Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Батыс Қазақстанда инфекциялық стационарда жатқан адам саны 500-ге жуықтады



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 02:40 - 2021/04/09

Нақты Көзі: http://ult.kz/post/batys-kazakstanda-infektsiyalyk-statsionarda-zhatkandar-sany-500-ge-zhuyktady12


Батыс Қазақстан облысында 710 төсектік 9 инфекциялық стационарда 483 адам жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткеніндей, жұқпалы аурулар ауруханалары 68 пайызға толған.

Соның ішінде 28 адам жансақтау бөлімшесінде ем алуда. 

Облыста бір аптада коронавирус жұқтырғандар саны 754-ке жетті.

Пневмонияға шалдыққандардың 411-і стационарда, 52-сі амбулаторлық ем алуда.

Инвазивті тыныс алу аппаратына 2, инвазивті емес осындай құрылғыға 10, оттегі концентраторына 39, орталықтандырылған оттегі көзіне 129 адам қосылған.

Жыл басынан бері 487 бала коронавирус жұқтырды. 

Ірі кәсіпорындардан Чинарев мұнайгазконденсаты кенішіндегі «Жайықмұнай» ЖШС-да биыл 37 адамнан індет табылды. 

Сондай-ақ Қарашығанақ кенішін игеріп жатқан «ҚПО б.в.» компаниясында жыл басынан бері коронавирус жұқтырған 77 адам тіркелді.

Облыс бойынша осы кезге дейін 9249 адам вакцинаның бірінші, 2690-сы екінші компонентімен егіліп үлгерді. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда соңғы төрт күнде 235 адамның коронавирус жұқтырғанын жазған болатынбыз.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1385999
Пікірлер

Көрші сілтемелер