Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Ахметбек Нұрсила: «Шах-Керім ақшаға елін сатып жатыр»-- Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ақжүніс мақалалары

Жолданған уақыты: 20:32 - 2020/02/28

Нақты Көзі: https://www.oinet.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=51&id=17044


Елге белгілі тұлға, "Бизнес Бастудың" директоры Ахметбек Нұрсила "Қалаулым" бағдарламасын ұйымдастырып отырған команданың халыққа қарсы шығып жатқан сатқындар деп бағалады. Тіпті олар ақша үшін жерін, елін сатып жатқан опасыздарға теңеді. Сондай-ақ, "Қалаулым" жобасының қайдан шыққанын айтты. Бұл туралы ол өзінің Nursila Ютуб каналында айтты, деп хабарлайды Oinet.kz. 

70d6c179-da9e-4dfa-ab99-b5a73617bf33.jpg

- "Түріктер ақша жасау үшін, Қазақстанға келіп 5 жыл қазақтарды зерттеген. Қазақтың мінез-құлқын. Бұларды қалай топастандырып, ақша жасауға болады деп зерттеген. Сонда қазақтардың жанжал, өсек-аяңға құмар екенін білген" - дейді  кәсіпкер. 

Сондай-ақ, Қалаулым сөзінің түп-төркініне тоқталған ол бұл сөздің анайы мағына беретіндігін жеткізді. 

- "Қалаулым" деген мынадай сөз: "Я тебя хочу" деген. Қызға жігіт барып "я тебя хочу" деп айтса анайылық қой. Мен сені қалаймын деп айтқызады екен. Қыз жігітке барып "мен сені қалаймын" деп айтады. Бұл халықты топастандыру. Халықтың тамырына балта шабу. Мына кең байтақ жерімізді алып қалу үшін. Ана Аша Матай мен Шах-Кәрім және командалар осы халыққа қарсы сатқындық жасап, ақшаға елін сатып жатыр, - деді белгілі Ахметбек Нұрсила. 

"Қалаулым" жобасының мән маңызы жоқтығын айтқан ол, ел Президентіне бағдарламаны жабу туралы өтініш білдірді. 

- "Қасым Жомарт Кемелұлы біз халықтың топас болғанын қаламаймыз. Халқымыздың салт-дәстүріне қиянат жасауды қаламаймыз. Біз бұл хабардың жабылуын қалаймыз. Бұл халықтың айтып жатқан өтініші. Құрметті Парламентте отырған, халықтың сөзін сөйлейтін депутаттар осы бір түріктердің келіп халықты топастандырып жатқан, халықты лайлап жатқан бір хабарды жабуға заң шығара алмасаңдар онда халықтың қарғысына қаласыңдар. Бүкіл халықтың өтініші осы" - дейді ашынып белгілі кәсіпкер. 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=8&id=1123723
Пікірлер

Көрші сілтемелер