Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Н.Нығматулин: Басты мақсатымыз — халыққа қажетті, пайдалы заңдарды қабылдау | “Адырна” ұлттық пор



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Адырна торабы

Жолданған уақыты: 18:30 - 2021/01/20

Нақты Көзі: https://adyrna.kz/post/58253


Н.Нығматулин: Басты мақсатымыз — халыққа қажетті, пайдалы заңдарды қабылдау
778

Бүгін Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин жақын арада қабылданатын заңдар қай салаларға негізделетінін айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Жетінші шақырылым Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл, ал Парламент құрылғанына 25 жыл толатын ерекше кезеңде өз жұмысын бастап отыр. Осыған байланысты Мемлекет басшысы сессияның ашылуында бүгінгі жеткен жетістіктерімізді сақтап, одан әрі дамыту жолындағы жаңа мақсаттар туралы айтты. Оның ішінде әлеуметтік-экономикалық, құқықтық-саяси бағыттарға баса назар аударатын боламыз», - деді ол Мәжілісінің жалпы отырысында.

Осы орайда Н. Нығматулин аталған бағыттар бойынша тиісті заңдармен Парламент қамтамасыз ететінін атап өтті.

«Сол үшін Мемлекет басшысы сессияның ашылуында депутаттардан сапалы заңдарды талап ететінін ерекше атап өтті. Ол заңдар ең алдымен халықтың өмір сапасын, білім, денсаулық сақтау салаларын жақсартуға, әлеуметтік қамтамасыз етуге, шағын және орта бизнесті қолдауға ықпал етуге тиіс. Сондықтан біздің басты мақсатымыз – жоспарға сәйкес өз уақытында халыққа қажетті, пайдалы заңдарды қабылдау», - деді ол.

Еске сала кетейік, 15 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясында бірқатар міндет жүктеген болатын.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=61&id=1338970
Пікірлер

Көрші сілтемелер