Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


«Талдықорған - Үшарал» жолы биыл аяқталады | “Адырна” ұлттық порталы



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Адырна торабы

Жолданған уақыты: 23:30 - 2021/04/08

Нақты Көзі: https://adyrna.kz/post/65521


«Талдықорған - Үшарал» жолы биыл аяқталады
43

Алматы облысында індетке қарамастан, тек өткен жылдың өзінде «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 18,8 млрд. теңгеге 487,7 шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы іске асырылғаннан бастап 3,2 млрд. теңгеге 97,2 шақырым жол жөнделген. Облыстық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының айтуынша, бұл өңірдегі 240 елді мекеннің ауылішілік жолдарының сапасын жақсартуға мүмкіндік туғызды. Жыл соңына қарай сапасы жақсы және қанағаттанарлық жолдардың үлесі 89 % жетеді. Ал 2025 жылға қарай бұл көрсеткіш 95 % болады, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

«Нұрлы Жол» бағдарламасы да облыстың жол-көлік инфрақұрылымын дамытуға зор серпін берді. Облыстық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысы Ғалымжан Дәрібаевтың айтуынша, «Нұрлы жол» бағдарламасының шеңберінде жергілікті маңызы бар 1800 шақырым автожол қайта жаңартылып, жөнделді.

Аумақты дамыту бағдарламасына сәйкес алдағы 5 жылға автомобиль жолдары желісін дамытудың облыстық жоспары әзірленді. Соған сәйкес 2025 жылға дейін 1700 шақырымға жуық жол жөндеудің барлық түрімен қамтылатын болады, оған 150 млрд. теңге бағытталады. Соның ішінде Үлкен Алматы айналма автокөлік жолына шығатын алты жол салынады, Сайын көшесі осы жылы басталады. Мұның бәрі 2025 жылға қарай жолдардың сапасын 95 процентке жеткізуге мүмкіндік береді.

Алматы қаласына көліктің кіріп-шығуын одан әрі жеңілдету мақсатында жоғарғы Қаскелең тас жолы мен Талғар трактін бірінші санатқа жеткізіп, қайта жаңарту көзделген. Сол сияқты ұзындығы 170 шақырым Сарыөзек-Көктал жолын қайта жаңарту жүргізіледі. 2023 жылға қарай «Қапшағай-Күрті» және «Күрті-Бурылбайтал» жолдарының 233 шақырымын қайта жаңарту аяқталады.

Алматы облысының туристік тартымдылығын арттыра түсуде туристік нысандарға апаратын жолдарды жөндеудің маңызы зор және бұл іс басты назарда. Мәселен, «Алматы - Өскемен» автожолының «Талдықорған – Үшарал» бөлігі, «Үшарал-Достық» автожолының реконструкциясы биылғы жылы аяқталады. Бұл Алакөл көліне барушылар қатарын арттыруға ықпал етпек. Балқаш көлінің жағалауына баратын ұзындығы 140 шақырым жол қайта жаңартылып жатыр. Көлсай көліне жеткізетін жол құрылысы аяқталған. Ал Қайыңды көліне жеткізетін 12 км жолды жөндеу жұмыстары биылғы жылы басталады. «Алтынемел» Ұлттық паркіне дейінгі жолды қайта жаңартуға жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.

«Ақ бұлақ» демалыс аймағына бару үшін Талғар қаласын айналып өтетін жол мен көпір салынды, Талғар тракты – «Лесная сказка», Шарын шатқалына кіретін жол жасалды.

Жаңа жол құрылыстарымен қатар жол бойындағы сервис жағдайының да сапасын жақсарту ұмыт қалдырылған жоқ. Қазіргі уақытта осындай 344 нысан бар, оның 60 проценті Ұлттық стандарт талаптарына сәйкес.

Мысалы, өткен жылы «Алматы – Өскемен» автожолының 20-шақырымында, Іле ауданының аумағында көлемі 2 гектардай жерде салынған «D» санатындағы «Compass» автожанармай құю станциясына қарасты пункттердің бірі іске қосылды. Бұл жаңа форматтағы, заманауи талаптарға жауап беретін трассалық кешен аса ірі нысанның бірі және мұнда жолаушыларға қажетті жағдайлар қарастырылған. Әзірге бұл нысанның Қазақстанда теңдесі жоқ.  Кешен аумағында 14 автокөлік пен 2 электромобильге арналған жанар-жағармай стансасы, жүк көліктеріне арналған тұрақ қарастырылған. Көлемі шамамен 1000 шаршы метрлік ғимаратта жолаушылардың толыққанды тамақтануына лайықталған асхана, дәнді кофе мен тіске басар тағам сататын экспресс-кафе де бар. Кешен көп орынды санитарлық желілермен жабдықталған, соның ішінде душ бөлмелері де бар, мүгедек жандарға да қолайлы жағдайлар қарастырылған. Кешеннің бір ерекшелігі – оның аумағында автокөлікке жанармай құюдан бастап, ыстық тамақ ішіп, жолға қажетті азық-түлік және басқа да заттарды сатып алуға дейінгі қызметтің толық спекторы ұсынылады. Жол бойында сапалы сервис қалыптастыру жұмыстары жалғасады.

Атап өтсек, Алматы облысындағы автокөлік жолдарының ұзындығы – 9 634 км, соның 6 811 шақырымы – жергілікті маңыздағы жол, 2823 км – республикалық жол. «Талдықорған - Өскемен» (313,5 км), «Күрті - Бурылбайтал» (166 км), «Ұзынағаш - Отар» (80 км), «Қапшағай - Күрті» (67 км), «Үшарал - Достық» (180 км), «Алматы - Бішкек» («Алтын орда» базаны) сияқты автокөлік жолдарының құрылысы кіретін ірі инвестициялық жобалар облыстағы жол инфрақұрылымын дамытуға зор ықпал етіп отыр.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі 

Пікірлер
Редакция таңдауы

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=61&id=1385958
Пікірлер

Көрші сілтемелер