Ақсу қаласының жедел уәкілдері күдікті 1995 жылы туылған қала тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме берген Oinet.kz. Жас жігіт өрт қою, жарылыс жасау жолымен немесе өзге де жалпы қауіпті жолмен жасалған бөтен мүлікті қасақана бүлдірді деп күдіктелуде.
27 ақпан күні түнде полицияға "Еуразиялық Банк" АҚ күзет қызметкерінен Ақсу қаласында орналасқан Банк филиалында банкомат жарылған болатын. Алайда банкомат бос шыққан. Оқиға орнына дереу жедел-тергеу тобы жіберілді. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 202-бабы 1-тармағы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге де ақпарат қолданылмайды.