Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Ұлыбритания бензинмен жүретін көліктерге тыйым салмақ | “Адырна” ұлттық порталы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Адырна торабы

Жолданған уақыты: 09:00 - 2020/09/22

Нақты Көзі: https://adyrna.kz/post/47590


Ұлыбритания бензинмен жүретін көліктерге тыйым салмақ
60

Британдық үкімет бензинмен жүретін көліктерді сатуға бұрын жоспарланған 2040 жылы емес, он жыл бұрын, яғни 2030 жылдан бастап тыйым салуды көздеп отыр. Бұл туралы The Guardian газетіне сілтеме жасап, ҚазАқпарат хабарлайды.

Бұл шара Біріккен Корольдік жолдарында электромобильдердің таралуын жылдамдатады. Жаңа «жол картасы» қыркүйектің соңына қарай жарияланады деп күтілген еді.

Басылым дереккөздерінің айтуынша, енді бұл үкіметтің соңғы кездері коронавирус індетіне шалдыққандар санының күрт көбеюіне байланысты 2020 жылдың соңына қарай қолға алынады.

Айта кетсек, Норвегия 2025 жылы жанармаймен жүретін жаңа автомобильдерді түгелдей сатуға тыйым салатын алғашқы ел болғалы отыр.

Ал Германия, Ирландия және Нидерланды тыйым салуды 2030 жылы енгізбек. Францияда экологиялық таза көліктер 2040 жылдан бастап баламасыз болмақ.

 

Пікірлер
Редакция таңдауы

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=61&id=1264978
Пікірлер

Көрші сілтемелер