Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Полицейдің әкесі: Мен оны білмедім... (видео) | “Адырна” ұлттық порталы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Адырна торабы

Жолданған уақыты: 16:00 - 2020/05/29

Нақты Көзі: https://adyrna.kz/post/38279


Полицейдің әкесі: Мен оны білмедім... (видео)
284

Алматы блок-бекетіндегі екі полицейдің өліміне себепші болған  Азат Азаматовтың әкесі Талған Мұқашев қазақстандықтардан кешірім сұрады. Айтуынша, ұлының жұмыстан шығып кеткенін білмеген.

"Құрметті Қазақ елі! Кеше мен ұлым Азат туралы сұхбат беріп едім. Мен оны білмедім. Біріншіден, ұлымның әріптестеріне тағы да басымды иіп, көңілімді айтамын. Менің де қабырғама батып тұр. Өмірде жас баланың кетіп қалғаны –  арттағы ана-ананы шыдатпаған. Әр қазақтың қабырғасына қайыстай бататынын мен де жақсы түсінем. Бәріңізден кешірім сұраймын. Бірақ менің балам коронавирусқа қарсы демалыссыз жұмыс жасап, оған шыдамай, жұмысынан өз еркімен кетіп қалғанын мен білмедім. Мен оны білсем, кеше осындай сөз айтпас едім. Бірақ, өмір талқы – осындай боп тұр. Жұмыстан шыққанын енді білдім, шыдамай кетіп қалғанын. Менен қорықты ма, білмеймін. Баламды қатал өсіріп едім. Адамгершілік ұғымнан асқым келмейді мен де. Адам баласы ет пен сүйектен жаратылған. Ешкімнің баласына қиянат жасағым келмейді. Әр адамның баласында бар шығар мұндай қателесу. Балам да қателескен шығар. Мүмкін мен де дұрыс тәрбие бермеген шығармын. Бірақ мен ойлаймын, ол жаман бала емес. Өмір болған соң бәрі болып жатқан шығар. Кеше мен шынында да бердім. Халқым, мен сіздерден кешірім сұраймын. Сөге көрмеңіздерші, сіздер де ата-анасыздар ғой..." - деді ол

Естеріңізге сала кетсек, Т.Мұқашев "31 арнаға" берген сұхбатында ұлының полиция қызметінен шығарылмағанын айтқан.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=61&id=1189602
Пікірлер

Көрші сілтемелер