 %

Қыздардың ғана емес, қазақтың трагедиясы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ақжүніс мақалалары

Жолданған уақыты: 21:00 - 2018/07/29


Кәрі қыз  Электронды поштама бейтаныс қыз сұрақ жолдапты: «Жұмамұрат аға,  өзіңізбен ақылдасқым келді… Жасым 34-те, тұрмысқа шықпағанмын. Енді өзімнің денсаулығым үшін біреуден бала туып алайын ба, әлде қиялдағы жігітті күтіп жүре берейін бе?..»

Бейтаныс арудың бұл трагедиясы мені терең ойға батырды…

Бүгінгі қазақ қызы өзіне тән нәзіктігімен қатар білімді, сымбатты, инабатты болуға тырысады. Әрқайсысының болашаққа қойған  мақсаты шексіз.  Сайып келгенде, сол армандардың ұштасатын жері – тұрмысқа шығу. Қай бойжеткен сүйікті жар, аяулы ана болуды армандамайды дейсіз?! Бірақ уақыт озған сайын, заман өзгерді ме, әлде адам өзгерді ме, қазір үйлену мен тұрмыс құру қиынның қиыны болып барады. Кейбір үзеңгілес құрбылармен отбасын құру жайында сұхбат өрбітсең еститінің сол баяғы әңгіме – «жібі түзу қыз жоқ». Алайда,біздің елде басы бос қыздардың саны, құдай-ау, жарты миллионға жетіпті. Бір жігітке тоғыз қыздан келеді. Жыл өткен сайын қыздардың саны артып келеді. Ал жасы отыздан асқан қыздардан тұрмыс құрмауының себебін сұрасаң – «жігіт жоқ». Ойпырм-ай, қазақ елінде басы бос жігіт қалмаған ба деп ойға қаласың…

Бұл, әрине, қыздар мен жігіттер арасында пәк сезімнің мүлде жоқтығын білдірмейді. Сезім, сүйіспеншілік болғанымен, бірнеше жыл бойы кездесіп жүрген жігіт пен қызда үйленуге деген құлық болмайды. Неге? Жігіттер отбасылық қым-қуыт өмірден қорқа ма әлде мойындарына артық жауапкершілік артқысы келмей ме? Әлде бұған өз келісімін бермейтін қыздар кінәлі ме? Менің ойымша, тұрмысқа шыға алмай жүрген қыздар жауапты өздерінен іздегендері абзал. Мәселен, сіздің су ішкіңіз келсе, көшеге шығып, су сататын жерді іздеп табасыз, таппасаңыз жолда өткен-кеткендерден сұрайсыз. Осылайша мақсатыңызға жетесіз. Ал үйінде тығылып отырған қыздарды кім біледі? Оның отырып қалғанын, тұрмысқа шыққысы келетінін кім білсін? Қазақстанның түкпір-түкпірінен ірі қалаларға келген қыздар алғашында оқубасты болып жүреді. Оқу бітірген соң ғылыми дәрежеге қол жеткізгісі келеді. Онан қалса, жұмыс дейді… Осылайша, жұмыс пен үйдің арасын жол қылады. Қазақи қисынға салар болсам,«түйеге жантақ керек болса, мойнын созады» демекші, ешкіммен таныспаса, қоғамдық жерлерге шықпаса, оларды кім көріп-біліп жатыр?!.

Қазіргі қыздардың көпшілігінің басты мақсаты отбасын құрып, уақытында ана атану емес, білім алу, нарықтық заманда біреуге тәуелді болмау үшін ақша табу, мансапқа жету. Ер-азаматпен терезесін тең етуге талпынған нәзік жандар осылайша уақыттың қалай өтіп кеткенін білмей де қалады-ау, сірә. Сансыз себептердің қатарына атқамінер азаматтар санының тым аздығы да қосылып отыр. Осылайша, Қазақстанда 350 мыңға жуық Баян Сұлу Қозы Көрпешін таба алмай жүргенге ұқсайды.

Кей қыздардың ұйқысын ұрлаған, сөзіне сендіріп, ырқына көндіре білген алғашқы махаббаты алдап кеткен немесе көңілін қатты қалдырған болуы мүмкін. Сөйтіп, жігіт атаулыдан үмітін үзгендер де баршылық. Бір жігіт жаман болса, бүкіл жігіт атаулы жаман деген сөз емес қой. Осылай уақыт оздырып қалып қояды. Осылай өзін-өзі тірідей қамап қояды. Бұл топтағы ұялшақ қыздар жігітпен таныса алмайды, қалай танысуды білмейді. Әбден уақыт өтіп кеткенде, тым құрығанда бір бала тауып алуды көздейді. Алайда, отырып қалған қыздардың көшедегі көрінген біреуден бала туып алуы – адамгершілік аясына да, ата дініміздің ұстанымына да жат емес пе?

Жалпы, адамзат баласының «мен ешкімге тәуелді емеспін, еркексіз (немесе әйелсіз) өмір сүре аламын» деуі жалған пікір. Алла Тағала барлық жаратылыс иесін жұп-жұбымен жаратқан. Әркім өз жұбымен жарасымды. Сондықтан еркек әйелсіз, әйел еркексіз ғұмыр кеше алмайды. Бұл – Жаратқан жаратылыстың заңдылығы.Көптеген қыздардың қиялындағы жігіт қандай? Оның көлігі, мол табысы, үй-жайы болуы шарт. Өзі ақылды, өзі көрікті, өзі бай дегендей… Бірақ бәріне бірдей Ален Делонды қайдан табасың?!. Олар тракторист Қошқарбай мен қойшы Жылқыайдарларды менсінбейді.«Сабақты ине сәтімен» дегендей, мансап пен байлықты қуып жүре бермей, уақытында жасалған ұсынысты ұтымды пайдалана білген абзал.

Құранда «зинаға жоламаңдар» деген аят бар. Зина – некесіз қарым-қатынас жасау. Некесіз жыныстық қатынасқа түсу – үлкен күнә. Осылайша күнәға батып тұрып,«бала таптым» деп мақтанатын, шаттанатын болдық. Тіпті, Астана қаласындағы әкесінің құнын сұрайтын мейрамханаларда ұлан асыр той жасағандарды көрдім. Ол аздай, сонша адамның көзінше, «мен өмірімде біреуді алдап-арбап, кісінің ала жібін аттаған емеспін» деп беті бүлк етпестен ақталатындарды көрдім. Көшеде қызыл көйлек киген қыз көрсе, асарын асап, жасарын жасап алған кейбір ел ағасы жасқа келгендер, қызыл түлкінің құйрығы секілді бұраңдап кететіндерін естіп те, көріп те жүрміз.

Дегенмен, заман өзгермейді, адам өзгереді.Өйткені әлімсақтан бері күн сол шығыстан шығып, батысқа батады. Адам өзінің асыл қасиеттерін ұмытқанданемесе білмеген кезде әртүрлі қателіктерге бой алдырады. Мұндай арсыз әрекеттің орын алуына тек әйел заты кінәлі деуге болмас. Көрінген ұяға жұмыртқалаған көкек еркектер болмаса, «өзі үшін» бала туатындар күлге аунап тумасы анық. Тарихта тапқырлығымен аты шыққан Жиренше шешеннің зайыбы Қарашашқа көзі түскен сол заманның ханы Қарашаштың күйеуіне тапсырма жүктеп, алыс сапарға жіберіп, өзі оңаша қалған Қарашашқа келеді. Ханның келетінінен хабардар Қарашаш тамақ пісіріп, әртүрлі ыдысқа құйып қояды. Арам оймен келген хан дастарқан үстіндегі әртүрлі ыдысқа салынған бір ғана тағамды көріп, өз қателігін түсініп, дереу үйден шығып кетіпті. Осылайша, Қарашаш анамыз ханға нәпсінің көзімен қарасаң, әйелдер әртүрлі болғанымен, оның ішкі болмысы бір дегенді тапқырлығымен ұқтырған.

Жуырда менің бәйбішемнің отырып қалған бес-алты сыныптас құрбылары үйге жиналды. Сонда мен әзілдеп сұрадым:«Қыздар, қырыққа келіпсіздер, құтты болсын! Енді үлкен той қашан болады?» десем, құрбылардың бірі:«Жизнь начинается после сорока» деп тарқылдап күлді. «Жизнь после сорока не начинается, а кончается, – деп мен де орысша кеттім.– Там болит, тут колит деп, тұла бойың сырқырап, сыздай бастайды. Организм шаршайды, күнделікті күйбең тіршіліктің өзі қажытып жібереді. Балаға қарамақ түгіл, «байтал түгіл бас қайғы» кейпін киесіз…» деп едім, бәрі сіресіп қатып қалды.

Отырып қалған қыздарға жігіттер тарапынан екінші әйел болуға ұсыныс жасалса, төбе шаштары тік тұрады. Өйткені әупірімдеп жүріп қолы зорға жеткен күйеуін бәйбішемен бөліскенше, өмір бақи қос тізесін құшақтап өтуді құп санайды. Жалпы, кешегі қазақ бәйбіше, тоқал, нақсүйер, аққолтықтан туып тараса да, бүгінгі әйел біткеннің пікірі – осы.

Әйелге некелі күйеуінің ұрығын пайдаланған жағдайда ғана жасанды ұрықтандыру әдісін қолдануға болады. Демек, кім  екені белгісіз, бейтаныстың ұрығын құрсағына салу да харам. Тақырыптың түйінін толассыз тыйым деп түсінбеңіз, қарындас. Алла рұқсат еткен жолдары да бар. Бойжеткен бағының байлануы басқа біткен бәле емес, Алланың басқа салған сынағы деп білген абзал. Алла Тағала әркімді әртүрлі сынақпен сынайды. Қанша жыл отбасылы болса да, балалы болу бақыты бұйырмағандар қаншама?!. Сондықтан дүниеге бала әкелу бір міндет болса, оны тәрбиелеп өсіру одан да аса жауапты міндет. Күндердің бір күні ойнастан туғанын білген бала психологиясында өзгерістер пайда болады. Кейін оның да ана қателігін қайталамасына кім кепіл? Сіздің таңдауыңыз – сіздің тағдырыңыз. Таңдауыңыз тозақтың түбіне түсіруі де, Алланың мол жақсылығына кенелтуі де бек мүмкін. Сондай-ақ, бұл тек сіздің жеке басыңыздың ісі ғана емес, бұл мұсылман қазақ қоғамына тексіздік теңеуін тағатын қауіпті дерт. Жеңіл жүріс, арзан ой қоғамның індетіне айналды.

Адамдарға жау болғандықтан емес, бұл іс-әрекет қоғамда дау болғандықтан қозғап отырмын. Білем, мұндай іске ешкім ерігіп бармайды. Әркімнің айтар бір уәжі бар. Алайда, біздің кейбір сылтауларымыз адами болмысымызды аяқасты етуге еш себеп бола алмайтындығын естен шығармаңыз, бейтаныс қарындас!…

Жұмамұрат  ШӘМШІ

Сайтымыздың жаңа мақалаларына жазылыңыз

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс
Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=8&id=852146
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


20 шілде. ҚазАқпарат кү 1 sagt
Қазақстанның 4 қаласынд 1 sagt
Атырауда заңсыз қызмет 2 sagt
Аялдамалар алып тастала 3 sagt
Биыл 3200 адам қажылық 4 sagt
Осы араны басып көріңіз 4 sagt
Республика даңғылында қ 4 sagt
Елордалық полицейлер қа 4 sagt
«Қазақтану» пәні енгізі 4 sagt
Ұлттық кеңестен не күте 4 sagt
Астаналық нарық – жақс 5 sagt
Қазақстанның бірқатар о 5 sagt
Алты жастан мектепке ба 5 sagt
Жылу беру маусымына дай 5 sagt
ҚАЛДЫҚТЫ ДА КӘДЕГЕ ЖАРА 5 sagt
Президент кубогы: Финал 5 sagt
Иран АҚШ санкциясынан қ 5 sagt
Ілгерлеу бар, бірақ бая 5 sagt
Мүгедектерге нысандарды 6 sagt
Пәкістанда экс-премьер 6 sagt
Қарағандыда «Бақытты от 6 sagt
Қиын жасөспірімдер «Жас 6 sagt
19.07.2019 - Parasat ma 6 sagt
Қолды болған құндылықта 6 sagt
Қазақстандық дзюдошылар 6 sagt
Көне дәуірден сырт тарт 6 sagt
Тіл ортақ болмай, қоғам 7 sagt
Муфаса мақалдап сөйлейд 7 sagt
Зеленскийдің партиясы ж 7 sagt
Теннис: Александр Бубли 7 sagt