Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Көкшетауда қар күреу акциясы бастау алды | “Адырна” ұлттық порталы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Адырна торабы

Жолданған уақыты: 21:00 - 2021/01/14

Нақты Көзі: https://adyrna.kz/post/57927


Көкшетауда қар күреу акциясы бастау алды

Соңғы күндері Солтүстікте ауа райы күрт құбылып табиғат тосын мінез көрсеткен. Бір-ақ күнде алай-дүлей болған боранмен бір айлық қардың мөлшері бір-ақ түскен. Қар басқан көшелерден адам аттап баса алмайтын күртік қарды коммуналдық қызмет дер уақытында тазартып үлгере алмай жатқаны туралы әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында дае түрлі хабарлар тараған. Осыған орай қала тұрғындары мен бірге мемлекеттік қызметкерлер қар күреу акциясына кірісіп кетті, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталының тілшісі.

Қазіргі уақытта қаланың коммуналдық қызмет өкілдері қар тазалаудың қауырт тірлігіне кіріскен. Тәулік бойына тыным таппай жаяу жүргіншілер жолдары мен көшелерді қалың қардан тазартып жатыр.

«Қар мейлінше көп түсті. Қала көшелерін тазартып үлгермей жатырмыз. Қазіргі уақытта барлық техника мен жұмысшы күштер толықтай жұмылдырылып қар күреуде", - дейді «Көкшетау Тазалық» ЖШС-і коммуналдық кәсіпорнының басшысы Олег Топорков.

Қарды тазарту үшін мемлекеттік мекемелер мен қала тұрғындары да түрлі акциялар ұйымдастырып, қар күреуге кіріскен.

Ал “Jas Otan” белсенділері «Қарлы десант» акциясын ұйымдастырып қарт адамдардың үйлерінің алдын қарды тазартуға белу буыпты.

Аталған акцияны біз жыл сайын ұйымдастырып келеміз. Қарт адамдар бізден көп үміт күтеді. Көмекке мұқтаж адамдарға қолдан келгенше қолұшын созып жатырмыз, - дейді “Jas Otan” жастар қанатының мүшесі, «Жас саясаткер» клубының жетекшісі Сұлтанбек Бекешев.

Жас отандықтар мен жергілікті блогерлердің бастауымен «Кел, шай ішейік», «Қарды тазалауға көмектес» атты акциялар да қолға алыныпты. Жастар қар тазалап жүрген коммуналдық сала қызметкерлеріне ыстық шай мен бауырсақтар ұсынған.


Аталған акцияны мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар да іліп алып қар күреуге белсене кіріскен. Шараға алғашқылардың бірі болып шыққан «Көкшетау» мәдениет сарайының ұжымы басшысымен тілдесудің сәті түсті.

«Мұның бәрі біздің қаламыздың біртұтас екенін және қиын сәттерде қала тұрғынының бірігетіндігін тағы бір рет көрсетеді. Өткен жылы біз адамдардың бір-біріне көмектесуге қалай асығып жатқанына бірнеше рет куә болдық. Қаланың шынайы патриоттары бұл жолы да шетте қалмайды! Бірге болсақ, алынбайтын кедергі жоқ» - дейді «Көкшетау» мәдениет сарайы директорының міндетін атқарушы Әлия Құрманова.

Қазіргі уақытта қаладағы басқа да мемлекеттік мекемелер мен ұжымдар қар күреу акциясын жалғастыруда.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ,
Ақмола облысы

Пікірлер
Редакция таңдауы

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=61&id=1335719
Пікірлер

Көрші сілтемелер