Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


24 нокауты бар Садриддин Ахмедов мексикалықпен жекпе-жекке шығады | “Адырна” ұлттық порталы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Адырна торабы

Жолданған уақыты: 10:00 - 2020/02/17


24 нокауты бар Садриддин Ахмедов мексикалықпен жекпе-жекке шығады
15

Бірінші орта салмақта WBC "жастар" чемпионы және WBC Asia титулына ие қазақстандық Садриддин Ахмедовтың (11-0, 10 КО) келесі қарысыласы белгілі болды. Бұл жайында Vesti.kz хабарлайды.

22 жастағы қазақстандық 12 наурыз Монреальдағы бокс кешіне қатысады. Оның қарсыласы 32 жастағы мексикалық Марио Альберто Лозано (33-10, 24 КО).

Лозано кәсіпқой карьерасында қазақстадық Геннадий Головкиннің бұрынғы қарсыласы Ванес Мартиросян, Лиам Смит (Ұлыбритания) мен Патрик Тейшейра (Бразилия) сияқты әлем чемпионадры және орта салмақта WBC титулына ие Джермелл Чарломен жұдырықтасқан.

Айта кетейік, Ахмедов кейінгі рет 2019 жылы Канадада жұдырықтасып, аргентиналық Хосе Антонио Вильялобосты (12-6-2, 7 КО) жетінші раундта нокаутқа түсірген.

Пікірлер

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=61&id=1114989
Пікірлер

Көрші сілтемелер