Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Құран оқитын орын ашылды | “Адырна” ұлттық порталы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Адырна торабы

Жолданған уақыты: 22:00 - 2021/01/14

Нақты Көзі: https://adyrna.kz/post/57936


Құран оқитын орын ашылды

Тәу етушілерден сыз өтпесін деп
Алматы облысы, Іле ауданы, Покровка ауылындағы Әлмерек баба кесенесіне тәу етіп келушілерге арнап құран оқитын орын бой көтерді.
Әлмерек Жаншықұлының баласы Жәнібектің ұрпақтары қаражат жинап, құран оқитын нысанды салды. Құрылыс нысанын салуға 5 миллион теңге көлемінде қаражат жұмсалды. Қажетті қаражатты жинауда атымтай-жомарт азаматтар Алмасбек Нөкербанұлы мен Данияр Ысқақұлы әрқайсы 500 мың теңгеден ақшаларын қосып, орасан көмек жасады.
Ынтымақ пен бірліктің арқасында Әлмерекұлы Жәнібек батырдың ұрпақтары осынау қаражатты жинап, межелі мерзімде құран оқитын орын бой көтерді.
"Біздің жоспарымыз бойынша құрылыс былтырғы жылдың наурыз айында басталып, мамырда аяқталуы тиіс еді. Оған көлденең киліккен пандемияның пәрмені қолбайлау болды. Бұрындары әсіресе күздің қара суығы қарлы қысқа ұласқан мезгілде Әлмерек бабамыздың басына келіп құран оқушылардың табанынан сыз өтіп, дірдек қағып жаурайтын еді. Енді міне Ержан Кәкенов, Жанат Қасымов басқаратын "ТОО Профи ПГС" құрылыс компаниясының жігіттері жып-жылы орынды дер уақытында салып берді. Жылдың төрт мезгілінде де бабамыздың басына тәу етіп келушілердің қатары сиреген емес. Сондықтан да осындай құран оқитын орын қажет болғандықтан шаруаны қолға алдық" дейді "Әлмерек баба" мәдени-тарихи қоғамдық қорының директоры Ысқақ Молдәлімұлы.
Әлмерек бабаның кесенесі маңында келешекте бұдан өзге осындай көптің игілігіне арналған нысандар бой көтермек. Абыз бабадан тараған ұрпақтары келешекте кешеннің айналасын абаттандырып, келушілердің қажеттілігін өтейтін тағы бірнеше нысанды салады.
Ілгеріде көкшетаулық кәсіпкер "Newton edu" компаниясының директоры Мақсат Жаманкарин Әлмерек абыз кесенесінің айналасына жарық желісін тартып, шамдарын орнатып самаладай жарқыратып, көптің алғысын алған еді. Батыр, әулие, абыз атанған бабаның кесенесі маңындағы бұлақтан су алушылар үшін де жарық желісінің тартылуына көпшілік алғысын жаудырды.

Қ.Рахмет

 

Пікірлер
Редакция таңдауы

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=61&id=1335735
Пікірлер

Көрші сілтемелер