Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Атыраудағы модульді ауруханаға коронавирус жұқтырған науқасқа толды



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 04:10 - 2021/04/09

Нақты Көзі: http://ult.kz/post/atyraudagy-moduldi-aurukhanaga-koronavirus-zhuktyrgan-naukaska-toldy


Атырауда 200 пациентке арналған модульді инфекциялық аурухана вирус жұқтырған науқасқа толды. Бүгін №2 облыстық аурухананың инфекциялық стационары коронавирусқа шалдыққан науқастарды қабылдауды қайта жалғастырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«8 сәуірде таңертең 200 орынға есептелген модульді инфекциялық ауруханада 190 науқас жатты. Түске қарай толығымен пациентке толы болды. Бүгінгі күнде онда 17 адам реанимация бөлімшесінде жатыр, олардың алтауы ӨЖЖ (ИВЛ) аппаратына қосылған. Олардың жағдайы өте ауыр. Қалған науқастардың жағдайы орташа ауыр»,- деп хабарлады облыстың денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

№2 облыстық аурухананың бас дәрігері Мағжан Сейітжановтың айтуынша, инфекциялық стационарға 11 пациент жатқызылған. Аурухана 180 орынға есептелген, оның 120-сы коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастарға дайындалған. 

«Қалған 60 орын түрлі жұқпалы аурулар жұқтырған науқастарға арналған. Жақын арада аурухана толығымен коронавирусқа шалдыққандарға инфекциялық стационар режимінде жұмыс істеуі үшін біз осы пациенттерді басқа медицицналық мекемелерге ауыстыруды жоспарлап отырмыз», - деді Мағжан Сейітжанов.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1386012
Пікірлер

Көрші сілтемелер