Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Көне қыпшақ әнұраны шырқалды | “Адырна” ұлттық порталы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Адырна торабы

Жолданған уақыты: 00:00 - 2020/05/24

Нақты Көзі: https://adyrna.kz/post/38039


Көне қыпшақ әнұраны шырқалды
48

 

2014 жылы Қазақстан Республикасы Парламентінің шешімімен 18 мамыр «Түркі жазуы күні» болып белгіленді. Бұл датаның таңдалу себебі, дәл осы күні ежелгі түркі сөздері жазылған Күлтегіннің көк тасының көшірмесі Моңғолиядан елімізге әкелінген еді. Қазақстанның «Түркі жазуы күнін» белгілеу туралы ұсыныс білдірушілердің қатарында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғалымдары да болды.
«Кодекс Куманикус» – (көне қыпшақ тілінің сөздігі) XIV ғасырдың басындағы құман (көне қыпшақ) тілінің жазбаша ескерткіші. Оны қайта өрлеу дәуірінің көрнекті италияндық ақыны Франческо Петрарка Венециядағы кітапханаға 1362 жылы тапсырған. Бұл ғажайып еңбектегі қыпшақ тіліндегі әнұранның нотасын алғаш оқыған Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, қыпшақтанушы, филология ғылымдарының докторы – Александр Гаркавец. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Кодекс Куманикус» кітабының қайта қалпына келтіру жұмыстары жүзеге асырылған болатын. Ғалым оқыған «Кодекс Куманикус» еңбегіндегі қыпшақ әнұранының нотасы қазіргі нотамен өңделіп, ең алғаш рет Қазақстанда 2018 жылдың 2 шілдесінде «Астана Опера» театрында мыңнан астам музыканттар мен ерлер хорының орындауында шырқалды.

Қуаныш Жұмабек

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғылыми қызметкері

Пікірлер
Редакция таңдауы

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=61&id=1185252
Пікірлер

Көрші сілтемелер