Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Халықтың қалтасына енді судьялар түспек пе? | “Адырна” ұлттық порталы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Адырна торабы

Жолданған уақыты: 19:00 - 2020/10/29

Нақты Көзі: https://adyrna.kz/post/51402


Халықтың қалтасына енді судьялар түспек пе?
191

Қазақстандық белгілі заңгер Джохар Өтебаев судьялардың ажырасу үшін төленетін баж салығын көбейту туралы ұсынысына өз қарсылығын білдірді. Ол бұл туралы Facebook желісіндегі ресми парақшасында жазды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«Судьялар өздерінің жағдайын жақсарту үшін салықты көтеруді кімнен бастауды ұсынды? Банктер мен олигархтардан ба? Әрине, жоқ! Бізден, соның ішінде қарапайым ажырасқысы келген адамдардан.

Алматы қалалық сотының судьясы Кәрібжанов судьялардың VIII съезіне айғақтармен кіріп, басқа елдерде ажырасу үшін төленетін баж салығының Қазақстанға қарағанда жоғары екенін жеткізді. Ол Тоқаевқа мысал ретінде екі демократиялық державадағы жағдайды көрсетті. Яғни, салық Өзбекстанда 25 есе, Молдовада 120 есе көп екен.

Әрине, бұл өтірік! Молдовада баж салығы 40 лейді құрайды, яғни 1000 теңге.

Мен бұл мәліметтің жалған екенін сезіп, бірден ғаламтор беттерін ақтардым. Ал судьялардың бүкіл съезі мәлімдеме барысында ешқандай бұрмалаушылықты анықтаған жоқ! Құрметті судьялар, сіздердің эрудицияларыңыз бен академиялық мәдениеттеріңіз қайда?

Біздің молдовандықтардан үйренеріміз көп. Олар өзара келісім болған жағдайда ғана АХАЖ бөлімінде, сондай-ақ нотариус арқылы ажырасады. Ал Қазақстанда ортақ балалары бар ерлі-зайыптылар ажырасу үшін міндетті түрде сотқа жүгінулері тиіс.

Молдованың осы заңын негізге ала отырып, адамдардың өмірін жеңілдетуге болар еді ғой? Бірақ жоқ, сіздерге халықтың қалтасын қағып қалу әлдеқайда қызығырақ»,-деді заңгер.

«Адырна» ұлттық порталы

 

Пікірлер
Редакция таңдауы

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=61&id=1291465
Пікірлер

Көрші сілтемелер