Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Орынбордағы Ахмет Байтұрсынұлы тұрған үй сатылғалы жатыр | “Адырна” ұлттық порталы



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Адырна торабы

Жолданған уақыты: 23:30 - 2021/01/25

Нақты Көзі: https://adyrna.kz/post/58637


Орынбордағы Ахмет Байтұрсынұлы тұрған үй сатылғалы жатыр
71
БӘРІҢЕ; БӘРІҢЕ; БӘРІҢЕ! БҮКІЛ ҚАЗАҚ БАЛАСЫНА!
Орынбордағы Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫ үйі сатылғалы жатыр.
Бұл үйді , қорғап қалу керек. Тарихымыздың басы, АЛАШТЫҢ АЛТЫ БАЛАСЫ жиналған үйді , ҚАЗАҚСТАН сатып алып МУЗЕЙГЕ айналдыруы керек.КӨМЕК КҮТЕМІЗ!
БАРЛЫҚ ҮН ҚОСҚАН БАУЫРЛАРҒА РАҚМЕТ!
Бұл үй екі бөлімнен тұрады. Бірі екі қабатты үй. Бірі шағын шаруашылық үйі, флигель.
Үй бұрын тарихи ескерткіш ретінде мемлекет қарамағында болған. Үйдің сыртында ескерткіш тақтада тұр. Орынбордағы қазақ қоғамдарының бұл үйді музей ретінде жабдықтауына немесе қазақ қоғамдары үшін ортақ орталық жасауға сұрағандарына, рұқсат берілмеген.
Мен өзім, бұл жерде 2017 жылы болдым, үй жабық болды. Біз ішін көре алмадық.
Соңғы жылдары белгісіз жағдайлармен жекешеленіп кеткен.
Қазіргі мәлімет бойынша, екі қабатты үй қонақ үйі ретінде пайдаланылады, ал флигельде қожайыны тұрады.
Бүгінгі күні, қазақ халқының шет елдегі тарихи мұраларын қорғау, шет елдегі қандастарымыздың тілін және әдет-ғұрпын сақтау туралы баспасөз бетінде осы мәселелерді көтеру барысында, ДҚҚ (Дүние жүзі қазақтар қауымдастығы) қандай жұмыстар жасайды деген сұрақ төңірегінде әңгіме қозғай отырып, Орынбордағы Байтұрсынұлы үйінің сатылуы жайлы хабарландыруды оқып отырмыз.
Бұл хабарландыруда тап қазір флигельдің саудаға түскенін білдік. Олай болса , Орынбордағы тарихи үйімізге осылай бөлшектелініп сатылып кету қаупі тұр.
Бұл үйді , баяғыдан, мұражай ету, ДҚҚ -ның мндеті емес пе?Саналы қазақ қауымын қазақ халқының сырттағы ескерткіштерін қорғауға шақырамын.
Тез арада бұл істі қолға алмасақ , кеш болады.Хабарландыру ілулі тұр.ДАБЫЛ ҚАҒАМЫЗ; АҒАЙЫН! ДАБЫЛ ҚАҒАМЫЗ!
Сонымен қатар, менің өздеріңізге таныс "АЙТАРЫМ БАР", "АЙТАРЫМ БАР-2" мақалаларымда Мәскеу қаласындағы ДОНСКОЙ қабірінде жатқан қазақтың аяулы ұлдарының ескерткіш тақталарының әлі күнге жерде жатуы жайлы айтылған. Жәнеде Германия мемлекетіндегі Берлин қаласындағы МҰСТАФА ШОҚАЙ мүрдесінің тастары сынып, топырағы көрініп жатқандығыда жазылған.Жалпы, шет елдегі барлық қазақ халқының асылдарына арналған ескерткіштерді қорауға алып, заңдастыру керек!
Жарқын Өтешова, 
Facebook парақшасынан алынды
Пікірлер
Редакция таңдауы

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=61&id=1341708
Пікірлер

Көрші сілтемелер