Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Ақмолалық шаңғышы жол апатынан қаза болды | “Адырна” ұлттық порталы



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Адырна торабы

Жолданған уақыты: 14:30 - 2021/01/24

Нақты Көзі: https://adyrna.kz/post/58525


Ақмолалық шаңғышы жол апатынан қаза болды
28

Бүгін түнде төрт дүркін олимпиада ойындарына қатысқан, 2013 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Николай Чеботько 38 жасына қараған шағында  қайғылы қазаға ұшырады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталының тілшісі.

Жол апаты бүгін түнде Бурабай ауданының Бурабай кентіне жақын маңда болған.

«Николай Чеботько шаңғы спортының барлық түрлеріне қатысатын әмбебап спортшы болатын. Ол кез-келген қашықтыққа жарысқа түсе алатын өте мықты шаңғышы еді. Бар өмірін шаңғы спортына арнады, - дейді Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әсет Бүкібаев.

Спортшы 2013 жылы Валь-Ди-Фьемме қаласында өткен әлем чемпионатында жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтеріліп, қола жүлдемен қанжығасын майлаған. Бүгінге дейін Қазақстан қоржынына Азия қысқы спорт ойындарының үш алтын, төрт күміс және екі қола медальдарын салған. Чеботько әлем кубогында 2001 жылы алғаш рет қатысқан. 2012 жылы әлем кубогының үшінші кезеңінде серігі Денис Волоткамен бірге тарихи алтын медальды олжалаған. Бірнеше мәрте әлем чемпионаттарында топ жарған спортшы республикалық деңгейде бүгінгі қайғылы қазаға дейін өнер көрсеткен.

Өз ісінің нағыз кәсіби шебері, нағыз танымал спортшы болған жігіт шаңғы спортына қысқа ғұмырында жастарды қысқы спорт түрлеріне дайындауға және тәрбиелеуге арнады, - деп толықтырды Әсет Бүкібаев.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ,

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=61&id=1340973
Пікірлер

Көрші сілтемелер