Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Егер мемлекет әділ бәсекелестікке жағдай жасамаса, онда хаос пайда болады - Талғат Нәрікбаев | “Адыр



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Адырна торабы

Жолданған уақыты: 00:30 - 2021/02/24

Нақты Көзі: https://adyrna.kz/post/60752


Егер мемлекет әділ бәсекелестікке жағдай жасамаса, онда хаос пайда болады - Талғат Нәрікбаев
117

Егер мемлекет әділ бәсекелестікке жағдай жасамаса, онда хаос пайда болады. Бұл туралы KАЗГЮУ Университетінің Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев қазақстандық жоғары оқу орындары ректорларының кездесуінде мәлімдеді.

«Сапа мен академиялық адалдық үшін күресті бастаған кез келген жоғары оқу орны адал бәсекелестік қана тиімді болатынын түсінеді. Адал бәсекелестік – ол базалық ережелерді сақтау және сапа стандарттары мен этикалық нормаларды бұзбау дегенді білдіреді. Егер мемлекет әділ бәсекелестікке жағдай жасамаса, онда хаос пайда болады», - деді Т. Нәрікбаев.

Оның айтуынша, жоғары білімде кіріс тек жоғары білімнің өзіне жұмсалуы тиіс.

«Елімізде жоғары оқу орындарын табыс табу мақсатында ашқан кезең болды. Бүгінде сол жоғары оқу орындары қоғамда жоғары білім саласы туралы теріс пікірді қалыптастырып жатыр. Сондықтан бұл жағдайды шұғыл түрде түзету керек, жоғары білімде кіріс тек жоғары білімнің өзіне жұмсалуы тиіс. Яғни оқу орнында қолайлы жағдай жасау, озық цифрлық шешімдерді енгізу, еңбекақыны көтеру және басқа да негізгі мәселелерге бағытталғаны дұрыс», - деді.

Атап өтейік, шара ҚР Білім және ғылым министрлігінің Фейсбуктегі ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілді.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=61&id=1359901
Пікірлер

Көрші сілтемелер